Шетел ғалымдарының дарынды балаларды зерттеуі

Р.Мейли теориясын ұсына отырып интеллекттің барлық факторларын былай көрсетеді.

— қиыншылықпен сәйкестенуі

— бірсарынды

— толық

— шапшаң (тез).

Ол осы факторлар арқылы ойлау процесінің аспектілерін көрсетеді. Осы факторлар әрбір адамдардың бойында кездеседі, бірақ белгілі орындарда көрінеді. Бұл факторлардың жинағы интеллектіні құрайды. Р.Мейлидің факторлық анализін нәтижесінен көрсетуінде осы төрт фактор қайталанады. 6 субтестің ішінен үшеуі нақты байланысы мен тәуелділік қабілетін анықтап орналастырған (1,3,4)- 2 және 6 субтесттер абстрактылы мінездемеге сәйкес, ал тэуелділігін әрқашан тікелей анықтап ала бермейміз. Бұл жерде абстрактылы ой келуі мүмкін. 5-ші субтест ерекше орын алады, көңіл ұластыруға негіздеуді талап етеді. Мейлидің ұсынуынша, мұнда қиын факторлы тапсырмаларда және бірсарынды интелекттерде 1 және 2 субтесттің алатын орны ерекше. Бұл екі қиыстыру субтесті толық және шапшаң факторларға кіреді, ал 4 және 6 субтестер қиын комплексті характерге жасалынады.

Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері.

Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі-арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орындалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізіледі. Бұл кітапта вербалдық және математикалық субтестері берілген.

Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.

Мақсаты: жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.

Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жүрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.

Субтесте бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген. Қабілекттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дү-рыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі. Олардың ережесі: «Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандайда бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. Уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады».

Нәтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.

Мәдени-еркін интеллкт тесті

Интеллектуальдықтың даму деңгейін анықтауға арналған, қоршаған орта факторларының әсерінен тәуелсіз (мәдениет, білім және т.б.), «таза» интеллектілік. 1958 жылы Р.Кэттелл дайындаған. Бүл тест үш вариантта жүргізіледі.

а). 4-8 жастағы балалар мен ақыл-есі артта қалған ересектерге; б). 8-12 жастағы балалар мен жоғары дәрежедегі білімі жоқ ересектерге (екі паралелді формасы бар А және В);

в).жоғары класс оқушылары мен  студенттерге және жоғары білімді ересектерге (екі паралелді формасы А және В).

Тестің бірінші варианты 8-субтестен түрады, оның төртеуі автордың қарастырған «мэдениет ықпалынан еркін» тесті: 1). «орналасу»; 2). «жіктелуі»; 3). «аталған пәндерді таңдау»; 4). «лабиринт»; 5).«бөлшектері кем картинкалар»; 6). «тапсырмалардың орындалуы»; 7).«жұмбақтар»; 8). «ұқсастылығының анықталуы». Барлық тапсырмаларды орындалу уақыты 22 минут.

Екінші, үшінші варианттар 4 субтестен құралып, тек деңгейлерінің қиындықтарымен ерекшеленеді.

— фигураның қатар бойынша орналасу заңдылықтардың өзгеруі;

-«Классификация»-фигураның жалпы көрінісімен ерекшеленеді;

— «матрицалар»-фигураның комплект бойынша толықтырылуы;

— «шарт»- фигураны алғашқы анықталған орындарына орналастыру (берілген бейнелердің ішінен белгілі бір суретті таңдап соны бір нүкте бойынша бақылауы шарт).

Берілген тапсырмаларды орындау уақыты 12 минут. Мэдени-еркін интеллект тесті өзімен бірге жылдамдылықты қажет етеді, бірақ орындау уақыты шектелген түрде қолданылуы мүмкін. Тестің 2 және 3 варианттарының қорытынды бағалары таблица көмегімен процент ретінде анықталады. Р.Кэттел бүл тесттен жалпы қабілеттерді де өлшеген. Кэттелдің пікірінше, түрлі мәдени тапсырмалардан алынған мэдени-еркін интеллек тестің көмегімен алынған мэдениеттерге, толығымен өзімен сәйкестенеді.

 Векслердің интеллектіні өлшеу шкаласы.

Векслердің интеллекті өлшеуіш тесті-көпшілікке әйгілі және көпшілікке қолданылатын интеллектуалдық тест. Бүл тест интеллекттің дамуын өлшеуге арналған. Мұны Векслер өңдеген, оны алғаш рет 1939 жылы ұсынды. Векслер-Белльвью шкаласы. Бүл шкала 7-ден 69 жастағыларға арналған. 1955 жылы «Векслердің жоғары интеллектің шкаласы» деп, оны соңғы редакция \УАІ8 зерттеуі 16-дан 64 жастағыларға арналған. Мұнда, вербалды және вербалды емес 11 субтестен қүралған:

Вербалды шкала.

1-субтест, жалпы субтесттің қарастырылуы. Жай дәлелдер мен білімдерге қатысты қорды зертейді. Мұнда 29 сұрақ ұсынылады, әр дұрыс жауапқа 1 балл. Мәселен,

— ризинаны неден жасайды?

— неліктен күннің астында қара киім ашық түсті киімнен ыстық болады?

— гнесеология дегеніміз не?

2-субтест, жалпы субтесттің түсінілуі. Ойдың мәнерлі толық жеткізілуін бағалау. Зерттеушінің өзі берілген жағдайға алдымен өзі жауап беру керек. 14 сұрақ беріледі, онда нақты жауаптары үшін 0,1,2 деген балдармен бағалаймыз. Мәселен,

— егер сіз жолда келе жатып адресі және маркасы өшпеген хат тауып алдыныз, не істейсіз?

— күй темір әлі ыстық деген нені білдіреді?

— Құлағы естімейтін бала не үшін сөйлей алмайды?

3-субтеста, арифметикалық субтест. Зейінімізді шоғырлатып бағаласаң, жеңіл сандық материал жасаймыз. Зерттеуші арифметикалық тапсырмаларды тез шеше білу керек. Тек тура жауапты ғана емес кеткен уақытты да бағалаймыз. Мәселен,

— консервыленген 2 банка алма 31 копек, ал 12 банка қанша тұрады.

— 8 адам жұмысын 6 күнде бітіре алады. Ал жүмысты жарты күнде бітіру үшін неше адам керек.

4-субтест, ұқсастығын орнату. Түсіну, классификация, қолдану, абстракциялау, салыстыру қабілетін бағалау. Зерттелуші айтылған мінездеменің, түсініктің арасын байланыстыру керек, бағалау 0-ден 2 балға дейін, олар нақты, функцияға және концепцияға тәуелді. Мәселен, құрылған түсінікке «көйлек-пальто» нақты жауабы болуы мүмкін.

— бір ғана материалдан

— олар жылы, оны бэрі киеді

— жоғарғы киім

Субтесте 13 жүп түсінік ұсынады.

5-субтест сандық қатарын қайталайды. Зерттеу оперативті есті және зейінді анықтауға бағытталған, олар екі бөлімнен тұрады: есте сақтау және сандар қатарын оң және кері қарай қайталау. Тапсырма Векслердің ес шкаласына ұқсастықпен сәйкетенеді.

6-субтест, сөздік субтест. Сөздік мағынасын түсінуге және оны қолданудағы вербалды тәжірибеде меңгеруіне ұсынылған. Бір қатар сөдердің мағынасын түсіндіру керек. Барлық тапсырма 42 сөз, алғашқы 10-ы күнделікті кең қолданылатын сөз; келесі 20-да орташа қиындық бар; үшінші топ 12 сөзден қүралған, олар ең қиындары. Бағалау 0-ден 2-ге дейінгі балл. Мәселен,

ІІ ТОП III топ
Үкім Соғыс
Микроскоп Балласт
Мешіт Идиосинкразия

 І топ

Алма Стол Зат

Вербалды емес шкала.

7-субтест санды шифрлау. Карерландердің жаңа іс-әрекетін меңгеру бөлімі. Тапсырма сол ондағы әрбір санның клеткасына әр санның өзінің символын жазып шығу. Өлшеулі уақыт беріледі. Дұрыс жазғандары бағаланады.

8-субтест әрбір суреттің бір бөлшегі жетпейді. Мүнда көрермендердің көріп қабылдауына назар аударуын, жетпейтін бөліктерін таба білу қабілеттерін меңгереді. Зерттелушіге 21 көріп жұмыс жасайтын тапсырма беріледі, онда жетіспейтін белгілерін немесе сәйкес келмейтіндерін табу керек (12 сурет). Дұрыс жауапқа 1 балл (20 сек. уақыт беріледі).

9-субтест Косаның кубиктері. Мүнда бөліктерді біріктіру қабілетін және сенсомоторлы координациясын меңгеруге үсынылған. Зерттелушіге 10 әртүрлі түсті ағаштан жасалған кубиктер үлгісін береді, ал ол болса тезарада жаңадан сол үлгіні қайталап шығу керек. Әр тапсырманың уақытын белгілеп отырады. Дәл үлгіні жасауы және уақытына қарай бағалайды.

10-субтест картиналардың жүйелігі. Мұнда ұйымдастыру қабілетін, логикасын, мәселелерді түсінуін және оқиғаны талдай білуін зерттейді.

Зерттелушіге 8 картина тапсырмасы беріледі. Әр картинада сюжеттері бірігіп кеткен зерттелуші сәйкестендіріп анықталған жүйе бойынша орналастыру қажет. Дұрыс жауабын және жіберген уақытын бағалаймыз.

11-субтест фигуралардың қойылуы. Бұл субтест 9 субтестке ұқсас. Зерттелушіге анықталған белгілерімен 4 фигура беріледі («адам», «профиль», «қол», «піл») бүл бір-бірімен сәйкес қойылуы керек. Бағалауда дұрыс жауабымен жіберген уақытын есепке алады.

1949 жылы Векслер балалар интеллектісінің шкаласын ұсынды. Мұнда зерттеуге 5-тен 15-ке дейінгі балалар алынды.

WAIS шкаласынан WISC-R шкаласының айырмашылығы 12 субтестте, ал альтернативті субтест санды шифрлау. Бұл субтест 9 лабирант көрсетеді (14 сурет). Субтест «лабиринтқа» көп уақыт кетеді, зерттеу барысында оны шифрлауға ауыстыруы мүмкін.

1963 жылы Векслердің мектепке дейінгі балалардың және кіші мектеп балаларының интеллектуалдық шкаласын көрсетті. Онда 11 субтест, оның 10 IQ-мен анықталады. Мұнда 8 субтест WISC-ң варианттарына бейімделген, қолған үшеуі арнайы мектепке талдама. Субтесттер вербалды және вербалды емес болып көрсетіледі. Субтесттердің келесі WPPSI шкалада жасалды.

Вербалды субтест.                     Практикалық субтест.

1). Мәліметті білу                            2). Жануарлар үйі

3). Сөздік қор                                  4). Аяқтау картинасы

5). Арифметика                               6). Лабиринт

7). Ұқсастық табу                             8). Геометриялық схема

9). Түсіну

10). Косаның кубигі

11). Сөйлем алтернативасы

«Сөйлем»-тесті бүл WISC-ғы қатар саны субтестін алмастырушы, сондықтан есте сақтаймыз. Баладан зерттеушінің айтқан сөзін қайталауын талап етеді. Бүл субтестпен қандай болсын вербалды субтест шкаласын немесе нақты диогностикалау информация алып көрсетуге болады. Субтест «Жануарлар үйі» цифрды шифрлауға сәйкестенеді. Мүнда балаға карта көрсетіледі, онда ит, балапан, мышық және балық суреттер бар. Картаның жоғары жағында әр жануардың өзіне тэн ұясы бар. Балаға тапсырма жануарларды сол үлшықтарына орналастыруын айтады. Уақытына және жіберген қателерін бағалайды.

Векслердің интеллектіні өлшеуіш шкаласынан үш түрін қарастырдық, онда 4-6 субтестін қысқартуға болады. Осылардың ішінен Векслердің қысқа интеллект тестін, гамбурлық редакциясын қысқартуға болады.

Векслердің интеллектуалдық өлшеуіш шкаласының нэтижесін мысалдар арқылы көрсетеміз WAIS-ң анализ жасауымен төмендегі интеллектуалдық функциялар анықталды.

Векслердің интеллект субтесттердің функциясының анықталуы.

Субтест Меңгерілген функциялар Нәтижеге әсер ететін фактор
Қарастырылуы

 

 

 

Түсінілуі

 

 

Арифметикалық

 

 

Ұқсастық орнатуы

 

 

Сөздік

 

Қатар саны

 

Қолданылатын

картина

 

Жетпейтің бөлшектер

 

Фигура құру

 

Косаның кубиктері

 

 

Шифрлау

Есте матердың ұзақ сақталуы.

Біріктіру және ұйымдастыру

тәжірибесі.

Абстрактылы ойлау.

Ұйымдастыру білімі. Түсінік құру.

Арифметикалық операцияларды есте сақтауы.

 

Бір-бірімен байланысын

анализдеу. Вербалды түсінік құру.

Тілдің дамуы. Вербалды түсінік құру.

Тезарада қабылдауы. Есту арқылы бейнелеуі.

Қарым-қатынаста көріп

қабылдауы (визуалды интициясы)

Көріп қабылдауы, анализ жасауы.

Көріп қабылдауы, біріктіруі. Көру

моторлы интеграциясы

Көлемін   қабылдау.

Көріп қабылдауы,  анализдеуі  көру моторлы интеграциясы

Тезарада елестетуі, көріп

бейнелеуі.

Көру  маторлы интеграциясы.

Мәдениетті орта, қызығушылығы.

 

 

Араласудағы мәдениеттің керектігі. Шын жағдайдағы реакциясы. Зейін көлемі.

Негізгі арифметикалық

операцияларды              сақтау мүмкіндігі.

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

 

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

Зейін көлемі.

 

Мәдениетті қарым-қатынас

мүмкіндігі.

 

Қоршаған ортаны қабылдауы.

 

Белсенді іс-әрекет.

 

Іс-әрекет белсенділігі.

 

 

Іс-әрекет белсенділігі.

Экспериментті Векслер үшке бөліп негізгі субтесттер, меңгерген функциялар, нэтижесіне эсер ететін факторларды ашып көрсетті. Субтестің детериорациялық коэффиценті:

OQ=ТНР-ТПР\ТНP 100

Мұнда, ТНР-субтест практикада нэтижесінің өзгертілмеген шкала көрсеткіші, ТПР-нәтижесінің өзгертілген көрсеткіші.

Сапалы интерпретация құрылымы аз ғана қызығушылықпен интеллекттің функциясының дамуын анықтайды, сонымен қатар зерттелуші жеке адамның интеллектісің комплекстеудің ерекшелігн бағалайды.

Тестің нәтижесін үш фактор арқылы толықтырды.

1).Вербалды түсіну факторы (субтесттер «сөздік», «қарастырылу», «түсіну», «ұқсастық орнату»).

2). Перцептивті ұйымдастыру факторы (субтесттер «Косаның кубигі», «фигура құру») мүнда қабылдау жылдамдылығы, елестету, есте сақтауы қарастырыл ады.

3). Есте сақтау факторы («арифметикалық», «қатар санын қайталау»).

Векслердің иетеллекті өлшеуіш шкаласы көптеген жетістіктерге жеткен. Оны алғаш рет Ленинградта Бехтеревтің психоневрологиялық ғылыми зерттеу инстутында лангитюдты оқытуда интеллектің дамуына тиімді қолданды. Сондай-ақ балалардың ақыл-ойының артта қалуын және психикасы тоқтап қалған балаларды анықтауға сонымен қатар жасөспірімдердің психологиясын тексеруге пайдаланды.