«БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

«Баян-сұлу» АҚ Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Фабрика 1974 жылы құрылып, содан бері өнімдерімен тұтынушыларды қуантып келеді. Атаулы кәсіпорын өзгеріп келе жатқан тенденциялармен қатар аттап, өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді.

Атаулы фабрика өнімдерінің ассортименті де баршылық. Олар жоғары сапа талаптарына жауап береді. «Баян-сұлу» АҚ жоғары іскерлік беделіне ірі отандық және шетелдік компаниялармен жасаған келісім-шарттары мен әріптестігі кепіл бола алады. Атаулы фабрика Ресей, Украина, Белорусь, Германия, Польша, Нидерланд, Дания, Финляндия және т.б. мемлекеттерінің кәсіпорындарымен іскерлік қатынаста. Олардан өндірілген өінім ассортименті мен өнім сапасын арттыру мақсатында түрлі қондырғылар мен құралдарды сатып алады.

Сонымен қатар аталған кәсіпорын құрылуынан бастап бүгінгі таңға дейін түрлі технологияларды енгізе отырып, қызмет атқарып келеді.

2-кесте «Баян-сұлу» АҚ-ның қызметтік өмірбаяны

Жылдары Атқарған қызметі
1 1974 Кәсіпорын  құрылды
2 1975 Бисквит өндіру цехы іске қосылды, какао өнімдерін қайта өңдеу бойынша құрылғылардың іске қосылды, шоколад өнімдерін өндіру цехтары жұмыс істей бастады.
3 1977-1980 Өнімнің жаңа түрлерін шығару мен ассортименттің кеңейтілу жобалары іске асырыла бастады.
4 1981 Басшылықтың ауысуына байланысты (Кисилев А.П.) кәсіпорын жаңа бағытта өнім шығаруға бет алды (жылына 30мың тонна өнім).
5 1993 Қостанай кондитерлік фабрикасы «Баян-сұлу» ашық акционерлік қоғамға айналды.
6 1996 Кәсіпорындағы барлық қызмет түрлері компьютерлік техникамен жабдықталып, өндірісті жергілікті басқару жүйесі енгізілді.
7 1996-1997 Орамасы бар өнім шығаруға арналған жаңа құрылғы «EDALE E250S»және “EDALE E510i” (Ұлыбритания).
8 1998-1999 Жаңа технология талаптарына жауап беретін құрылғылар іске қосылды (карамель өндіру құрылғылары, орама машиналары; Италия).
9 2003 Балы бар және балсыз шоколад өндіру технологиясы (Түркия).

«Баян-сұлу» компаниясының ресми дилері ЖШС «Интер Фуд Трейд» компаниясы болып табылады. Өндірілген өнім міндетті түрде кәсіпорынның негізін құрайды, сол себептен, оның қаржылық жағдайын талдауға тоқталайық.

«Баян-сұлу» АҚ-ның қаржы–экономикалық жағдайын талдау оның объективті бағасын ғана беріп қоймай, сонымен қоса экономикалық потенциалды тиімді қолдану жолдарын анықтап, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Тұтынушы нарығының циклді дамуы мен құбылмалылығына байланысты, шығарылған өнім түрлеріне сәйкес нарық конъюнктурасын жүйелі түрде бақылау қажеттілігі туындап отыр. Бұл шығарылған өнім көлемін басқарудың тиімді саясатын қалыптастыру мен кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.

Талдау жүргізу екі негізгі мақсатты көздейді:

— «Баян-сұлу» АҚ-ның мүлкінің көлемі, құрылымы мен құрамы және оның міндеттемелерінің мөлшері мен жағдайы туралы түсініктеме беру;

— экономикалық тиімділік, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты көрсеткіштірді «Баян-сұлу» АҚ үшін тауып, осы көрсеткіштердің даму тенденцияларын анықтау.

3- кесте «Баян Сұлу» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау.

Көрсеткіштер өлщем бірлігі 2004 2005 ауытқулар
 +- %
1 Өткізілген өнімнен тскен табыс мың. теңге 2550777,0 4039594,0 1488817,0 158,4
2 өткізілген өнімнің өзіндік құны. мың. теңге 1984626,0 3257934,0 1273308,0 164,2
3 Жалпы табыс мың. теңге 566151,0 781660,0 215509,0 138,1
4 Кезен шығыны мың. теңге 289449,0 473363,0 183914,0 163,5
5 негізгі қызметтен түскен табыс мың. теңге 276702,0 308297,0 31595,0 111,4
6 негізгі емес қызметтен түскен табыс мың. теңге 50257,0 9795,0 -40462,0 19,5
7 салық салғанға дейінгі табыс мың. теңге 326958,0 318092,0 -8866,0 97,3
8 таза табыс мың. теңге 200641,0 199582,0 -1059,0 99,5
9 1 тг шаққандағы шығын  теңге 0,89 0,92 0.03 103,61
10 өнім рентабелділігі % 8,8 5,3 -3,5
11 сату рентабелділігі % 7,9 4,9 -2,9
12 Жұмыскерлер саны адам 432,0 450,0 18,0 104,2
13 Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі мың. теңге 5904,6 8976,9 3072,3 152,0
14 Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры мың. теңге 223065,0 230032,0 6967,0 103,1
15 бір жұмысшылардың айлық еңбек ақысы теңге 43029,5 42598,5 -431,0 99,0
16 негізгі қорлардың орташа жылдық құны. мың. теңге 716448,0 1035276,0 318828,0 144,5
17 қор қайтарымдылығы  теңге 3,6 3,9 0,3 109,6
18 қор сыиымдылығы  теңге 0,28 0,26 -0.02 92,9
19 қормен қарулану мың. теңге 1658,4 2300,6 642,2 138,7

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде 1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

2 кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1) Өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанды 1488817,0 мың тенгеге өсіп тұр, ол 158,4% құрайды. Оның себебі өнім көлемінің өсуі немесе еңбек өнімділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1273308,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 164% құрайды, оның себебі шикі зат пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

3) Жалпы табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 215509,0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 138,1% құрайды. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.

4) Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 183914,0 мың теңгеге өсіп отыр және 163,5% құрайды. Оның себебі 2005 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарылауы мүмкін.

5) Негізгі қызметтен түскен табыс 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 31595,0 мың теңгеге өсіп – 111,4% құрайды. Ол негізгі емес қызметтен түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі әсер етуі мүмкін.

6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -40462,0 мың теңгеге кеміп, 19,5% құрайды.

7) Салық салғанға дейінгі табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -8866,0 мың тенгеге төмендеп, 97,3% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

8) Таза табыс 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы -1059,0 мың теңгеге төмендеп, 99,5% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

9) Бір теңгеден түскен табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 0,03-ге өсіп тұр.

Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

10) Қарастырып отырған кәсіпрынның өнім рентабелділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -3,5%-ға төмендеп отыр. Оның себебі жалпы табыстың төмендеуі және өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

11) Стау рентабельділігі 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -2,9%-ға төмендеп отыр. Оның себебі өнімнің өзіндік құнының өсуі болуы мүмкін.

12) Жұмыскерлер саны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 18 адамға көбейді, ол 104,2% құрайды. Оның себебі өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі.

13) Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 3072,3 мың теңгеге өсті және ол 152% құрайды. Оның себебі еңбек ақының өсуі болуы мүмкін.

14) Жалпы жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 6967,0 мың теңгеге өсіп, 103,1% құрайды. Ол өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуімен және еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.

15) Бір жұмысекрдің орташа айлық еңбек ақысы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -431,0 теңгеге кеміп, 99,0% құрайды.

16) Негізгі қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 318828,0 мың теңгеге өсіп, 144,5% құрайды. Ол қор қайтарымдылығының өсуімен байланысты.

Негізгі капиталдық пайдалану деңгейі бір жағынан фондтар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорының прогресивті технологиялық саясат болса, екінші жағынан өнімді шығару барысында өндірісті ұйымдастыру мен технология. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың арасындағы ең негізгі көрсеткіштер болып қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.

17) Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 0,3 теңгеге өсіп, 109,6% құрайды. Оның себебі технология мен өндірісті ұйымдастыру болып табылады.

18) Қор қайтарымдылығы 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -0,02 теңгеге өсіп, 92,9 құрайды. Оған әсер еткен 2005 жылы жалпы табыстың төмендеуі және өнім мен сату рентабельділігінің азаюы әсер етуі мүмкін.

19) Қормен қарулану 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 642,2 мың теңгеге өсіп, 138,7% құрайды. Оған әсер еткен 2005 жылы негізгі қорлардың орташа құнының 13468,0 мың теңгеге артуы мен қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы болып табылады.