Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін жоспарлау және талдау

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

  • жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері;

2) өнімдер; 3) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кесте 2.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі

«Болат» ӨК 2004-2005 ж.ж.

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты Абсол.

ауытқу +;-

2004 ж. 2005 ж.
1 Жалпы табыс мың тг 61143 71123 +9980
2 Жалпы активтер мың тг 56890 63561 +6671
3 Жалпы активтердің табыстылық деңгейі % 107,5 111,9 +4,4

«Болат» ӨК мәліметтері бойынша жалпы активтердің табыстылық деңгейі 107,5 пайыздан 111,9 пайызға дейін ұлғайды, бұл кәсіпорынның активтері кәсіпорынның табыстылық деңгейіне көп үлес қосып отырғанын білдіреді .

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі — табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді.Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

  • басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
  • кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
  • табысты болжау әдісі;
  • шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасын индикаторыболып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Кестеде берілгендей, сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті 2005 жылы -0,06 коэффициентке азайды.

Бұл көрсеткіш табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызыметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер

Сатылған өнімнің табыстылық коэффициентін талдау

«Болат» ӨК 2004 -2005 г.г.

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты Абсол.

ауытқу +;-

2004 ж. 2005 ж.
1 2 3 4 5 6
1 Жалпы табыс мың тг. 61143 71123 +9980
2 Өнімді сатудан түскен табыс мың тг. 74813 93714 +18901
3. Жалпы активтердің орташа жылдық құны мың тг. 56890 63561 +6671
4. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі % 107,5 111,9 +4,4
5. Сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті коэф 0,82 0,76 -0,06

шешімдерқабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Таза табыс

Да=

Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторлардың сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскенсайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның 2000 жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштердің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:

  • кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі — өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі; жалпы активтердің айналымдылығы.

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдылығына байланысты болады.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейіне баға беру

«Болат» ӨК 2004 – 2005 г.г.

 

 

Көрсеткіштер

Нақты Абсол. ауытқу (+,-)
2004 ж. 2005 ж.
1. Жалпы табыс, мың тг. 61143 71123 +9980
2. Меншікті капитал мың тг.

35716

43617 +7901
3. Меншікті капиталдың табыстылығы, тг

1,71

1,63 -0,08

Факторларды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзгерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер ететін көрсеткіштер «Болат» ӨК 2004 – 2005 ж.ж.

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

   Нақты Ауытқу

(+,-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Жалпы табыс мың тг. 61143 71123 +9980
2. Өнімді сатудан түскен табыс мың тг 74813 93714 +18901
3. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны мың тг 29876 37191 +7315
5. Өндірістік қорлардың орташа жылдық құны мың тг 24052 24877 +825
6. Өнімнің қор сыйымдылық

коэффициенті

коэф 0,32 0,27 -0,05
7. Сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін табыс – сатылған өнімнің табыстылық коэффи-циенті коэф 0,82 0,76 -0,06
8. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі % 82,6 285,9 +203,3

капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін “тетік нәтижесінің” формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізу түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.