Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы

Кез-келген қылмыстық мінез-құлық механизмінде анықтаушы элементтер болып қылмыскердің тұлғасы және оның объективтік шындықпен байланысы мен өзара іс-әрекет етуі табылады.

Денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіру өзге күш қолданып жасалатын қылмыстар сияқты көбінесе еркек жынысты адамдармен жасалады. Мысалы, 2003 жылғы денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру жасаған адамдардың 87,1 %-ын еркек жыныстылар кұраған. Бұл ер адам мен әйел адамның психофизиологиялық ерекшеліктермен және олардың қоғамдағы әлеуметтік рөлдерімен түсіндіріледі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда агрессивті және күш қолданғыш болып келеді. Олар көп жағдайда теріс әсерлі кұмарлықтарға көп беріледі, кейде тіпті, соның нәтижесінде кылмысты оқиғаларды басынан өткізеді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген жастағы адамдармен жасалады. Бірақ денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіру жасаған адамдардың жастық кұрылымына келсек ерекшеліктер бар. Мысалы, 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасаған субъектілердің 59%-ын 25-59 жас аралығындағы тұлғалар кұраған. Яғни, олар физиологиялық жағынан даму шегіне жеткен, сүйек-бұлшық еттері қатайған тұлғалар. 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың 8,2 %-ын кәмелетке толмағандар құраған. 1996 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ын құраған. Бұл кәмелетке толмағандар арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілерінің көбею тенденциясының дәлелі. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бұзақылық ниетпен жасалуы көп кездеседі. Бұны кәмелетке толмағандардың өзінің физиологияльік және психологиялык даму кезінде болуымен, жастығына байланысты еліктештігімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік камтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатының нарықгық экономикалы елдерге тән еңбек қатынастарының еркіндігі кағидасын негізге ала отырып, өзгеруі ел ішінде жұмыссыздардың саны көбеюіне әкелді. Жұмыссыздық, материалдық жеткіліксіздік және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етудің нашарлауы адамдардың пайда күнемдік максатпен денсаулыкқа касақана ауыр зиян келтірушілердің санын көбейтті. Мысалы, Қазақстанда 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың 70,5 % — ын жұмыссыздар құраған.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген жұмыс істейтін тұлғаларға келсек, олардың көпшілігі жоғарғы білімді кажет етпейтін жүмыстарды жасайтындар екен. Олар үшін еңбек тәртіптерін жиі бұзу, жұмыс орнын жиі өзгерту, кездейсоқ жұмысты жасау тән.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасаған түлғаларға өзге күш

қолданып жасайтын қылмыскерлерге сияқты мінез-құлықтың теріс әсерлі стеореотиптері мен әдеттері тән. Олардың әрбір төртіншісінде теріс әсерлі әдеттер мен құмарлылықтарға құлшыныс анықталған. Денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық мінез-құлық механизмінде зиян келтірушінің алкогольдік ішімдіктерге немесе уытпен мас күйлерінде болу ерекше ролге ие. Осындай күйде әрбір бесінші денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасалады. Мастық тұлғаның сыртқы қоздырғыштарға әдетке айналған тиісті жауап беруін жоғалтуга әкеледі, қоршаған адамдардың әсер етуін нашар кабылдайды, оның қоздырылуын, агрессивтігін, тез ренжіп қалушылығына әсер етеді. Ал, бұның өзі тұлғаның жәбірленуші тарапынан түрткі болатын мінез-құлыққа тез жауап беруіне әсер етеді.

Көп қылмыскерлер үшін алкогольді ішімдіктер мен уытты қолдану күнделікті емделмейтін ауру әдетке айналған.

Бұрын қылмыс жасаған және аса кауіпті рецидивисттердің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі де азшылықты кұрамайды. 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың 14,2%-ын бұрын кылмыс жасаған тұлғалар жасаса, 0,1% — ын аса қауіпті рецидивисттер жасаған. Бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың көбі бұрын күш қолданып жасалған кылмыстарды жасаған тұлғалар кұрайды.