Балалар арасындағы агрессивтік жағдайларды болдырмау жолдары

Балалар агрессиясы бірнеше түрде көрініс береді. Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала дtп қарайтын көзқарас сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым-катынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.

Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуына қарсы алдын-алудың (профилактикалық жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселсні зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін КЛеонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

  1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі — көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.
  2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кездс ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты -жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзак уақыт шат болып жүреді. Махаббатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.
  3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды.Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездердс қарсылык көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін-өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда — эпилептикалық психопатия.
  4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер — тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөлсніп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз қабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.
  5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.
  6. Тұрақсыз тип (қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда — эпилептоидты психопатия.
  7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.
  8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көөшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда -истериялық психопатия.
  9. Цишоидтыц тип (тұйықталып қалушылық) Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезенде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түрі көрініс бергендер майда-шұйда сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін.
  10. Аффекті-экзальтаицялық. Наразылық көрсетіге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда — параноялды психопат.

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануды көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады. Олардың бірнешуі төменде берілген.

Мінездің акцентуациясын анықтау.

Тест 88 сұрақтан тұратын 10 шкаладан құралған. “Иә” және “жоқ” жауаптарының 2 нұсқасы беріледі. (“+” немесе “-“ таңбаларымен белгіленеді).