Ұлттық ойындардың бала өміріндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі

Халық педагогикасына тән жалпы білім беретін орта мектепте өнімді де өміршең сала – ойын. Дәстүрлік таным – түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары – баланы іс-әрекетке, адмгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, отансүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдңсі жоқ құрал. Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл – қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік өорды молайту жағынан өте бай және педагогикалық заңдылықтар тапқырлық пен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты» деп санаған халқымыз тұрмыс – тіршілігіне байланысты туған үлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойында тәрбие мәселесінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі бірлікте қарастырылады.

Ұлттық ойын – халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол – балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әрбір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алғашқы машығы.

Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындарының ежелден қалыптасқан дәстүрлерінде ресми жағынан жасалғанымен де, ойынның мазмұндық сипаты мен түріне қарай ажыратуға боларлық із-соқпақтар, белгілі жүйе сайрап жатады. Халықтың ұлттық ойындарына тән ерекшелік бала ойыны деп жалпы аталғанымен, жеткіншектің жасына қарай ішінара топтстыруға боларлық сипаттар баршылық. Топтастыруға байланысты есте болар бір ерекшелік тәрбиедегі кеңестік жүйе етек алып, мектепте тәрбиедегі халықтың ұлттық ойындарында ұжымдық тәрбие деген ұғымның мәні басқаша болады. Бүгінгі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, жас мөлшеріне жіктеп топтастырғанмен ойын барысында балаларды біріктіріп жіберіп ойнатса, ойын тәлім-тәрбиелік мәнін жоймайды, қайтй ойынның қызықтылығы да, тартымдылығы да арта түседі.

Ойынның барысында күлкіден күлкі туып, балар мәре-сәре болып ойынның қызығына кенеледі. Сондай-ақ, рөлдік ойындар мен дидактикалық ойындардың мектеп оқушыларына лайық түрлері жиі кездеседі. Бұдан шығатын түйін – ойынға байланысты топтастыруға тек шарттылық. Әсіресе, бұл қазақ халқының ұлттық ойындарында басымырақ байқалатын ерекшелік екенін мойындаған жөн.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлттық ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мәселен, бірінші және екінші сынып оқушылары үшін «Ақсерек – Көксерек» ойынын ойнатқанда, ойын қанша қызықты болып, балаларға ұнағанымен, олардың екпіндей жүгіріп, ұстасқан қолдардын бұзып өтуге күштері (шамалары) жетпейтінін аңғаруға болады. Ал үшінші сынып оқушыларына бұл ойынды жеңілдетіп пайдаланған дұрыс.

Ойын мектептің денешынықтыру алаңында өтеді. Ойынға спорт мүліктерінің қажеті жоқ ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ бір – бірінен 8-10 метр қашықтықта біріне – бірі қарама – қарсы қол ұстасып тұрады. Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздеріне басқарушылар сайлап алады. Топты басқарушылар өз топтарының оң жақ басында тұрады. Бірінші топтың басқарушысы: «Ақсерек пен Көксерек, бізден сізге кім керек?» деп екінші топтан сұрайды. Екінші топтың жетекшісі керек адамның атын айтады. Аты аталған бала жүгіріп келіп шақырған тізбектегі ойнаушылардың ұстаған қолдарын әлсіз жерінен үзіп өтуге тырысады.

Егер тізбекті үзіп өтсе, сол екі ойыншының біреуін өз тобына ертіп әкеледі, үзе алмаса, өзі сол топқа қосылады.

Ендігі шақыруды – екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла береді. Бұл ойынды мұғалім сабақтың орта тұсында қолдануына болады. Сабақтың аяғына қарай байсалды ойындарға, не жаттығуларға көшкен дұрыс. Ойынды дене шынықтыру сабағының әрбір тақырыбында қолдануға болады. Мұнда оқушылардың дене тәрбиесіне байланысты барлық қажетті жаттығулар бар, әсіресе, жүгіруге, бұлшық еттердің жетілуіне әсері мол. Бірікке әрекетіре оларды жеңіске жеткізеді. Ойында оқушылардың бірін – бірі түсінуі, бір ұжымға ұйымдасуы сияқты оқушыларға аса қажетті мінез – құлық сапаларын қалыптастыруға болады. Сондықтар мұғалім оқушыларға ойынды тек тақырыпқа қарай ыңғайлап ала салмай әрбір ойынның тәрбиелік мәніне сыныптағы балаларға берер білімдік, тәрбиелік маңызына көңіл бөлуі тиіс.

Балалықтың базарлы шағындағы ойынның қайсысында мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән араласады. Оның тікелей мазмұнында болғанмен жеңіліс тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып айыбын өтеуге тиіс. Бұл қазақтың ұлттық ойынындағы басты ерекшелік.

«Кім бұрын?», «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр», «Қуыспақ», «Жұмбақ шеш», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын жетеді?», «Кім байқағыш?», «Қапы қалмас», «Кім жылдам?», «Допты көршіңе бер», т.б. ойындарды ойнатуға болады. Осындай жеңіл командалық ойындар оқушыларды тек дене жағынан ширатып, денсаулықтарын жақсартып қана қоймайды, олардың білімдерін де шыңдап, басқа сабақтан алған білімдерін ширата түседі.

Ұлттық ойын қазақтың халықтық шығармасы – ауыз әдебиетімен біте қайнасып, бірге өрістеп, бір тамырдан нәр алғандықтан бұларға ортақ құбылыстар көп. Бір – біріне осылай жалғасқан балаладың жүгіріп ойнайтын ойындарында айтылатын өлең, тақпақ, ән — әуен немесе отырып ойналатын ойындарында айтылатын мәтін мазмұнында әзіл – қалжың, сықақ, күлдіргі сөздер мейлінше қарапайым, айуға жеңіл, сөздері ойнақы болып келеді. Сондықтан да ұлттық ойындар халқының әдет – ғұрпын білуге, тілін меңгеруге ықпалы зор жол екенін ешбір шүбәсіз мойындаймыз.

Бала ойынында жеңуші бар да, жеңілуші бар. әрине, деңген топ немесе бала табысын жұбаныш етсе, жеңілушінің айыбын өтеуі үшін айтатын тақпағы, биі, мақал – мәтелі, жұмбағы болуы керек. Сонда бала ойыннаң қай түрінде болсын – іс-әрекет, ән, би, өлең, жұмбақ, нақыл сөз араласа жүретіндіктен деп танимыз. Мұның педагогикалық мәні – баланы жан-жақты дамуға, тәлім-тәрбиенің арасын кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді жол екендігінде. Мәселен, мақал – мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Жаның сау болса, сорлымын деме, Жараң ауырса, тән азады. Тәнің сау болса, жарлымын деме. Тәнің ауырса, жан азабы.

Жасырған ауру жазылмайды.

Сау басыңа сақина тілеме.

Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене,

Он саусағың сау болса, дәулет емей немене.

Денсаулық кепілі – тазалық.

Тәні саудың – жаны сау.

Сұрап алған ауруға ем табылмас.

Ластың досы – шыбын.

Тербеп, түрлі еліктеу барысында өзіндік жол – жосық іздеуге ұйытқы болумен қатар ғажайып сыры мол фантазияға жетелейді. Ғажайып қиял адамның ойлау өрісін жаңа сатыға көтеретін заңдылық деп білсек, болашақ тұлғаның ой – қиялын өрістетудің нышаны ойынан бастау алары хақ.