Фирманың стратегиясын және қоғам ісінің негізгі бағытын акционерлер жиналысы мен директорлар кеңесі шешеді. Ал барлық шаруашылық – жүргізу процессін және фирманы басқаруды атқарушы орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес қоғамның ағымдағы ісін басқаруды қоғамның жеке атқарушы органы жүзеге асырады.Коллегиялық атқару органының басшысы жеке атқару органы болып табылады.
Атқару органының өкілеттілігі Заңда анықталып, жалпы түрде ол: қоғамның ағымдағы ісін басқаруда барлық сұрақтарға, тек жалпы акционерлік жиналыс пен директорлар кеңесіне қатысты сұрақтардан басқа сұрақтарды шеше алады. Бас директорлардың және ол басқаратын билеудің өкілеттігіне Заңда көрсетілмеген. Ол қоғамның жарғысында жеке және коллегиалдық атқару органы біркелкі көсетілген. Билеудің де жүргізу ісі Заңда қарастыырылмаған. Ол жарғыда немесе директорлар кеңесімен бекітілген ішкі құжатта анықталған. Заңда тек, атқару органының отырысының протоколына және билеу отырысы немесе лирекция шешімі негізінде қоғам атынан барлық құжаттарға қол қоятын бас директор.
Осыған байланысты, қоғам атқару органының ісі Заңда жалпы түрде берілген. Басқа органдармен нақты қарым-қатынасын анықтауға директорлар кеңесіне қалдырылды.
Атқарушы орган:
- Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері «алтын акция» иесімен келісілуге тиіс.
Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мөміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.
- Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын жеке еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
Атқарушы орган басшысының өкілеттігі:
Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
4) қоғам қызметкерлерін (атқарушы органның мүшелері болып табылатын қызметкерлерді қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен коғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
7) қоғам жартысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде бслгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Акционерлік компанияның қызметін басқарудың негізгі принциптері:
Акционерлік компанияны басқару процесін ұйымдастыруда маңызды роль негізгі принциптерге беріледі. Экономикалық әдебиеттерде принцип түсінігіне экономикалық қатынасқа қатысушылар арасындағы байланыс заңдылығын көрсететін негізгі ережелер енеді. Жеке авторлар принцип мазмұнына әр түрлі талқылама береді. Мысалға, К.Джексон принципті «бастапқы концепция – нарықтық өзара іс қимылға қатысушылардың мінез құлқын регламенттейтін басшының идеясы, деп анықтайды. Біздің көз қарасымыз бойынша бұндай анықтама «принципң мазмұнының түсінігіне өте кең талқылама. Шынында да бұндай кең мағына тауар-ақша қатынасының заңдылығын көрсететін теориялық постулаттар мен концепцияларға қолдануға болады. Л.Хамердің ойынша «бірлескен қызметте немесе
бәсекелістікте, іскерлік шарт жасағанда контрагенттер қолданатын іс-әрекеттің жалпы ережесі мен нормасы, деп принципті түсіндіреді. Біздің ойымызша, Л.Хамердің экономикалық принциптердің мінез-құлқына бағытталған асыра сілтеме талқыламасы экономикалық принциптерді негіздеуі мен өндірімі субъективизмге алып келуі мүмкін. Негізгі принциптер экономикада объективті экономикалық заңдылықтармен байланысты болады. Бірақ сонымен қоса принциптер объективті мазмұннан бөлек экономикалық қатынасқа қатысушылардың белгілі бір дәстүрлеріне сәйкес іс-әрекетін субъективті элементтермен рәсімдейді.
Басқарудың негізгі принциптерінің түсініктемесін бергенде, әр бір принципті рәсімдеуде субъективті элементтер жалпы экономикалық принциптерге қарағанда маңыздырақ рөл атқарады. Сонда да, маңыздылығына қарамастан объективті мазмұн шешуші болып табылады. Мысалы, принциптердің кезкелген нормативтік құқықтық рәсімделуі. Басқару принциптердің мазмұнының басымдылығы сыртқы формалардың сақталуында, волюнтаристік елемеушілік принцип мәнділігінде анық шектеушілік қызметін атқарады. Мысалыға, компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына байланысты шешім қабылдағанда акционерлердің барлық топтарын, тәуелсіз эксперттер мен консультанттарды тарту арқылы коллегиялдық принципті ұстануға болады, бірақ соңғы шешім акциялардың басқару пакетін иемденушілердің мүддесіне сай қабылданады. Ірі компанияларды басқару тәжірибиесінде, сыртқы көрінісінде заңды талаптармен формалды процедураларды сақтап, колданған кезкелген принциптердің мазмұнын бұзатын түрлі «сұр технологиялардың қолдану кезігеді. Сондықтан принциптің формалды процедурасына емес оның мәнін сақтауға аса маңызды акцент аудару керек.
Басқару принциптерінің құрылымы мен салыстырмалы мәндігі әр түрлі менеджмент мектептерінің өкілдері арасында өткір дискуссия тақырыбы болып табылады. Неотейлоризмді жақтаушылар басқару принциптер жүйесінің көпсатылығын алға тартады. Оған олар жалпы корпоративтік стратегияны жүзеге асырумен зерттеу принципін қосады. Екінші сатысына – іскерлік стратегияны жүзеге асыру принципін, үшінші сатысына – функционалды стратегияны жүзеге асыру принципін, ал төртіншісіне – жеке басқару функциясын регламенттейтін негізгі ережелерді жүзеге асыруын, яғни ұзақ мерзімді болжамдауды регламенттейтін ережелер, стратегиялық жоспарлау ережелері, стратегиялық жоспарларды ұйымдастыру мен координациясын іске асыратын ережелер т.б. қосады. Біздің ойымызша, неотейлоризм өкілдері басқару принциптерінің көпсатылығын ұсына отырып, жалпы корпоративтік басқару принциптерді қамтитын негізгі түсініктің түбін қарастырмаған, өйткені жеке процедураларды жүзеге асырғанда олардың нақты ережелерін теңейді. Мысалға, ұзақмерзімді жоспарлауды бірінші дәрежелі, жалпы корпоративтік басқаруды ұйымдастыру тиімділігін, ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыру процесі ретінде алдын ала анықтау болып табылатын басқару идеясымен теңейді.
Бұл мәселенің келесі ұшқарлығы стратегиялық менеджменттің негізгі принциптерін мұқият зерттеумен барлау, объективті қажеттілігін елемеушілік болып табылады. Мысалы, класикалық болып қалған И.Ансоффаның «Жаңа корпоративтік стратегия еңбегінде көрестілген басқарудың негізгі принципін қолданумен проблематикасын анықтау шетте қалады. Бірақ автор бірнеше негізін қалаушы принциптерді жүзеге асыруына жанама нұсқау береді. Бұл негізінен стратегия мақсатының оперативтік принципінің басымдылығы. А.Томпсонмен А.Стриклендтің «Стратегиялық менеджмент: стратегияны зерттеумен жүзеге асыру өнерің деген еңбегінде де басқарудың негізгі принциптерінің проблематикасын айналып өтеді. Бірақ автор, ең болмағанда, төрт негізгі принципке қатаң ұяды. Мұндай жағдайды ғылыммен өнер синтезі ретінде жалпы түрде басқаруды, ал жеке түрде стратегиялық менеджментті қарастырумен байланысты менеджмент әдістемесі және дәстүрлі теориясы арқылы жартылай түсіндіруге болады. Менеджментке мұндай көзқарас жетерліктей қатаң шығармашылық тапқырлықтың шекарасына көңіл адармауына нұсқайды. Бұл әсіресе менеджменттің негізгі принциптеріне жүгінетін ірі компанияларды басқаруда нақ анықталады.
Басқару принциптерінің маңыздылығы бірінші дәрежелі екенін ашық қабылдайтын зерттеушілер арасында да жеке принциптердің мәнділігі, олардың сандық құрамы, корпорацияны толық немесе оның бөлек функционалды құрылымдарын басқару кезінде принциптерді маңыздылығы бойынша тізу жөнінде ортақ пікір жоқ. Түрлі көзқарастарды талдау түрлі менеджмент мектептеріне жататын зерттеушілердің пікірінің басқарудағы жеке принциптерінің мәнділігі мен олардың өз-ара «салмақ қатынасындаң ажырайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге, егер неотейлоризм өкілдері стратегиялық басқарудың «қатаң жүйесінің негізі ретінде дара басқару принципінің маңыздылығын алға тартса, «адамдар қатынасың мектебінің өкілдері дара басқару принципін абсолюттеуге біршама табандылықпен қарсы тұрып, оны біртұтас дара басқарумен коллегиялық принциптердің диалектикалық балансында тек бір әлпеті ретінде қабылдайды, яғни дара басқаруды міндетті түрде шектеулі қолданып, мүмкіншілігінше стратегиялық шешімді коллегиялық түрде қабылдау керек деп санайды. Түрлі мектептер өкілдерінің басқа принциптерге көз қарасын талдағанда да пікірлердің алшақтығы немесе қарама-қарсы пікірлер де кездеседі.
Басқару принциптерінің сандық қатынасы бойынша келесі көзқарастар бар:
— негізгі принциптерді шектеулі көлемде қолданып, оларды стратегиялық шешімдерді қабылдауда және зерттеулерде қатаң ереже ретінде қолдану керек;
— функционалды және оперативті стратегиясын, негізгі бөлімшелердің іскерлік стратегиясын және корпоративтік стратегиясын дайындауды және жүзеге асыруды принциптерді үлкен көлемде және түрлі үйлесімде қолдану керек;
— бүкіл компанияны басқаруын ұйымдастыруна негізгі принциптерді қосатын көпсатылы иерархиялы принциптерді;
— стратегиялық басқарудың жеке функционалды және өндірістік бөлімшелердің ерекшеліктерін көрсететін арнайы принциптерді;
— төменгі сатыдағы басқарушылық иерархиясының стратегиялық шешімдерді ұйымдастыру технологиясын анықтайтын ережелер мен регламенттерді қолданған жөн.
Менің ойымша, міндетті түрде комлексті тәсілді қолданған жөн. маңызды стратегиялық шешімді дайындауда, негізгі принциптер түрінде жасалған нағыз басқарушылық идеясын мейлінше шектелген көлемде қолданған жөн. Олар бұзулғанда немесе балансталмаған түрде қолдану өндірістік-коммерциялық іскерліктің тиімділігін бірден төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар компанияның жеке бөлімшелерінде жалпы корпоративті стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруда, өндірістік, инновациялық, инвестициялық, маркетингтік қызметерінің арнайы ерекшеліктері көрсетілген қосымша мамандандырылған принциптер мен ережелерді қолдану жөн. Комплекстік тәсіл, принциптер мен ережелерді қолдану сферасының маңыздылығы бойынша иерархиялығын бөлу ғана емес, сонымен бірге, принциптердің қарама-қарсылығын жоюды қамтасыз етеді. Комплексті тәсілдің тағы да бір артықшылығы, принциптер мен ережелердің жиынтығын қолдануда кумулятивті эффектке жету болып табылады.
Компанияның қалыпты дамуында басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін иерархиялық принциптің маңыздылығына күмән келтірмейді. Кез келген компания бірнеше иерархиялық сатыдан тұрады. Иерархиялық сатысының саны компанияны басқару ерешелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Акционерлік емес компанияларға қарағанда акционерлік компанияларда көп иерархиялы болып келеді. Акционерлік иерархияның жоғарғы сатысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Мұнда компания дамуының маңызды сұрақтары шешіледі. Акционерлік қоғамның өндірістік және коммерциялық қызметінің түрлілігіне байланысты үш-төрт иерархия сатысы болады. Иерархия сатысы арасындағы құқық пен міндеттерінің бөлінуі басқару сапасына және компанияның қалыпты дамуына әсер етеді. Жалпы корпоративтік принциптерді құруда иерархиялық принцип талаптарын анықтау керек.
Сыртқы ортамен байланыстың мақсаттылық принцип қатынасында корпоративтік менеджмент зерттеуінде түрлі көзкарас бар. Бір зерттеушілер мысалыға Дж.Робертс бұл принциптерді жеткізушілермен тұтұнушылармен және басқа іскер серіктермен өзара байланысында компания позициясының қатаң ұстануы деп түсінеді. Басқа да көзқарастар айтылуда. Мысалы, Т.Скарлет бұл принципті әлеуметтік экономикалық қоршаған ортаның өзгермелі шартына терең адаптацияның объективті қажеттілігі ретінде талқылайды. Тәжірибеде түрлі компаниялар аралық тәсілді қолданады олар сыртқы факторлардың осы немесе басқа қатынастарына қарағанда компанияның позициясы күшті кезінде контрагенттермен бәсекелестермен өзара байланыста өз шарттарын қосатын агресивті стратегияны қолданады. Егер сыртқы факторлардың кейбір қатынастарына байланысты компания позициясы әлсіз болғанда оңай икемделетін стратегияны қолданады. Яғни компанияның мүддесін белгілі бөліктерін көрсететін компрамисті шешім іздеу. Кезкелген жағдайдағы қатаң немесе жұмсақ әдістер қоршаған ортамен өзара байланысқанда компания өз мүдделерін табандалықпен қорғайды.
Жалпы корпоративтік принциптерді қарастырғанда компания бөлімшелердің сонымен бірге түрлі сыртқы контрагенттермен өзара қатынасының арасындағы тиімді байланысты басқаратын ережелерді көрсету керек. Бұл ережелер жалпы басқару принциптерінен шығуы немесе осы принциптердің жеке аспектісін мазмұныда көрсетілуі керек.
Нарықтық экономикалық қызметтің ережелерімен жалпы корпоративтік принциптерінің өзара байланысы күрделі диалектикалық мінезді алып жүреді. Нарықтық шаруашылықтың негізінде, өндірістік экономикалық байланысты қалыптастыруда, бизнес сферасын таңдауда фундаменталды принцип жатыр. Бұл принципті абсолютті деңгейге шығаруға болмайды, өйткені мемлекеттік араласу немесе нарықтың белгілі бір секторының монополиялануына байланысты дын шектелуі мүмкін. Бірақтан да, таңдау еркінділігі түрлі тәуекелдермен байланысты.Егер компания ішіндегі жоғарғы сатылы менеджерлер жоспарлы және алдын ала көрудің жоғары деңгейіне қол жеткізе алатын болса, онда әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортамен байланыста, әрдәйім стихиялы және алдын ала анықсыздығы кездеседі. Осы жағдайда компания басшылары өндірістік және коммерциялық іскерліктің стратегиялық басқаруды құрғанда еркін кәсіпкерліктің диалектикалық қарама-қайшылығын есепке алып отыру керек.Бір жағынан компанияның қызметінің параметрлерін таңдауда нарықтық еркіндіктің өз-ара байланысын максималды қолдану керек. Басқа жағынан нарықтық шаруашылық дамуының стихиялық, алдын ала белгісіздік элементтерінің зиянын мүмкіндігінше минимумына дейін төмендету керек. Дәл осылай жалпы корпоративті принциптер мен басқа да нарықтық фундаменталдық принциптерді дайындауда және жүзеге асырудың арасындағы тікелей байланыс байқалады. Компанияның даму стратегиясын дайындауда қызметтің жеке түрлерінің және жалпы бизнестің ұтымды тәуекелділік деңгейін жақсылап есептеу өте маңызды.
Ірі акционерлік компанияның негізгі басқару принциптерін дайындауға және жүзеге асыруға жүйе үсті денгейдің принциптер мен пастулаттарының әсер етуінің жалпылай қарастырғанда келесідей пікірлерді атап көрсетсек болады:
— ірі акционерлік қоғамның қалыпты дамуынның сапалы стратегиясын дайындауда жалпы ғылыми принциптер мен постулаттарды шығармашылық түрде қолданған жөн. Оларды рациналды түрде қолданғанда статегиялық басқарудың ғылыми методологиялық базасын құруға мүмкіндік береді;
— нарықтық экономиканың жүзеге асуының принциптері, компанияның өндірістік-коммерциялық қызметін толығымен қамтиды және сыртқы экономикалық ортамен байланыстын стратегиясын дайындаудың негізі болады;
— жүйе үсті постулаттары мен принциптерінің бірыңғайлығы, акционерлік компанияны басқарудың жалпы принциптерінің құрылуы мен табылуын, ізденістін теоритикалық-методологиялық бағытын анықтайды.