Баланың дамуына кері әсер ететін қасиеттердің жағдайы

Жеке тұлғаның дамуына кері әсер ететін тұлғалық қасиеттерінің жағдайы. (Автопортрет проективті әдістемесі, 7-9сынып оқушылары)

    Тұлғалық қасиеттері 2004-2005 оқу ж 2005-2006 оқу ж.
Интеллектісі жоғары (төмен) 65 (35) 71 (29)
Қорқыныш сезімі жоқ (бар) 60    (40) 70 (30)
Қарым-қатынаста ашық(тұйық) 50     (50) 65 (35)
Агрессиясы бар ( жоқ) 36      (64) 30 (70)
     

Кесте 3 Автопортрет проективті әдістемесі бойынша алынған жұмыс қорытындысы тұйық, агрессиясы бар, қорқыныш сезімі бар, интеллектісі төмен оқушылармен психологпен бірге:

а) қорқыныш сезімін алу

б)көңіл-күйін көтеру

в)достық қарым-қатынас тудыру

г)адамгершілікке баулу– туралы тренингтік ойындар жүргізілді.

Жүргізілген психологиялық зерттеу жұмысының қортындысын оқушыларды бақылау кезінде пайдаланады және тиісті оқушылардан топтар құрылып, педагог-психологтың жасаған арнайы коррекциялық түзету бағдарламасына сай арнайы жұмыстар ұйымдастырылды:

− Психологтың тиісті оқушымен жекелей әңгіме жүргізуі.

− Диспут : «Мен қазір қандаймын ?», «Мен қандай бола аламын» т.б..

− Психологтың ата-анамен жекелей баласы жайлы әңгіме жүргізуі.

− Психологтың ата-аналар жиналысында жас ерекшелігіне, жетілуіне, психологиялық денсаулығына сәйкес тиімді жағдайлар жайында жаңа технологияларды (сыни тұрғыда ойландырудың әртүрлі страгедияларын) пайдаланып семинарлар жүргізіп, баяндамалар оқып, кеңестер беру, пайдалы жаднамалар ұсынуы. Осы жоспарланған коррекциялық түзету жұмыстары арқылы толғандырып жүрген сұрақтар ақырындап жүзеге аса бастады.

Қортындылай келе, кикілжің жағдайдың тууы — жаңа бәсекелестік заман ағымының талабына сай дамып, қиындығына төзімділік танытуда жанұя мүшелерінің арасында жылы қарым – қатынастың, қолдап — түсінісудің болмауы, кейбір ата-ананың жалғызын шектен тыс еркелетуі, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына мән бермеуі, мінез бітісіндегі кейбір қасиетін меңгере алмауы оқушыны кикілжің жағдайға итермелеу себебі болып табылды.

Досымның бүгінгі бәсекелестік заман ағымына лайық болып тәрбиелену үшін, өмірден қоғамға қажет маман болып, елімізді көркейтуге үлес қосу үшін жоғарыда айтылған теріс қасиеттермен, іс-рекеттерге жол бермей, ауыз бірлікте болып, болашақты көздеуде алдымызға үлкен мақсаттар қойып, соған жету жолында жан — жақты іздену, ғылыммен техника саласындағы жаңалықтармен танысып отыру, еңбектену, жаңалық ашуға талпынуға баулу, қызығушылықтарын арттыру жұмыстары жалдан – жылға жандандырылуда. Педагог — психолог, сынып жетекші, ата-аналарымызбен бірлесе атқарған жұмыстар өз нәтижесін беріп, бірен — саран тәрбиеден ауытқуда жүрген құрбыларымның өзін — өзі танып, жеке тұлғалық қасиеттеріндегі кемшілікті түсіне біліп, ерік – жігерін қолға алып өз- өзімен жұмыс істеуі бізді қуантарлық жағдай болды.

Алдағы үш жылдағы мақсатым — психологпен бірге құрбыларыма ықпал жасауды жалғастыра отырып, диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесін көру.

Атамыз Абай айтқандай үш қасиетті “ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақылды, естен шығармай бойымызға сіңірсек біз тәрбиеден дұрыс жол табамыз!

«Әлеуметтік оқыту теориясы» бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғаралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрылымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтан да бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі — бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессия қатынасы.Дәлел бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура . Ол агрессивтілік әректке үш жағдай негіздеді:

  • әрекеттерд меңгеру тәсілдері;
  • олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;
  • оларды нақтылайтын жағдайлар.

Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әректті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – теденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғныс түсінігі бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:

  • жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандай да бір стимул оны ұйшықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады;
  • жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реацияны ұйшықтыратын стимул.

Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу.Әдетте қорғаныстың төрт түрін қолданылады:

  1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы болғаны;
  2. егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталынатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қортындысы дейміз;
  3. егер реакцияның соңынан жағымсыз қорғаныс ілессе онда жағымды жазалаудың қортындысы болғаны;
  4. егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы болғаны.

Деликвенттік мінез-құлық баланың дүниеге келуінен кейін басталған және оның мінез-құлқына әрі қарай әсер етуін жалғастыратын әлеуметтену процесінің сәтсіз иллюстрациясы болып табылады. Жеткіншектегі агрессиялық және агрессиялық емес мінез-құлық моделі әлеметтену процесінің тікелей көрінісі болады. Мінез-құлықтың ауытқушылығы немесе әлеуметтік дезадаптация әлеуметтік мақұлдамаушы мінез – құлық формасының туындауынан көрінеді. Агрессия дағды мен үйренуді қажет ететін әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырылады. Агрессиялық мінез-құлықтық әрекеттерді орындау үшін адам көптеген жағдайлар мен шарттарды білуі тиіс: қандай сөздер мен әрекеттер залал келтіреді, қандай амал-тәсілдер ауыртпалық тудырды, т.б. Бұл «білім» жеткіншекте туа пайда болмайды және бірден қалыптаспайды. Бала өз құрдастарымен күнделікті ойында басқа балаға бір рет «сәтті» қысым көрсетіп, өзінше қанағаттану сезімін алуы мүмкін.Бала бұл әдісті тағы да қолдана отырып, өз бойындағы агрессиялық мінез-құлықты күшейте түседі. Бұл жеткіншектегі агрессиялық мінез-құлықты бекіте түсудің негізгі тиімді тағы бір әдісі – тікелей ынталандыру, еліктіру. Басқаның агрессиялық мінез-құлқын бақылай отырып, жеткіншек өз мінез-құлқының шектелуіне көңіл бөлуі мүмкін: басқаларға болады,онда маған да болады. Бұл іспеттес мінез-құлық жеткіншектің басқа балалармен жағымсыз қатынасындағы, мысалы, төбелес – жанжалда, ересектерге бағынбауда, жалған әрекеттерде агрессиялық сипат алады.Бала агрессиясы әлемде түрілше тануымен де байланысты.