Дала зонасы жан жануарлары ашық ландшфат жағдайында тіршілік етуге беиімделген. Сүтқоректлерден үлкен сарышұнақ, сарышұнақ суыр, қосаяқ, байбақ кездеседі. Дала аймағында кемірушлердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі борсық, қарсақ, көп таралған.
Құстардан дудақ, безгелдек, ақ бас тырна, бозторғай, мекендейді. Дала бүркіті, тұрымтай, дала құндызы жиі кездеседі. Дала аймағының өсімдігі мен жануарлар дүниесін жойылып кетуден сақтау мақсатында қорғалжын қорығы ұйымдастрылған
Теңіз қорғалжын көлдер жүиесін және далалы аимақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1958 жылы ұйымдастырылған еді. Алайда 3 жылдан кейін ол орман аңшылық шаруа шылығына аиналдрылды да кейіннен қайтадан қорық болып құрылды бастапқы да 15 мың гектардаи жерді алып жатқан болса қазіргі уақытта қорғалжын қорығының 235 661 гектарға тең оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз аиларында көл беті қанатлардың көзіне көрінбеи кетеді. Себебі алыс сапар шегіп бара жатқан құстар тынығы үшін бұл көлдерде біраз қонақтаиды жылдың қай мезгілі болмасын қорық аймағы қанатлардың құтты қонысы. Сол себеп ті қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халқаралық сулы батпақты резерватар қатарына жатқызылған. Қорық аймағында құстардың 225 түрін, сүтқоректлердің 30 түрін , қосмекендлер мен бауырымен жорғалаушылардың оншақты түрін кездестіруге болады. Олардың барлығы да қамқорлықа алынған. әсіесі дүние жүзі боиынша сиреп кеткен қоқиқазды қорғап-қорын молаитуда қорықтың алатын орны ерекше. Колония құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне үй салып жұмыртқа басады. Ұяларын балшықтан соғып, оны жерден биіктеу етіп салады. Соңғы жылдары көл суы деңгеиінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар колониясының саны азйып барады. Мәселен қорық алғаш ұйымдастырылған жыдар қоқиқаз саны 50мың шамасында болса қазыр бұл көрсеткіш 10мыңға жетер-жетпес.
Ол Ақмола Қарағанды облыстарына кіретін Қорғалжын, Теңіз көлдерімен Қорғалжын ойпатының далаы аймағын қамтиды. Қорықта ағаш жоқ дерлік. Теңіз көлінің айналасындағы батпақта кішкене аралдар көп, олар құстардың ұя салып, балапан басуына өте қолайлы. Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың Қиыр Солтүстікте ұя салатын бірден – бір жері.
Теңіз көлі таяз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің 235 – түрі, аңның 35, құстың — 265, бауырмен жорғалаушылардың 5, қосмекенділердің 2, балықтың 10 түрі бар. Қорықтың көркі қоқиқаз. Қоқиқаздың мойны мен сирақтары өте ұзын, тұсығы төмен қарай иіле біткен. Қоқиқаз таяз суды кешіп жүріп, басын суға тігіп, су түбіндегі тұнбаны түрткілеп, тұмсығына ілінген құрт – құмырсқа мен шаянды теріп те, сүзіп те жейді. Тұмсығында сүзгіші бар. Жыл құсы сәуір, мамыр айларында ұшып келеді. көбіне Иранда, Каспий жағалауына, Үндістан жерінде қыстайды. Батпақ арасындағы шағын аралдарға пішіні сопақша келген ұя салып, 2 -3 жұмыртқа туады. Оны мекейені мен қоразы 1 ай кезектесіп балапан басып шығарады.
Қорықта суда тіршілік ететін құстар да көп. Олалдың кейбіреулері тек осы жеде ғана мекендесе, ал біразі уақытша қоныстанады. Аққу, қара ала қаз, сары ала қаз, қоңыр үйрек, бізқұйрық, қызыл үйрек т.б. құстар да бар. Сирек тұқымы азайып бара жатқан құстар да аз емес. Қорықта мекендейдін құстардың 12 –і Қазақстанның « Қызыл Кітабына » енген. Қорғалжын мемлекеттік қорығы көктемде көптеген құстар ұя салып, көбейетіндіктен ЮНЕСКО – ның тізіміне алынған, қорықта су – батпақ табиғи кешенін зерттеу бағытында үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Дала зонасында жыралар мен өзен аңғарларында ғана өскен топ ағаштарды кездестіруге болады. Дала зонасының топырағы оның негізгі байлығы. Дала зонасы орманды даламен бірге Қазақстанның басты егіншілік ауданы болғандықтан көп өнім аламыз. Қазақстан жер аумағының 1\5 бөлігін дала зонасы алады. Дала зонасының табиғатын қорғаудағы Қорғалжын қорығының маңызы өте зор.
Қазақстан жеріне орманды дала зонасның тек Оңтүстік шеткі жақтары сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ – шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпандар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар.
Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда, біршама қолайлы. Жауын – шашын көбірек түседі. ( 370 -400 мм ), оның көбі жазда жауады. Жазы – қоңыржай, ыстық, шілденің орташа температурасы +18 – 20 , қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның темпертурасы -51 – 53С – қа дейін төмендейді. Қаңтар айының орташа температурасы -17 – 19С.
Өзендері түгелдей дерлік еріген қар суымен толығады. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланады.