«Баян- Сұлу» АҚ –ның бәсекелік қабілеттілігін және өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау

Кез келген саланың құраушы бөліктері мен құрамдас бөлшектері арасында бәскелестік туындайды. Бұл экономикамыздың дамуының басты шарты болып келеді, себебі, бәсекелестік бар болған жағдайда тауар мен қызмет көрсетудің сапасы да, бағасы да тиімді болмақ.

Кәсіпорынның, оның ішінде өнімнің де, бәсекелестікке қабілеттілігі деп оның қысқа мерзім ішінде салынған капитал негізінде сәйкес келген саладағы табыстылықтың орта деңгейінен не төмен емес, не жоғары емес деңгейде пайда түсіру қабілеттілігі танылады. Басқа сөзбен айтсақ, бәсекелестікке қабілеттілік – кәсіпорынның қысқа мерзім ішінде тиімді қызмет етуі. Бұл жерде өнім өндіру мен оны тұтыну мерзімдерінің сәйкес келулері өте маңызды болып табылады. Бағдарламалар мен өндірістік көрсеткіштерді анықтаған кезде кәсіпорынның (“Баян-сұлу” АҚ) басты назары тұтынушы сұранысы мен қалауына бөлінуі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның жемісті қызметін анықтайтын басты факторлар ретінде келесілерді қарастыруды жөн көрдік:

  • мамандардың жоғары біліктілігі, оларды дайындау;
  • жұмыстың тұрақты сапасын (сенімділік, кепілдік, мерзімдерді сақтау) қамтамасыз ету;
  • тұтынушының таңдауына ықпал етуші кәсіпорынның (“Баян-сұлу”АҚ) имиджі.

Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі мен олардың бәсекелестік әлеуетін анықтайтын факторларды қарастырғанымыз жөн. Ондайларға біз келесілерді жатқыза аламыз:

  • жоғары нарықтық үлесі,
  • нарықтық үлесінің оңтайлы динамикасы,
  • жақсы жасалып, артынша іске асырылған стратегия,
  • кәсіпорын тұтынушыларының арасындағы оның жоғары рейтінгі,
  • беделдің оңтайлы динамикасы,
  • компанияның табысты стратегиялық топқа жатуы,
  • қажетті қаржы қорларының болуы,
  • тауардың жалпы номенклатурасы,
  • бағалық ерекшеліктер,
  • рентабельділік, технологиялық деңгей, инновациялық әлеует, қызметкерлердің жоғары деңгейлі біліктілігі.

Жоғарыда аталғандарды қарастыра келе, кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін төмендетуші факторларын да қарастыра кеткен жөн деп ойлаймын. Ондай факторлардың ішінен келесілер ажыратылады:

  1. төмен нарықтық үлес,
  2. нарықтық үлестің теріс динамикасы,
  3. стратегияның жоқ болуы,
  4. беделдің төменділігі,
  5. имидждің теріс динамикасы,
  6. компаниянық табысты емес стратегиялық топқа жатуы,
  7. шығындардың көп болуы,
  8. қызмет көрсету сапасының төменділігі және т.б.

Демек, өнім мен оны өндіруші кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі мен оны анықтаушы факторларды қарастырғанда, тек ішкі факторларды ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторларды да есепке алу  керек. Бұл орайда біз жалпы бәсеке қабілеттілігіне ықпал етуші сыртқы факторларын да анықтауымыз қажет:

  • нарық әлеуеті,
  • қолжетерлік жеңілдігі,
  • тауар түрі,
  • кіру барьерлері (қажетті инвестициялар, мемлекеттік реттеу),
  • нарықтың біртектілігі,
  • кәсіпорынның құрылымдық салалары мен нақты ұстанымдары,
  • кәсіпорынның атаулы салаға тартылу деңгейі,
  • технологиялық жаңалықтарды енгізу мүмкіндігі,
  • көлем негізіндегі үнемдеу,
  • фирмалардың диверсификациясы.

Бәсекелестік шарттары кезінде кәсіпорын жағдайын анықтауда құрылымдық және функционалдық әдістер пайдаланылуы мүмкін. Бірінші әдіс құрылымдық болып табылады. Оған сәйкес кәсіпорында бағалау саланың монополизациялану деңгейі білімінен барып шығуы мүмкін. Жаңа бәсекелестердің жолында пайда болатын негізгі кедергілерге ірі өндірістің үнемділігін, өнім дифференциация деңгейі, өмір сүріп жатқан фирмалардағы шығындар ерекшелігі, капитал көлемі және т.б. жатқызылады. Бәсекелестіктің жиілігі бірқатар өлшемдердің қызметі болып табылады, нарықтың даму қарқыны неғұрлым аз болса, соғұрлым бәсекелестік жиілігі де төмен болып келеді. Сонымен қатар, тауар немесе қызмет көрсетуді неғұрлым дифференциациялау мүмкіндігі аз болса, онда бәсекелестікке қабілеттілік жылдамдығы да өспек. Бұл ең бастысы тұтынушылардың бір фирма тауарынан екінші фирма тауарына ауысудың тым төмен құны үшін бәсекелестіктің өсу маңыздылығымен байланысты болып келеді. бизнестен шығу неғұрлым қиын болса, соғұрлым бәсекелестік тығыз дамиды

3-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешкнді үш факторы.

Аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бірін – бірі толықтырып отырулары қажет.

Бәсекелік қабілетті анықтау төмендегі формуланың көмегімен жүргізіледі:

К=Э-И/ Э+И * 100%

Мұндағы К- өнімнің бәсекелік қабілетінің ағымды коэффициенті;

Э- өндірілген өнімнің экспорттық үлесі, %.

И – ішкі нарықтағы импорттың үлесі, %.

Сонымен қатар басқа салалардағы ірі компаниялардың келуі де бәсекелестікті өсіреді. Атаулы бизнес саласына кірген жаңа компаниялар салада алғы орынға ие болуларын көздейді.

Бәсекелестік жиілігін анықтаудың екінші әдісі функционалдық болып табылады. Бұл жерде басты орында фирманың экономикалық көрсеткіштері («шығын – баға», өндірістік қуатты өндіруі, өнім көлемі, пайда нормасы және т.б.) ойнайды. Бұл жағдайда талдау нысаны болып үш нысана белгіленген.

Біріші топқа кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметінің тиімділігін беруші көрсеткіштер жатады. Олар таза пайданың таза сатуларға, материалдық активтердің таза құнының таза айналым капиталына деген қатысын білдіреді.

Екінші топ көрсеткіштері компанияның өндірістік саласының қызметін сипатайды. Көп жағдайда негізгі және айналымдағы капиталдың пайдалану жиілігін белгілейді. Бұл топқа таза сатулардың материалдық активтердің таза құнына, таза айналым капиталына, материалдық-өндірістік қорларға деген қатынасы, материалдық-өндірістік қорлардың таза айналым капиталына деген қатынасын белгілейді.

Үшінші топқа кәсіпорынның қаржылық қызметімен байланысты көрсеткіштер кіреді. Оларға айналымдағы капиталдың ағымдағы қарызға деген қатынасы, ағымдағы шоттардың төлену кезеңі, ағымдағы қарыздың материалдық шоттарға деген қатынасы, ұзақ мерзімді міндеттемелердің таза айналым капиталына деген қатынасы кіреді.

Функционалды әдіс жеке кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, сонымен қатар, фирманың жалпы көрсеткіштеріне жататын еңбек өнімділігі пайдаланылады. Көрсетілген көрсеткіштердің салыстырылуы мен салғастырылуы фирманың немесе оның бөлігінің бәсеке қабілеттілік деңгейін сипаттайды.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтау кезінде сату көлемінің активтерге деген қатынасы мен сату көлемінің негізгі капиталға деген қатынасы маңызды рөл ойнайды. Атаулы көрсеткіштердің өсуі фирма операцияларының тиімділігінің өсу деңгейін немесе бағалардың инфляциялық көтерілуін білдіреді. Тиімділікті бағалау кезінде аса үлкен маңызға түскен пайда мен шыққан шығын шоттары баптарының өзгеруі ие болады.

 Соңғы кезде отандық «Баян- Сұлу» кондитерлік кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта біршама танымал болып келеді. Тұтынушылық қасиеттері жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін бұл кондитерлік өнімдер ішкі нарықта өз орындарын нығайту шараларын іздестеру.

4-кесте «Баян — Сұлу» АҚ-ның кондитер өнімдерінің бәсекелік қабілет деңгейлерін бағалау.

Кондитер өнімдерінің атауы Бәсекелік қабілет көрсеткіштері Бәсекелік қабілет деңгейі Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымдылық деңгейі Нарықтық бағасы 1кг
«Каракум» 9,5 9,3 595 0,54 1
«Чародейка» 9,2 9,2 555 0,48 2
«Мишка на севере» 9,0 8,9 450 0,33 3

« Баян – Сұлу» АҚ-ның өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін талдау барысында кондитер өнімдерінің арасында ең жоғарғы көрсеткішке «Каракум» сауда белгісі ие болып тұр. «Чародейка» өнімінің «Каракум» өнімімен салыстырғанда сапа деңгейі 0,3-ке , ал «Мишка на севередан» 0,5-ке жоғары болып шықты.

Сонымен қатар кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі туралы кәсіпорындардың қаржылық есеп беруінде толық тіркелетін төменде берілген көрсеткіштер бойынша талдау жасауға болады:

  • құн және санмен берілген сату динамикасы,
  • Егер де өткізілген өнімнің құны оның сыртқы өсуіне қарағанда тез өссе, онда оған деген сұраныс та көбееді (бұл жерде бағалардың инфляциялық өсу факторын есепке алған жөн); егер де жағдай кері болса, өнім сұранысқа ие болмай, кәсіпорын оның бағасын төмендетуге мәжбүр болады.
  • Пайданың сату көлеміне деген қатынасының өсуі бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуін білдіреді,
  • Сату көлемінің іске асырылмаған өнімге деген қатысы алдыңғы екі көрсеткішті толықтырады. Оның азаюы сұраныстың төмендеуін немесе өнімнің артық өндірілуін білдіреді,
  • қуаттылықты арттыру, көбейту (басынан қиындылықты кешіре бастаған кезде фирма қуаттылығынан айырыла бастайды),
  • тапсырыс портфелі (егер де оның көлемі айтарлықтай болса, фирма өнімінің жоғары сұранысқа ие екенін білдіреді),
  • капитал салынымының көлемі мен бағыттары.

Әдетте фирма капиталын өз көзқарасы тұрғысынан болашағы бар және тиімді өнім өндіруге жұмсайды. Егер де ол атаулы өндіріске  капитал салынымын тоқтатса, бұл фирманың табыс алуды қарастырмайтынын білідіреді. Демек атаулы тауардың сұранысқа ие емес екендігі анықталады.

Қызметінің алғашқы кезеңдерінде фирма ең алдымен акциялардан түскен қаражат негізінде жұмыс істейді. Артынша капиталданған пайданың плі кеңее береді. Соңғысының қарқынды өсуі фирма қызметінің жоғары тиімділігі туралы қорытынды жасауға және оның тәуелсіздігінің өсуі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Аталған көрсеткіштердің арасынан келесілер есепке алынады:

Жеке капиталдың баланс қорытындысына деген қатынасы. Ол фирманың сырттай қаржыландыру көздерінен тәуелсіз екенін білдіреді. Неғұрлым атаулы қатынас жақсы болса, соғұрлым оның қаржылық жағдайы жақсы болмақ. Қарыздың жалпы сомасы жеке капитал сомасынан аспауы тиіс деген ереже барлығына белгілі. Демек, егер атаулы қатынас 50 % құраса, фирманың қарыз капиталдары арқылы қаржыландырылуы орынды деңгейде жүріп жатыр деген сөз.

Барлық қарыздың жеке капиталға деген қатынасы. Бұл алдыңғы көрсеткіш сияқты қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздерінің арақатынасын белгілейді. Қарыздың жеке капиталдан аспауы барлығына алтын ереже болғанымен, кейбір қарыздар қысқа мерзімді болғандықтан, жағдайды анықтау үшін фирма құрылымы мен оның шығындарын талдауды қажет.

Жеке капиталдың нақты капиталға деген қатынасы. Ол қаржыландырудың ішкі көздері арқылы негізгі қорға жасаған инвестицияларының қандай деңгейде екенін көрсетеді. Егер де атаулы қатынас 1-ден төмен болса, қорлардың бір бөлігі қарыз капиталы арқылы қаржыландырылады деген сөз. Демек, артынша пайыз түрінде төленетін шығындарға әкеледі. Егер де төленетін пайыздың көлемі салынған капиталдан түскен табыстың орта нормасынан жоғары болса, ол залалды болып табылады.

Ұзақ мерзімді қарыздың жеке капиталға деген қатынасы. Бұл фирманың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау кезіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады.

Фирма қызметі ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз міндеттемелері арқылы қаржыландыру төленетін пайыздың түскен пайдадан неғұрлым аз болған жағдайда ғана тиімді болмақ. Ұзақ мерзімді несие фирма операциялары мен әрекетін неғұрлым кеңейтуге және көп пайда түсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қарыз көлемі айналымдағы капиталдан аспауы керек. Керісінше жағдайда фирма қарыз қаражатының бөлігін ағымдағы операцияларға жұмсайтынын білдіреді. Демек, оның шығындары тағы да өседі, өйткені ол пайыз мөлшерлемелерін өтеуге біраз қаражат жұмсайды. Операциядан түскен жеке қаражат (ақша) есеп беруде беріледі.

Ағымдағы капитал салынымдарының өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті есеп беру жылында негізгі капиталға салынған салыным операциялардан түскен қаражат есебінен жүргізілгені туралы мәлімет береді.

Өтеу (жабу) коэффициенті немесе айналым активтерінің қысқа мерзімді қарызға деген қатынасы фирманың төлем қабілеттілігі мен бәсекелестікке қабілеттілігін сипаттаушы көрсеткіш болып табылады. Ол негізінен 1-ден кем болмауы тиіс. Алайда, айналым активтерінің барлық элементтері бірдей болмағандықтан, фирманың төлем қабілеттілігін сипатаушы басқа да қосымша көрсеткіштер есептеледі.

Айналым активтерінің өтімшілік коэффициенті ақшалай қаражат пен айналым активтеріндегі жедел іске асырылатын құнды қағаздар үлесін көрсетеді. Атаулы коэффициент неғұрлым жоғары болса, соғұрлым капитал өтімділігі жоғары болмақ. Демек фирманың төлем қабілеттілігі де, бәсеке қабілеттілігі де жоғары болады деген сөз. Қысқа мерзімді өтімділік қаражаттарымен жапқан кезде өтімділік категориясына ақшалай қаражатпен қатар дебиторлық қарыз да кіреді. Атаулы көрсеткіштердің төмендеуі фирманың төлем қабілеттілігінің төмен екенін білдіреді. Фирманың төлем қабілеттілігі қарыз өтімді активтермен жабылған (өтелген) кезде ғана жоғары деп саналады.

Сол себептен кәсіпорын мен оның өндіретін өнімнің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін анықтаған кезде, жоғарыда аталған көрсеткіштерді біріктіре отырып қарастыру қажет.

  1. қаржылық қортындының көрсетілген қызмет көлемінің () өгеруіне байланысты өзгеруін мына формула арқылы анықтаймыз:

мұндағы

 — базисті қаржылық қорытынды

 — өндірілген өнім көлемінің толық шығындар бойынша өсу коэффиценті ()

Бұл көрсеткішті « Баян – Сұлу» АҚ бойынша есептейік:

9676 / 7858 = 1,231

 347(1,231-1)=80,2

  1. қаржылық қорытындының көрсетілген қызмет шығындарының 1 теңгеге өзгеруі салдарынан өзгеруі келесі формула бойынша анықталады:

Мұндағы

— базисті кезеңде өндірілген өнім көлемі;

— есепті кезеңде өндірілген өнім көлемі;

 — базисті кезеңдегі өндірілген өнім қызмет шығындары;

 — есепті кезеңдегі өндірілген өнім шығындары;

« Баян-Сұлу» АҚ бойынша бұл көрсеткіш 2003 -2004 жылдар үшін.

(7988/9926-7858/9676)374=34,7 мың теңге

  1. қаржылық қортындының өткізу құрлымының өзгеруі есебінен өзгеруін төмендегі формула бойынша анықтаймыз:

Мұндағы

 — есепті кезеңдегң баға бойынша өткізу көлемінің өсу коэффициенті.

Осы есептеулерді «Баян-Сұлу» АҚ бойынша есептеп табамыз.

= 9926/9676=1,026

=347(1,026-1,231)=-71 мың теңге.

Енді өнімнің қасиеттеріне келетін болсақ, өнімді сапалық қасиеттері арқылы тандаған кезде тұтынушы үшін өнімнің дәмі, түсі, өңделу деңгейі маңызды болып табылады.

 5-кесте ішкі нарықтағы кондитер өнімдерінің сапалық қасиеттерін бағалау.

Кондитер өнімдерінің атауы Дәмі Иісі Ораманың дизайны Ауызда еруі Сақтау мерзімі
« Каракум» 9,6 9,3 9,9 9,3 9,2
«Чародейка» 9,4 9,1 9,5 9,1 9,2
«Мишка на севере» 9,0 8,9 9,2 9,1 9,2

Осы анкеталық зерттеу көрсетіп отырғандай «Каракум» өнімінің сапалық қасиеттері жоғары және де сұранысқа ие болып тұрғаны байқалып тұр.

6-кесте «Баян-Сұлу» АҚ «Каракум» өнімінің 100 грамм тағамдық құндылығы:

Көрсеткіштер Бірліктері
Ақуыздар (гр) 4,7
Майлар (гр) 30,6
Көмірсулар(гр) 60,9
Қуаттылық құндылығы(ккал) 529

Бұл кестеден біз «Каракум» өнімінің тағамдық құндылығы керемет болып тұр.

Сонымен, жалпы алғанда, отандық өнімдердің бәсекелік қабілеттерін арттыру мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің тартымдылық қасиеттері мен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін әрбір кәсіпорынның өзінде бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану және оған мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі.