Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топырақ болады. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабатты топырақтың қалыңдығы 75 см – жетеді, оның құрамында 9 % — жуық шірінді гумус болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шірінді мөлшері де 6 % — ға азаяды. Қазақстан орманды даласының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала зонасының топырағынан айырмасы ойпаң жерлерде тұзды – шақат және сортаңды топырақтар кездеседі. Зонада көбінесе дала және шалғында дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік батысында шоқ – шоқ ормандар бар.
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған учаскелерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер мен дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда ең көп өсетіні; қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымбас өсімдіктердің арасында сәбізшөптің кішкене ақ – жасыл шатырша гүлдері мен қызыл бояудың жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан – сары гүлді беде, көк түсті бұршақ ар.
Батыс Сібір жазығының ормандары шоқ – шоқ қайындар мен көктеректерден құралған. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар – емен, жөке, қандыағаш басым болады.
Шоқ – шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында бұталар да өседі. Бұлар; тал, долага, итмұрын, қарақат, сабағы жіңішке, шырынды, қызыл – күреңді түсті жемісі бар тас бүлдірген жиі кездеседі. Орманның шетінде аңқыған иісі бар қызыл күрең түсті құлпынай көп. Ағаш тұқымдас тарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа орманды даласына , Солтүстік Қазақстанның орманды даласы Батыс Сібір даласына ұқсайды.
Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ ормандар учаскелері, Ертіс жағасын бойлай құм үстінде жіңіке алқапта қарағай ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы және т.б. тауларының гранитті массивтерінде де таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше еөркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда санаторийлер, демалыс үйлері ба р. Мұнда адамдар демалады.
Орман байлықтарын – шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн га астам аудандвы алып жатыр. Дуброба, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған орманды далаға тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаятар, ақтышқандар, қояндар ( ақ қоян, орқоян ), сусар, түлкі, қасқыр, шоқ қарағай ормандарында тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан құландар мен Сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатра кездеседі. Бауырмен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі ( жорғалаушы және тірі туатын ), сарыбас және улы сұр жыландар кездеседі. Далада құстар өте көп және әртүрлі. Қайыңды шоқь ормандарда ақ құр, ақтұмсық, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шектерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді.
Көл жағасындағы қамыс нулары мен қамыс құрағы, қоғалар және басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүетін құстар көп – ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай – ақ шағалалар кездеседі. Үлкен көлдерде – аққулар ( айғайлаушы және қиқулаушы ), ал төмпешікті және қияқты батпақтарда – кезқұйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.
Орман дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала учаскелерінің көп жерлері жыртылған. Бұл жерлерде дәнді – дақылдардан – бидай, жүгері және басқа да дақылдар егіледі. Зонаның егістікке жыртылмаған жерлері – шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан да мұнда сүтті – етті ірі қара шаруашылығы басым дамыған. Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде құмды және құмдақты топырақты жерлер кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде тау бетеге, сібір еркекшөбі, шайшөп, Орал, Мұғалжар және Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында шиыршық тасты , тастақты дала ұшырасады. Мұнда тау бетеге, бетесе, шөл құмбасы, суық жусан тараған. Дала аймағы жұмыршақ дәрілік түйежоңышқа, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі өсімдіктерге де бай.
Дала зонасы жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілерден үлкен саршұнақ, қосаяқ, байлақ кездеседі. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған. Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топрақ қызғылт күрең топраққа қарағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топрақтың беткі қабатында шірінді 2-3% қана. Саз топрақты жазық пен ойпан учасклерде сортаңдар едәуір орын алады.
Шөл дала зонасында даланың , әрі шөлдің өсімдіктері таралған. өсімдік жамылғысы негізінен бедеге, жусан, түимедақ, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ақшыл болып көрінеді кей жерлерде жусанның арасында изен,ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жербетіне таяау жатқан жерлерде ши өседі. Дала зонасында жыралар мен өзен аңғарларында ғана өскен топ ағаштарды кездестіруге болады. Дала зонасының топырағы оның негізгі байлығы. Дала зонасы орманды даламен бірге Қазақстанның басты егіншілік ауданы болғандықтан көп өнім аламыз. Қазақстан жер аумағының 1\5 бөлігін дала зонасы алады. Дала зонасының табиғатын қорғаудағы Қорғалжын қорығының маңызы өте зор. Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық жайпақ келеді. көп көлдердің жағалауларыында қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі. Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар көп кездеседі. Бұлар қаз, үйрек, тырна, шағала, балықшы, қамыс торғайлары, ақтұтан.
Ұсақ шоқылар арасында бытыраңқы орналасқан терең таулы көлдерде суда жақсы жүзетін құстар сүңгуір, гагара крохаль, турпан болады.
Қазан төңкерісінде деиін дала зонасындағы жерлер аз игерілген болатын. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында 28млн. Га жер жыртылды.
Дала сүтқоректілеріне саршұнақ қосаяақ дала тышқандары, дала алақоржыны жатады. Бұлар егінге көп зяан келтір еді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10кг-ға деиін) болады . суырлар мен саршұнақтар ін қазып топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяақтар саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан барыс, күзен ақ, тышқан, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіпттік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүсттік аудандарында түлкі тұқымдасының қарсақ бар. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр кездеседі. Далада ақбөкендер кездеседі . бөкенің басы үлкен қошқар тұмсық, денесі ықшам аяғы жіңішке келеді. бөкенің жүгіргеніне көз ілеспеиді. Бұдан едәуір бұрын далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазыр халықтың жиі қоныстануына баиланысты біртіндеп шөлеит және щөл зоналарына қарай ауады. Ертіс, өзендерінің суы дала зонасын суландрады. Ірі көлдері – Теңіз, Қорғалжын, Қарасор, Сілтеңіз, Қосмұрын. Олардың жылдық ағысының 80 % көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсіб дамыған бұл аудандарда су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтанда бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (ертіс- қарағанды) арқылы пайдаланылады. Өзендерінің суы аз болады. Зонаның Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра; Жайықжәне бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағынының 80%-ы көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі амыған бұл аудандарда су әлі де болса да жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мн каналдар арқылы пайдаланады, мысалы, Ертіс – Қарағанды каналы. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдітер мен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі – дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайышөп, итмұрын, дәрілік валериян кездеседі.
Жаз бойы даланың түрі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана, қысқа мерзімде түрленіп, алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді. Ертіс, өзендерінің суы дала зонасын суландрады. Ірі көлдері – Теңіз, Қорғалжын, Қарасор, Сілтеңіз, Қосмұрын. Олардың жылдық ағысының 80 % көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсіб дамыған бұл аудандарда су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтанда бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (ертіс- қарағанды) арқылы пайдаланылады. Өзендерінің суы аз болады. Зонаның Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра; Жайықжәне бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағынының 80%-ы көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі амыған бұл аудандарда су әлі де болса да жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мн каналдар арқылы пайдаланады, мысалы, Ертіс – Қарағанды каналы. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдітер мен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі – дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайышөп, итмұрын, дәрілік валериян кездеседі.
Жаз бойы даланың түрі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана, қысқа мерзімде түрленіп, алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.