Проективті сурет өзін-өзі тану

Проективті сурет — топтық психотерпия әдістерінің бірі. Проективті суреттің негізгі міндеті тұлға проблемасы туралы қосымша ақпарат алу. Проективті сурет адамның айтып жеткізе алмайтын мәселелері мен бастан кешірулерін айқындау және ұғынуға мүмкіндік береді. Сабақ келесі түрде ұйымдастырылады: әр студент қағаз, түрлі түсті борлар (краска, түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады) және берілген тақырыпқа сурет салады. Проективті әдісті қолдануда салынған суреттің сапасы үлкен мәнге ие емес. Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар жеке сондай-ақ жалпы топтық, түрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Проективті суретті талдау барысында мазмұнына емес оның көрсету тәсіліне, түсіне, пішініне, шығармаға, көлеміне, пациенттің түрлі суреттердегі қайталанатын арнайы ерекшеліктеріне көңіл аударады. Бірігіп сурет салуда пікірталас топтық жұмыстағы әрбір адамның қатысуын, оның жалпы әрекетке қосқан үлесі және топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас проццесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы талқылау болады.