Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері

Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіщтігі, өз халқына, Отанға, туып- өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық әлеммен біріге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі», — деп анықтама берген.

Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады.

Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, «Ер-Төстік» ертегісінің мазмұнында Ер тӨстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқұлақпен жекпе-жекке шығып, жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары – Көлтауысар, Таусоғар т.б. жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырды. Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді. Айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Бұдан басқа біздің түсінетініміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалдығы, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтарға төзімділігі әсірелеп беріледі. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге ұл-қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. «Өнер мұратқа жеткізеді» демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат –мұратына жетеді. Осы мақсат-мұратқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленіуне ықпал етіп, қызығушылығын тудырады.

Ертегілерде батырлардың түр тұлғасын «жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұрар» т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбіне «батырла» мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, «Құламерген», «Аламан мен Жолама», «Ағайынды екі жігіт», «Ер Төстік», «Шора батыр», «Керқұла атты Кендебай» т.б. ертегілерде басты кейіпкер – батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер бтырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы: «Ер Төстік» ертегісінде : «Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұра беретін бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді» — дейді. Бұл жерде кейіпкердің тұлғасын елін, жерін қорғайтын, ерлік жасайтын батыр кейіпінде көрінеді. Шыныда да, кейін Ер Төстік Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Осындай кедергілермен күресе отырып, мұрат-мақсатына жетеді. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екендігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екенін байқаймыз.

Ал «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: «Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, сондай күшті болыпты, алысқанда алып ұра беріпті, күрескенді жыға беріпті, күрескенді жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан кемпірді өлтіреді, алтын құйрықты, күміс жалды сегіз құлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады».

Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дұшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес кек алу жатыр. Ертегінің негізгі құрылымдарында туған-туысқандарға көмек беру үшін, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі тұлпардың бейнелеуі байқалады. Мысалы, «Әлдібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер Тарғын», «Көрұғлы», «Нарық батыр», Ер Көкше және Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс» т.б. ертегілерде көбіне ерлік көрсету, қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы Әлібек батыр «туғанында алты қарыс селбесімен туылады, ай сайын емес, күн сайын өседі», — деп айтылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «селбе» сөзіне «ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ» деп түсінік берілген.

Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. Себебі халықтың арман – тілегі бойынша осындай батырлар елді, Отанды қорғайтынын ұғынуға болады. Сондай-ақ «Қазанбай баиыр» ертегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз: «Өзінде алпыс ердің айбаты, алпыс ердің қайраты бар, дұшпанына кекшіл, бағынған дұшпанына кешірімшіл», — десе, ал оның жеке басының қасиеттерін былай сипаттайды: «Қазанбайдың ұрыс кезіндегі тағы бір айласы арқанға ілмекпен, қашып бара жатқан жаудың мойнына дәл лақтырып дәл түсіру және қанша жау болса да сескенбестен қарсы бару. Ол көп, аз демейді. Өзіне жұмсалған жаудың қаруын бойына дарытпай, екі жігіт әзер көтеріп жүретін найзасын кәдімгі қамшыдай үйіре сілтеп, көзіне көрінгенді шаншып, түйреп тастап отырады. Және бір ерекшелігі жауға оңтайлы күні ғана аттанады. Шабуылға ертеңгі Шолпан жұлдызы туған мезгілде шыққанды қалайды» — деп келтіреді.

Бұл жерде Қазанбайдың айла тәсілдерінен мағлұмат бере отырып, оның тегін батыр еместігін көреміз. Себебі ертегі болса да шынайы өмірге жақындығын байқаймыз /12/.

Орыс педагогі А.В.Сухомолинский: «Ертегі – халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» — деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақ та, онда халықтың отансүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын ойлаған арман тілектеріне негізделген патриоттық сезімі жатыр.

Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегідей жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің де ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады. Оқушылардың мектеп сахнасында өздері оқыған ертегілерді қойылым ретінде көрерменге көрсетуіне мүмкіндіктері бар.

Халықтық педагогиканың саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтық педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқытып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, мақал-мтел жаттаудан, ұлттық дстүрлерді талап ете білу керек.

Мақал-мтелдер

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше қонымды, ұтымды келеді.

«Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!»

Еліен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»

  • десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай

мансұқ етіп, бекер дейміз?

Қайта ұлтжандылығымыз оянып, төңірегімізге ой көзімізді тастап еркімізден тыс толқып тұрғанымызды сезер едік. Осы мақалды өз тілінде оқыған қай жұрт та жақтырмай, біздей тебіреніп тәлімді әсерге бөленері ақиқат.

«Ер – бір өледі, ез мың өледі»

Отаныңды, халқыңды қорғау, ұлттық немысыңды таптатпау – міндетің, азаматтық парызың, қас қағымдық үрейге беріліп «мың өлме» демей ме? Енді бірде сол асыл, қасиетті рухани мұрамыз:

«Алтау ала болса – ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегіні алады.»

  • деп халқымыздың бірлікке, татулыққы шақырады.

Мақал – мәтелдің түпкі мағынасы адамдарды отаншылдыққа тәрбиелеуге көп әсер етеді. Әсіресе мектепте бастауыс сынып оқушыларына көптеп қолдану, әр бір сабақта Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттылығын арттыру үшін мақал-мәтелдерді жаттақызып, айтқызып жарыстыру керек. Мысалы:

Туған жерге туың тік.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Өз елім — өлең төсегім.

Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.

Отан – оттан да ыстық .

Бата-тілек

Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің – мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой –санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастау – бұлағы.

Халықтың тілек бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы, отансүйгіш болып өсуге баулиды, жерін, елін қорғауға талапты тастүлек боп ер жетуге талпынтады.

Сондықтан да, жас ұрпақтарға, әсіресе бастауыш сыныптарға басынан бастап бата тілек айтқыздырып, жаттақыздырыу баланың әрі тілін дамытады, ақыл ойын дамытады, елге деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық сезімін оятуға көмектеседі. Сабақта, сахналық көріністерде ақсақалдардың сонау ерте заманнан батырларға берген бата тілектерін көптеп қолдануға болады. Мысалы: Шәңкінің бөлтірікке берген батасы:

Дауда жалдап өткіздім

Ат орнына шапанды. Он жеті жаста әкеміз

Жасанған жауды түсіріп,

Астынан тұлпар ат алды.

Үйірлетіп жылқы айырып,

Жаудың бетін қайырып,

Атақты батыр атанды.

Көңілімді көтеріп,

Тәңірі өзі бере деп

Берейін саған батамды.

Жай қолыңды, Бөлтірік,

Аққа қойып ниетіңді.

Қадірлі бол халыққа,

Қаырмасын бетіңді.

Арыстандай бетті бол,

Дұшпанға сөзің өтімді.

Дәулетің мен бақытың

Жетсін жеті ұрпаққа,

Пешенеңі берген секілді.

Алтын ерлі ақ боз ат

Астыңа сенің арысын

Қолаң шашты, қой көзді,

Алғаның бірге қарысы.

Көптің алып алғысын

Бақыт, дәулет дарысын.