Принциптер бұл ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалардың танымдық әрекеттерін басқаратын және коррекция-педагогикалық процестің ұйымдастырылу ерекшелігі мен мазмұнын анықтайтын едәуір жалпыланған, маңызды да тұрақты талартар жүйесі болып табылады.
Біздің қарастырғалы отырғанымыз арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында іскерліктің алатын орны баршаға белгілі. Іскерлік принцип арнайы педагогикада психологиядағы «жетекші іс-әрекет» түсінігіне сүйенеді. Заттық-тәжірибелік іскерлік арнайы білім беру жүйесінде кез келген даму ауытқуы бар баланың компенаторлық дамуын қаматасыз етудің ерекше тәсілі (бұзылған психикалық қызметтерді түзету және орын толтыру құралы), білім алу және еңбек іскерлігінің қажетті бөлімдерінің пропедевтикасы болып табылады. Қалыпты дамудағы балаға бір нәрсені сөз арқалы үйретуге болатын болса, ал ерекше білім алу қажеттіліктері туындаған бала үшін бұл тек арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағыттала атқарылатын өзінің іс-әрекеті процесінде ғана мүмкін болады.
Қалыпты дамудағы балаларда бар, яғни тұрмыстық тәжірибе, сәйкес тұрмыстық көзқарастар, түсініктер және практикалық дағдылар сияқты құрылымдар дамуынлда ауытқуы бар балаларда болмайтыны немесе жеткіліксіз деңгейде дамығаны анықталып отыр. Оларда жалпы білім беретін пәндерді меңгеру үшін қажетті және жеткілікті болатын түсініктер қоры да болмайды. Пәндік – тәжірибелік іскерлік және оның негізінде баланың жоғарғы психикалық қызметтері (қабылдау, сөйлеу және қарым-қатынас, ойлау, ес, эмоция, мативация) ойдағыдай дамиды және көптеген ғылыми зерттеулер дәлелдегендей ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың жұмыс істеуде күшті коррекциялық компенсациялайтын педагогкалық құрал болып табылады. Арнайы білім беруде мативацияланған сөздік қарым-қатынас жасауға табиғи жағдайлар (орта) туындатып, әрдайым осындай қарым қатынас жасауды қажет ететін педагогтың жетекшілігімен болатын ұжымдық, пәндік-тәжірибелік әдістемесі («жұптармен», «топтармен» жұмыс және т.б.) тараған. Қарым-қатынас, өз кезегінде дами отырып тілді, оның барлық функционалды құрамдарын, ойлау операцияларын, қарым-қатынас жасаудың және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің түрлі жағдайларын меңгеруіне себепкер болады. Балалар қабылдайтын заттар іс-әрекеттің тұрақты мотивациясын туындатады және балаларға қоршаған заттық өмір туралы жеткіліксіз білімнің қайнар көзі, сол заттардың пайдалануы мен олармен әрекеттесу тәчілдері болып табылады.
Пәндік-тәжірибелік іскерлік баланың сау-дені және сақталған мүмкіндіктеріне сүйеніп, жоғары психикалық қызметтердің сенсомоторлық негізін (бірінші кезекте тіл мен ойлау) дамытып, өмірлік және практикалық тәжірибе жетіспеушілігінің орнын толтыру, жағдайлық-әрекеттік дағдылардың дамуына табиғи жағдайлар жасау, оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынас жасаудың тұрақты мотивациясы мен іскерлігін қалыптастыру, әлеуметтік дағдылардың өзара әрекеттестігін меңгерту.
Арнайы білім берудегі іскерлік әдістеме принципін ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың кез келген категориясын қолданамыз және ол арнайы коррекциялық сабақтарда жүргізгенде ғана жүзеге асырылып қалмайды. Ол сондай-ақ жалпы білім беру пәндерінен сабақ беру кезінде, сондай-ақ тәрбие процесінде өз шешімін табады.
Арнайы білім беру жүйесіндегі коррекциялық білім беру процесін қамтамасыз ету құралдарына жататындар: суреттер, картиналар, схемалар анық түсті боялған картиналар , аппарат микрофоннан, дыбыс зорайтқыш т.б. құралдар арқылы баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, қабылдауын, ойлау қабілетін дамытамыз. Балаларға біз сабақ өту барысында оқушыларға көрнекі құралдар арқылы балаларға түсіндіре аламыз.