Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.
Экстенцивтi түрiне:
- Технологияда инвестицияның артуы;
- Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
- Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;
Интенцивтi факторларға:
- Ғылыми техникалық прогрест дамыту;
- Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;
- Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:
- ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
- ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
- Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады .
Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк немесе интенсивтiк типтерi таза түрде болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП) енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру, қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi, олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi.
Өндiрiсте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн макроэкономикалық көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП бiрнеше түрге бөлiнедi.
Егер ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады. /2/.
Егер еңбектiң капиталмен жабдықталуы белгiленген жағдайда шектi еңбек өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез өсiп отырса, экономикаға еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда – шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады.
Егер ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi Солоу бойынша бейтарап деп аталады /2/.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
- инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
- инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
- жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
- инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. /15/
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
- экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
- интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :
- елде экономикалық ресурстардың өсуi;
- өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
- шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
- адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады.