Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының нақ бір кеңістік-уақыт шектерінде сипаттамасын анықтайтын детерминация және себептілік процестері.

Қайта кұру және саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүргізілуі кезінде Қазақстанда, өзге ТМД елдеріндегідей қылмыстылыққа, соның ішінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге де әлеуметтік-экономикалық факторлардың ықпал етуі ұлғайды, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жәй-күйдің нашарлауы да ықпал етуі көрініс тапты.

Криминологиялыкқ зерттеу мәліметтеріне сүйенсек денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көбеюінде, оның қоғамдық қауіптілігінің жоғарлауына келесідей факторлар әсер еткен:

— бұрынғы адамгершілік құндылықтары мен қағидаларының қайта бағалануы, адамдар санасында жалпы құндылық ретіндегі материалдық фактор ақша билігінің жаппай танылуы, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілмеген адам өмірінін құнсыздануы;

— адамгершіліктің, моральға тән және жат әрекеттер арасындагы шекараның жойылуы;

  • халықтың, азаматтардың материалдық деңгейіне әлеуметтік-экономикалық жіктелуінің шексіз өсуімен байланысты қоғамдағы әлеуметтік кақтығыстылықтың көлемінің ұлғаюы мен дәрежесінің күшеюі;

— халықтың көп бөлігінің өмір сүру дәстүрі мен әлеуметтік мәртебесінін мәнді өзгеруі, байланысты өз мақсаттарына жету үшін кез-келген әдіс-тәсілдерде қолдануға көшу және қатыгездену. Қайта кұру мен нарықтық реформалар, мемлекеттік меншік объектілерін жаппай жекешелендіру ел ішінде жаппай жүмыссыздықтын кең таралуына әсер етті. Қызметкерлер штатын кысқартулар, жұмыстан шығарулар нәтижесінде тұрақты табыс көздерінен айырылғандар санын көбейтті. Бұлар күн көру үшін табыс табу мақсатында базарлар мен сауда орындарына арзан тұратын заттарды (Қытай, Қырғызстан тауарларын) тасымалдауға, сату-сатып алуға шықты. Әрине, оларға 90-ыншы жылдары кең таралған рэкет сияқты қылмыстық топтардың қарақшылық, қорқытып алушылық, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту әрекеттерін жасауы да орын алды.

Мемлекет ішінде бүкіл мемлекеттік органдарды сыбайлас жемқорлықтың жаулап алуы құкық қорғау органдарының қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауына сенімсіздіктің, әділеттіктің бар екендігіне сенімсіздіктің пайда болуына, заңның әлсіздігі идеясының калыптасуына әкелді. Бұның өзі денсаулықка қасақана ауыр зиян
келтіруді ұйымдасқан топтар мен қылмыстық сыбайластықтардың емін-еркін кұкық қорғау органдарының тосқалуынсыз жасауына әкелді.

Бұлардың барлығы белгілі әлеуметтік-психологиялық климатты, тұрмыстың тұрақсыздығын және болжамсыздығын, қатыгездіктің және барлығына рұқсат етілгендікті қалыптастырады. Сонымен бірге, олардың мәртебесі мен материалдык мәртебесіне қарамастан кез-келген әлеуметтік топтар мен коғам топтарда орын алады.

Криминологтар себептердің іс-әрекет етуі саласы — бұл адам мінез-құлкының мотивациясын калыптастыру деп есептейді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғага қарсы өзге қылмыстар сияқты күрделі мотивациялармен жасалған. Олардың көбі аса қатыгездікпен және пайда күнемдікпен сипатталады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері көп жағдайда жеке жек көрушілік, төбелестер нәтижесінде орын алады. Бұның барлығы өзара қарым-қатынастарды жеке шешу максатында жеңіл қақтығысқа түсу кездерінде болады.