Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол әсіресе 1 сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң орындауды талап ететіндей болуы керек.

Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан.

А.С.Макаренко; «Ойынның адам өміріндегі маңызы зор, ол енбекке даярлық болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиісің деп атап көрсеткен болатын. Дегенмен ойындар әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткілікті дәрежеде қолданылып келе жатыр деп айта алмаймыз. Шындап келгенде мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден елеулі іске — еңбекке, оқуға ауысатын шепке айналып кетеді. Мұғалімдер балаларға ұдайы «есею керектігін айтумен болады, ал ата-аналар бұл пікірге қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ балалар бұған қарамастан кез-келген бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде, үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге ойнайды. Ойындары да алуан түрлі: шығармашылық, стол үстілік, қимыдды болып келеді. Осы ойындардың көпшілігіне баланың өз тәжірибесі, оны қоршағын өмір, кітаптардың, кинофильмдердің мазмұны арқау болады.

Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына, іштарту  және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді.

Ұжымдық ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Мұндай ойындар кезінде балалар өздерінің іс-қимылдарын ойынның басқа қатысушыларының іс-қимылдарымен келісіп алуға, оз жолдастарына әділ болу жөнінде ережелерді орындауға тиіс. Балалардың көптеген ойындарында: кім бәрінен де мерген, бәрінен де епті, бәрінен де тез дейтін бәсекелі элементтер бар. Ойында біреулері жеңсе, енді біреулері жеңіледі. Мұндай жағдайлар тәрбиесінің бірінші сынып оқушыларының ұтылғанда да, ұтқанда да әлпетті болып қалыптастыруына мүмкіндік туғызады, ол ізгілікке, жолдасына көмектесіп,  оған әлі жасай білмейтінін  үйреткісі келетін тілекке негізделеді.

Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады.

Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен демалысынан байқалған жайттар көрінеді.

Ойнаушы топтар 4-5 адамнан, ал командалық ойындарда 8-10 адамнан құрылғаны дұрыс. Топтарда адам санының аздығы балалардың бір-бірімен белсенді өзара қарым-қатынас жасауына; жолдастық пен әділеттілік сезімдерін білдіруіне, ойында басқаларды өздереіне көндіруіне және өзінің де жолдастарының айтқандарын істеуіне мүмкіндік береді.

Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу — міндеттердің бірі.

Мұғалімнің міндеті — ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-қатынастарын бағалап отыру керек.

Тәрбиеші әр бала үшін оған жақсы ықпал ететіндей ойнаушылар тобын табуға тиіс. Міне, сонда ойын балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралына айналады.

Төменде бастауыш сыныпта өткізуге мүмкін кейбір ойындарды ұсынамыз:

«Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады; онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.

Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда «почта», «дүкені», «кинотеатр», «стадион» болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі «қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттерін атқарады. Бұлар «сатушылар», «шеберлер», «киномеханиктер», «кассирлер», «бақылаушылар» т.б. Әр ойыншының «ақшасы» мен қатырма қағаз жетондары болады, олар «қаладағы» тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып алынады.

Ойынның басталғаны туралы белгі берілісімен «қалада барлық «мекемелер», «стадион», «дүкендер» ашылады. Мысалы, кішкене «Жасұлан» кинотеатрын ұйымдастырып, онда да фильмдер көруге болады. Бұл үшін сеанс басталғанға дейін келіп, билет сатып алып, өз орынан барып отыру керек. «Ойыншықтар фабрикасында» бір топ жұмысшылар жартылай фабрикаттардан (қағаз, желім, қылқаламдар) дайын бұйымдар жасайды. «Почтада» хаттар жазып, бір-біріне сол жерде жөнелту керек, «хат тасушы» оларды көрсетілген балаға табыс етеді. «Дүкеннен» қайсыбір затты сатып алу қажет, т.б.

Барлық жерде сыпайылық ережелерін орындау, ұрысып-керіспеу, ұйымшылдықпен жұмыс істей білу, жолдастарға бөгет болмау, басқаларға көмектесу қажет. Кімде-кім сыпайылық пен жолдастық ережелерін бұзса, ондайлар «айып» төлейді (қатырма қағаз жетонын қолынан береді). Ойын аяқталғанда мұғалім сыпайылық ережелерін бір де рет бұзбаған балалардың есімін атайды.

«Жануарлар саябағы» ойыны. Бұл ойынның танымдық мәні бар. Балалар шағын топтарға бірігеді, әр топ өздерінің «жануарлар бағын» ұйымдастырады. Балалар бақта қандай жануарлар болатынын, оларды қандай матеиалдардан бейнелеу, олардың орынын неден істеу керектігін, кімнің «экскурсия жетекшісің болатынын келісіп алады. Жұмыс кезінде балалар кеңеседі, ортақ шешімге келеді. Олар түрлі жануарлардың суретін салады, мүсінін пластилиннен жасайды, мұның үстіне балалар осы жануарлар қай жерлерді мекендейтінін, немен қоректенетінін, адамға қандай пайдасы бар екенін өзгелерге әңгімелей білуге тиіс.

Ойынға бәрі дайын болғанда балалар топтары бір-біріне экскурсияға
барады. «Экскурсия жетекшілері» жануарлар туралы әңгімелейді, экскурсияға
келгендер сұрақтар қояды. Егер оған «экскурсия жетекшісінің » өзі жауап
қайтара алмаса, ол мұның жауаптарын кітаптардан табуға, ересек
адамдардан сұрап білуге тырысуға міндетті.

Ойын үшін түрлі жануарлар бейнеленген картиналар, пластилин, түрлі түсті және ақ қағаз, кілем, қылқалам, қалам, текшелер керек.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мұндай ойындарды көптеп ойлап табуға болады. Ойын бұған уақытымен жағдайлары бар балалардың талап-тілегі мен ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің қалауы бойынша таңдап алынады.

Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізу

Әрбір тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі — балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қатынас мәдениетіне баулу. Бұл қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Бұл арада тәрбиеші жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алады.

Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген анаңның алдында бас ию. Туған жер, отбасы — бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіңдік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқылы екендігін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың  қоғамның  дамуына мүмкіндік бере алады.

Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине, өте қиын. Бірақ оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын,араларындағы қатынастарды реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы  тұрғысынан алатын болсақ окқ өрісіндегі сәттілікке жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше қырынан көрінеді. Әрбір тәрбиешінің басты назарында – оқушы – Адам, оқушы – тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қоргау, дамыту міндеттері тұрады.

Тәрбие сағаттары – мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру міндетін  мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туғызатын сыныптан тыс жұмыстардың қызықты бір формасы. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, олардың алуан түрлі істермен әуестенуге ұмтылысын, тұрақты сараланған қызықты істерінің жоқтығын, сондай-ақ балалардың бір жақты жетілуін болғызбау қажеттігін ескере отырып, тәрбие сағаттыран ескеруіміз керек.

Тәрбие сағаттарын өткізу барысында мұғалімніғ позициясы өзгеріп отырады. Егер сабақ үстінде мұғалім оқу-тәрбис процесін бірден-бір ұйымдастырушы болса, тәрбие сағаттар жүйесінде ол бәрінен де тәжірибесі мол, жасы үлкен, ақылды жолдас, балалардың барлық істері мен ойын-сауықтарындағы кенесшісі болады.

Бастауыш мектеп оқушылары мектеп табалдырығында көрген өнегесі өміріне арқау болу үшін әр тәрбие сағатының осы тәрбие процесінде алатын орнын нақты анықтап, онын тақырып, ұйымдастыру формаларын алдын-ала анықтап, даярлауға, өткізуге оқушылар мен ата-аналарын тарту қажет. Ата-аналар кеңесінің төрағасы, кеңесшілері, мектеп ұстаздары тәрбие сағатына үлгілі еңбек қайраткерлерін, ақылгөй қарттарды мәртебелі ағалар мен аналарды шақырып, кездесулер өткізудің кішкентай баланың сана-сезіміне тигізетін әсері мол екенін ескерген жөн.

Барлық тәрбие сағаттары күнтізбелік күндер, жыл мезгілі, халықаралық мерекелерді есепке алып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді ескере отырып жоспарланады. Сонда олардың бала санасына тиігзетін әсері жоғарылайды. Олар уақыт пен кеңістік, әлеуметтік орга заңдылықтарына сай өмір суретініне түсініп,  ұғымдық  қоры қалыптасады.

Тәрбие сағаттардында балалар бір-бірін жақсы біледі, өзара достық байланыстар басталады, бірге дайындалу, қимыл әрекет жасау, еңбек ету қажеттігі туады.

Тәрбие сағаттары әр түрлі тақырыпта, әр түрлі мазмұнда, әр түрлі формада өткізілелі, яғни оның бағыты мұғалімнің біліміне, шеберлігіне,  оқушылардың өмір тәжірибесі мен қызығушылықтарына байланысты.
Неғұрлым жоғары кең үлгідегі әрбір тәрбие сағаты балалардың нағыз
мерекесіне айналады.

Тәрбие сағаттары барысында ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде, ұлттық этикет нормалары негезінде тәрбие беру мүмкіндіктері мол.Қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттері: мейірімділік, кеңпейілділігі, сөзге беріктігі әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, адалдық, имандылық, әділеттілікті билік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету дұрыс.

Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу бағытындағы тәрбие сағаттарының кейбір төмендегідей тақырыптарын ұсынамыз:

  1. Кең болсаң — кем болмарсың.
  2. Адалдық — қастерлі мінез.
  3. Сөзі райлының- жүзі шырайлы.
  4. Сыпайылық — адамды қоректендіреді.
  5. Көптің мүлкін көргенсіз алар.
  6. Үлкеге — құрмет, кішіге — ізет.
  7. Ұл — ұятымен, қыз — кылығымен көрікті.
  8. Қатыгездік қайдан шығады (пікірталас).
  9. Арынды жастан сақта.
  • Имандылық бастауы не? (пікірталас).
  • Сәлем- сөздің анасы.
  • Достық — өмір кілті.
  • Иман және инабат. т.б.

Біз енді төменде кейбір тәрбие сағаттарын өткізуді ұсынамыз:

Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайышылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттерден аулақ болуғатәрбиелеу.

  1. Адам бойндағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
    әліппесін бойына дарыту.
  2. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  1. Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер.

а) «Жаман жолдас

ә) «Үлкенді құрметтеуі. «Кішіге қамкорлығы»

б) «Автобус ішіндегі бала

в) «еңбек түрлері туралы суреттері, «құстарды атпауы т.б.

  1. Өсиет-мақалдар:

а) әдепті бала – арлы  бала,

әдепсіз бала -сорлы бала.

ә) жаманға айтқан ақылың,

далаға атқан оқпен тең.

б) әдептілік ар-ұят,

Тұрпайы мінез тағы жат.

  1. Қүпия хаттармен жұмыс.

Тәрбие сағаттарының барысы:

  1. I. Ұйымдастыру.
  2. II. Әдептілік, адамгершілік туралы әнгімелей отырып, мынандай сұрақтар қою:

— Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

— Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

— Әдепті бала болғың келе ме?

— Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?

— Әдептілікке бізді кімдер үйретеді? Балалар жауап береді:

  • Адам бойында жықсы, жаман қасиеттер болады. Әдептілік деп, қарапайым, кішіпейіл, шыншыл, адалдық  қасиеттердің жиынтығы.

— Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Әдептілікті, ақылдылықты бізге үлкенлер үйретеді. Ол — біздің аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренеміз.

Әдепті, ақылды бала қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. (Оқушылар кезекпен айтады).

  1. Ата-ананың тілегі.

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

Ұрыс пен керіс, айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан.

Ұнамды қылық байқайсың.

III. Сұрақ-жауаптар.

  1. Суреттер бойынша әңгімелеу. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
  2. «Жалғастыру ойыны. «Не істеуге болмайды. Осы сөздер үлкен етіп жазылып, көрсетіледі. Мұғалім басты сөзін айтады,  оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

а) Үлкендердің ақылынан кесіп өтуге болмайды.

ә) Кішкене баланы — жылатуға болмайды.

б) Құстарды — атуға болмайды.

в) Қыз баланы — ренжітуге болмайды.

г) Сабақтан — кешігуге болмайды.

д) Сыныпта — айқайлауға болмайды. т.с.с. жалғастырып айтады

«Не істеу керектігі жазылып көрсетіледі. Бұл да сол сияқты  жүргізіледі:

а) Үлкен кісіні — сыйлау керек.

ә)  Үлкеннің тілін алу керек.

б) Үлкендерге сәлем беру керек.

в) Кішілерге — қамқор болуы керек.

г) Аналарды, апаларды — сыйлау керек.

ғ)  Оқу құралдарын күтіп ұстау керек. т.с.с айтылады.

  1. Адамгершілік, сыйпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау. — Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

— Қонақ келгенде бала не істеу керек?

— Мектепте, сынып ішінде бала қалай жүру керек?

— Автобусқа мінгеңде не істеу керек?

— Телефонмен сөйлескенде ше?

Жауаптары айтылады.

  1. «Құпия хаттарға жауап беру.

Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.

Ойынның өту барысы:

  1. Мұғалім барлық карточкаларды араластырып таратады. Карточка біреуге көп, екіншісіне аз тиюі мүмкін. Бұл ештеңе етпейді.
  2. Бір-бірімен ақылдаспай әрқайсысы өз карточкасында не жазылғанын
    оқиды да, оның әрқайсысын өз тиісті орнына жазуын жоғары қаратып
    қояды. Мысалы бір карточкада «Үлкен адамның алдын кесіп өтпейсің
    деп жазылған. Егер оқушы бұл айтылғанмен әрқашан келісетін болса,
    онда ол карточканы орталық алаңға, келіспесе өзге алаңдарға қояды.
  3. Барлық оқушылар карточкаларын қойып болғаннан кейін, тағы  да өзгелермен ақылдаспай өзгелер қойған карточкаларды көріп шығады.
    Егер біреу карточка дұрыс қойылмаған деп есептесе, оның жазуын
    теріс қаратып қояды.
  4. Бұл кезең аяқталған соң нәтижені талдаймыз. Теріс аударылмаған
    карточкалар бүкіл сыныптың пікірін білдіреді.
  5. Келесі кезең – теріс  аударылған әрбір карточканы талдау. Сынып бұл карточканы осы алаңға кім қойғанын, ол кім теріс аударғанын
    анықтайды. Одан соң бұл карточка шын мәнінде қайда тұруы керек
    екендігі анықталады.

Бұл ойын балалардың моральдық нормалар жөніндегі білімдерін тексеруге, толықтыруға көмектеседі.