Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын-алу

Соңғы жылдары Қазақстанда ел ішінде әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жағдайдың орын алуына байланысты қылмыстылық, әсіресе күштеу кылмыстылығы құлаш жайды. Кеңес дәуірінде кылмыстылықпен күресу мәселесі қолданыстан шығып, оның орнына қылмыстылықты белгілі шекте ұстап тұру тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстанда әлі күнге дейін қылмыстылықпен күресуге арналған бірде-бір заң қабылданбаған. Онымен 2002 жылы 20 қыркүйекте №-949 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасы күресуді жанама реттейді.

Қылмыстылықпен күресу қылмысты кесуден, алдын-алудан тұрады. Қылмысты кесу бұл қылмыстық — процессуалдық іс әрекет, ал алдын-алу -криминологиялық түсінік.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің алдын-алу мемлекеттік деңгейде жалпы алдын-алу және арнайы кримонологиялық алдын-алу шараларынан тұрады.

Мемлекеттік деңгейде әрине, денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстарының алдын-алу үшін халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру керек, жұмыссыздар санын азайтуға бағытталған жаңа жұмыс орындарын ашу керек, жәрдемақы мен жалақыны көтеру керек, өйткені көптеген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірулерді жұмыссыздар мен тұрақты табыс көздері жоқтар, кедейшіліктегі адамдар жасайды.

Денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтірудің латентілігін жою мақсатында құкықтық көмек көрсету орталықтарын ашу, жарақат пункттеріндегі дәрігерлерді денсаулығына ауыр зиян келген адамдарды құқық қорғау органдарына хабарлауды міндеттеу керек. Бүның себебі, көптеген жәбірленушілер өздерінің күқықтарын білмеуі және ондай фактілердің хабарланбауы қылмыстардың кұқық корғау органдарында тіркелмеуге әкеліп отыр. Бұның өзі кылмыстық құқықтың қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпайтындығы қағидасының жүзеге асырылмай қалуына әкеледі.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді психикалық жағынан зардап алған немесе психикалык жүйелі түрде әсер ету алған тұлғалардың жасауы да азшылықты құрамайды. Сондықтан, коғамдағы бүндай тұлғалардың науқасын ерте анықтау үшін мемлекеттік деңгейде психологиялық-психиатриялық көмек көрсету орталықтарын ашқан жөн. Бұл болжамды кылмыскерлердің психикалық дамуындағы ауытқыларды ерте анықтауға және оның алдын-алуға мүмкіндік береді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірулер кәмелетке толмағандардың жасауы жылдан жылға көбеюде. Олардың көбі жылпы орта білім беретін оқу орындарында оқымайтындар. Мектеп оқушыларына бос уакыт қалдырмау үшін метепте оларға арнайы қоғамдық еңбек
жұмыстарын жасау, демалу шараларын ұйымдастыру керек. Мектептен тыс бос уақытта спорт-сауықтыру шараларына тартуға әсер ететін әдіснамалар ойлап шығарған жөн.

Бұнда жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі де соңғы орында емес. Соңғы жылдары Қазақстан БАҚ-нда аса катыгездікті, кек алушылықты, заң бұзушылықты, жыныстық еркіндікті үгіт-насихат жасайтын кино, видеоматериалдар көп көрсетіледі. Олар қоғамдағы еліктегіштігімен сипатталатын жастардын теріс тәрбие алуына әсер етуде. Біріншіден, бұның өзі мемлекеттік деңгейде ақпараттық саясаттың жоқтығының нәтижесі болса, екіншіден, мемлекетте Кеңес заманындағыдай қазіргі заман талаптарына сай мемлекеттік деңгейде құпталған адамгершілік құндылықтарының әлі күнге дейін калыптастырылмауында.

Бұл үшін Қазақстан Республикасында қазіргі демократияның қағидаларына сай, қазіргі заман талаптарына лайықты қоғамдағы адамгершілік кұндылықтарын қалыптастыру керек. Қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын калыптастыру әртүрлі мемлекеттің тарабыыан БАҚ арқылы насихаттау, жалпы орта білім беру, жоғарғы білім беру, арнаулы кәсіби білім беру орындарында тәрбиелеу шараларьі, белгілі адамгершілікке жат іс-әрекеттерді қылмысты қудалаумен тыйым салу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Тек қана осы қалыптастырылған кұндылықтар шегінде мемлекеттік акпараттық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру керек. Бүның өзі халықтың, қоғамның теріс тәрбиеленуінің алдын-алып қана қоймай, сондай-ақ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кылмыстарының да алдын-алуға өз үлесін косады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің алдын-алу үшін ең бір әсерлі шара ретінде бұл заң шығарушылык деңгейде Қазақстан Республикасындағы кылмыстылықпен күресудің тұжырымдамасының қабылдануы болар еді. Заңда тек кана қылмыстарды кесуге бағытталған кылмыстық-процесуалдық шаралармен бірге криминологиялық шаралардың да көзделуі тиіс.