Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті қолданылған ресурстармен немесе шығындармен салыстыра отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының қызметінің тиімділігін бағалау үшін келесідей көрсеткіштер тобын анықтаймыз. Оларға: кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін, оның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер, төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері, табыстылық көрсеткіштері, рентабельділік көрсеткіштері, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштер төмендегі кестелерде жинақталып жазылған.
3-Кесте. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер тобы.
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
|
+,- | % | |||
1. Қор қайтарымдылығы | 0,07 | 0,11 | 0,04 | 157,4 |
2. Қор сыйымдылығы | 12,91 | 8,99 | 3,92 | 69,6 |
3. Материал қайтарымдылығы | 0,06 | 0,09 | 0,03 | 150 |
4. Материал сыйымдылығы | 16,00 | 10,54 | -5,46 | 65,9 |
5. 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | 469,2 | 517,7 | 48,5 | 110,3 |
Келтірілген мәліметтер депо қызметінің жалпы қаржылық динамикасын көрсетеді. Көрсеткіштерге жеке-жеке тоқтала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады.
Депоның өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі — материал қайтарымдылығы болып табылады.Ол кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. 2006 жылды 2005 жылмен салыстырсақ материал қайтарымдылығы 50 %-ға өсті, ал материал сыйымдылығы керісінше 34,1 %-ға қысқарды. Яғни депо материалдарды, шикізаттарды, материалдық емес ресурстарды жоспарға сәйкес тиімді пайдаланғанын көрсетеді.Еңбек өнімділігі болса, бір жұмысшының өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Ол былтырғы жылға қарағанда 10,3 %-ға артты.
4-кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер тобы.
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті
|
0,97 |
0,93 |
-0,04 |
95,9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті |
0,818 |
0,824
|
0,06 |
100,7 |
3. Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті |
0,181 |
0,175
|
-0,006 |
96,7 |
Депоның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерге келетін болсақ, оларға негізгі қорлардың жағару, тозу және жарамдылық коэффиценттері жатады. Олар депоның мүліктік жағдайын, мүлкін пайдалану тиімділігін сипаттайды. 2005 жылмен салыстырғанда жағару коэффиценті 4,1 %-ға қысқарды, тозу коэффиценті керісінше 0,7 % — ға өсті, ал жарамдылық коэффиценті 0,3 % — ға кеміді.
5-кесте. Өтімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
|
+,- | % | |||
1. Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,33 |
0,30
|
-0.03 |
90,9 |
2. Жедел өтімділік коэффициенті | 0,92 | 0,96 | 0,04 | 104,4 |
3. Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
0,020 |
0,015
|
-0,005 |
75,0 |
Активтердің өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштерін талдайтын болсақ, абсолютті өтімділік коэффициенті алдағы жылға қарағанда 9,1 пайызға кеміді, демек депоның қарыздарды жабу кепілдігі төмен деңгейде екенін аңғаруға болады. Жедел өтімділік коэффициенті болса, 4,4 %-ға өсті, яғни осыдан кәсіпорын өз қарыздарын күтіліп отырған ақшалай түсімдер есебінен жабатындығын көруге болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2006 ж 2005 ж –мен салыстыранда 25%-ға қысқарды.
6-кесте. Кәсіпорынның табыстылық коэффициенттері
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
|
+,- | % | |||
1. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі | -3,94 | -4,58 | -0,64 | — |
2.Ағымдағы активтердің табыстылығы |
-16,4 |
-19,4
|
-3 |
— |
3. Меншік капиталының табыстылық коэффициенті |
0,35 |
0,30
|
-0,05 |
85,7 |
4. Өткізілген өнімнің табыстылығы | -67,1 | -55,4 | -11,7 | — |
Келесі көрсеткіштер тобы-кәсіпорынның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштер екі жыл бойы теріс мәндерге ие . Мұның себебі, депоның әкімшілік шығындары, қосымша қызмет көрсету шығындары көбейіп кеткенінен болып отыр. Меншік капиталы оң мән көрсетіп отырса да, 2006 жылы 14,3 %-ға кеміді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жасайтын болсақ, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсететін меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті – 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3-%-ға артты. Ал қаржылық тәуелділік коэффициенті болса, 0,2 % -ға кеміді, демек бұл депоны қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің кемігендігін көрсетеді. Ағымдағы берешек коэффициенті 33,3 %-ға өссе, қарыздарды меншік капиталмен жабу коэффициенті небары 0,1 %-ға қысқарғанын байқауға болады.
7-кесте. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
|
+,- | % | |||
1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті |
0,475 |
0,486 |
0,011 |
102,3 |
2. Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті | -11,3
|
-15,5 |
-4,2
|
— |
3. Қаржылық тәуелділік коэффициенті |
1,006 |
1,004
|
-,002 |
99,8 |
4. Ағымдағы берешек коэффициенті |
12,3 |
16,4
|
4,1
|
133,3 |
5. Қарыздарды меншік капиталмен жабу коэффициенті |
1,004 |
1,003 |
-0,001 |
99,9 |
6. Қаржылық леверидж коэффициенті |
0.998 |
0,997 |
-0,001 |
99,9 |
7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті |
0,943
|
0,932 |
-0,011 |
98,8 |
Қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі- қаржылық леверидж және қаржылық тәуекел коэффициенті б.т. Қаржылық леверидж мәні алдыңғы жылға қарағанда 0,1 %, ал қаржылық тәуекел мәні 1,2 %-ға кеміді.
8-кесте. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
|
+,- | % | |||
1. Активтердің айналымдылық коэффициенті |
0,06 |
0,08
|
0,02 |
133,3 |
2. Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті
|
0,365 | 0,482 | -0,117 | 132,1 |
3. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті
|
0,245
|
0,350 |
0,105 |
142,8 |
4. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті |
-0,0032 |
-0,0031
|
-0,0001
|
— |
5. Тауарлы материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті |
7,633 |
7,674 |
-0,041 |
100,3
|
6. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті |
1,371 |
1,368
|
-0,003 |
99,8 |
7. Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті |
0,461 |
0,712
|
-0,251 |
154,4 |
Келесі көрсеткіштер тобы бізге кәсіпорынның іскерлік белсендігін анықтауға мүмкіндік береді. Соның бірі-активтердің айналымдылық коэффициенті.Ол депоның барлық активтерінің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның мәні 2005 ж.-2006 ж-ға қарағанда, 33,3 %-ға артқан. Сондай-ақ айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті 42,8 %-ға өссе, тауарлы материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті тек 0,3 %-ға артты. 2006, 2005 жылғы дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентін салыстыратын болсақ ол 0,2%-ға кеміді, ал кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті 54,4 %-ға өсті.Ал кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен оның қаржылық нәтижелілігінің салыстырмалы сипаттамасын бағалайтын рентабельділік көрсеткіштері теріс мәндерге ие. Бұл кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығы 2006 жылы 2005 жылға қарағанда төмендегенін көрсетеді.
9-кесте. Рентабельділік көрсеткіштері.
Көрсеткіштер |
2005жыл |
2006жыл |
Ауытқу
|
||
+,- | % | ||||
1. Активтердің рентабельділігі | -3,95 | -4,67 | -0.72 | — | |
2. Ағымдағы активтердің рентабельділігі |
-16,4 |
-19,4
|
-3 |
— |
|
3. Меншікті капиталдың рентабельділігі |
0,348 |
0,297
|
-0,051 |
85,3 |
|
4. Негізгі өнд.қорлардың рентабельділігі |
-5,197 |
-6,160
|
-0,963 |
— |
|
5. Өнім рентабельдігі | -104,6 | 106,9 | -2,3 | — | |
6. Сату рентабельділігі | -6,7мың есе | -5,5 мың есе | -1169 | — | |
7. Өндіріс рентабельділігі | -3,7 есе | -4,3 есе | -0,6 есе | — |
Сонымен «ВЧД-23» Семей пайдалану вагон депосы өз қызметін жоспарлы түрде орындағанымен, көптеген көрсеткіштері теріс мәнге ие. Бұған кәсіпорын шығындарының шамадан тыс асып кетуі себеп бола алады. Осыған қарамастан, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі жоғары мәндерге ие, яғни бұл бізге депо өз капиталын тиімді пайдалана алатындығын көрсетеді.
Түйіндей келе кәсіпорынның қызметіне қанағаттанарлықтай баға берер едім. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылыққа және орнықтылыққа жету үшін әлі көп жұмыс істеу қажет.Әсіресе шығындар көлемін азайту керек. Сондай-ақ ЦБО басқармасынан көбірек қаражат бөліну керек деп ойлаймын.