Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын яғни Республика жер көлемінің 26 % ініен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды далазонасыың оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км ге созылған кең алқапты қамтиды шамамен 54 – 50С с.е аралығында орналасқан.
Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстүртінің солтүсігі , Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, жалпы сырттың сілемдері , каспий маңы ойпатының солтүстік шеті, орал етегі (жем) үстірті, сарыарқаның солүстігі және орталық аудандары жатады.
Дала зонасының жер бедері әкімшілік аумақтық жағынан Батыс Қазақстан, Ақтөбе , Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтиды.
Даланың климаты континентті. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы қатаң, қар аз болады. Қаңтардың орташа темпаратурасы 16-18 градус шілде айында солтүстігінде +18 тан оңтүстігінде +23 градусқа дейін жетеді. Жылына 300 мм ге дейін жауын шашын түседі бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстіке қарай азайа береді. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Жауған қардың қалыңдығы 25 см ге дейін жалпы қар жер бетінде 140-160 күндей жатады. Жазы ыстық және құрғақ келеді. республиканың басқа өңіріне қарағанда өзен көлдері көп. Жайық, Есіл, Тобыл, Нұра, Ертіс, өзендерінің суы дала зонасын суландрады. Ірі көлдері – Теңіз, Қорғалжын, Қарасор, Сілтеңіз, Қосмұрын. Олардың жылдық ағысының 80 % көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсіб дамыған бұл аудандарда су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтанда бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (ертіс- қарағанды) арқылы пайдаланылады. Өзендерінің суы аз болады. Зонаның Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра; Жайықжәне бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағынының 80%-ы көктемгі су тасу кезеңінде ағып өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі амыған бұл аудандарда су әлі де болса да жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мн каналдар арқылы пайдаланады, мысалы, Ертіс – Қарағанды каналы. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдітер мен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі – дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайышөп, итмұрын, дәрілік валериян кездеседі.
Жаз бойы даланың түрі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана, қысқа мерзімде түрленіп, алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген жануарлар кездеседі. өмір сүретін жерінің түсіне ұқсас келетін, жылдам жүретін, әркез ұшатын, жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері де бар. Дала сүтқоректілеріне сарышұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыны жатады. Олар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда сарышұнақ тұқымдасынан ірі сурлар салмағы 10 кг – дейін жетеді. Суырлар мен сарышұнақтар тұқымдасынан ірі суырлар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаятар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан барыс, күзен, ақтышқан, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың онтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ бар. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр кездеседі. Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, қошқар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке келеді. бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Бұдан едәуір жылдар бұрын далада үйір – үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты және де атылуы нәтижесінде біртіндеп шөлейт және шөл зоналарыны қарай ауытқыды. Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбіреулерінің салмағы 16 – ға дейін жетеді. Одан басқа безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай кездеседі. әсіресе қараторғайлар көп. Жырқыш құстардан, дала бүркіі, дала құладыны, кеққұйрық бар.
Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық, жалпақ келеді. көп көлдердің жағалауларында қамыс құрақ пен ұсақ бұталар өседі. Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар да кездеседі.
Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналры аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км ге дейін созылған. Ол республиканың барлық тероториясының 14 градусын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шегарасы 48 градус с.е бойымен өтеді.