Ғылыми және арнайы әдебиеттерде өнім сапасына берген анықтамалардың түр-түрлерін кездестіруге болады. Дегенмен де әбден қалыптасып, құлаққа үйреншікті стандартты анықтама да баршылық. Өнім сапасы – бұл тауардың тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетімен шартталатын қасиеттер жиынтығы.
Сапа саласындағы белгілі американдық ғалым А.Фейгенбаум өзінің «Сапа билігін басқару» атты еңбегінде өнім немесе бұйым сапасы ретінде келесі түсінік береді: «өнім немесе қызмет көрсету сапасын өнімнің немесе қызмет көрсетудің техникалық, технологиялық және тұтынушылық сипаттамаларының ортақ жиынтығы деп тануға болады…»
Сонымен қатар, автордың дәл атап кеткені, өнім сапасы инженермен емес, тіпті жалпы басқару әдістерімен де емес, тұтынушымен анықталады.
Басқаша айтсақ, сапаның негізін өнімді немесе қызмет көрсетуді пайдаланудағы ұтынушының тәжірибесі жатыр.
Қазіргі кездегі өндірістің өнім сапасын қамтамасыз етудің өзектілігі келесідей негізгі себептерге байланысты:
- сапа- ірі сатып алушылар үшін басты критериі. Өнімнің бағасы жоғары болғаннан тапсырысты жоғалту, өнімнің сапасы төмен болғаннан жақсырақ.
- жалпылама сапа. Бәсекеге қарсы тұру үшін, кәсіпорын көптеген жеке шараларды жүзеге асырады. Сапа және сапаны басқару жүйесі кешенді шараларды ұсынады. Өндірістік процестің барлық сатыларын қамтиды- өнім саясаты, жоспарлау, маркетинг,өткізу ұжым, инновация және технология, кәсіпорын нарықта тиімді жұмыс жасауы үшін.
- сапа- шығындарды төмендетудің басты құралы. Кейіннен қатені жөндегенше, бірден дұрыс жасаған арзанырақ болып табылады.
- сапа – фирманың нарықта нық тұруын қамтамасыз етеді. Ашық және либералды нарық жағдайында тауар және қызмет көрсету бірін-бірі ауыстыра алады. Өнім сапа деңгейі маңызды болып келеді.
Көптеген отандық зерттеушілер сапаны ғылыми-техникалық ілгері дамудың айнасы деп те атайды. Өнім сапасын – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы. Сапаға қарап қолданған техникалық, технология және басқару деңгейі анықталады.
Сонымен қатар, өнім сапасы тек техникалық категория болып қана қоймай, аса маңызды экономикалық категория болып та танылады. Экономикалық категория ретінде ол тұтынушылық құнмен тығыз байланысты. Егер де тұтыныушылық құн тауардың негізгі пайдалылығы болса, онда өнім сапасы өнімді пайдаланудағы нақты жағдайдағы тұтынушылық құнның көріну деңгейі болып табылады.
Өнім сапасы тұтынушылық құнның бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Сонымен қатар өнім сапасы экономикалық категория ретінде міндетті түрде кәсіпорын қызметінің өзіндік құн, баға, рентабельділік, пайда және т.б. сияқты экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады.
Өнім сапасын арттыру маңызын макро- және микродеңгейлерде қарастыру керек. Макродеңгейдегі өнім сапасын жоғарылату келесі мүмкіндіктерді береді:
- Тауар мен қызмет көрсетулердің экспортын өсіру;
- Экспорт құрылымын жақсарту;
- ҒТП іс жүзіндегі дамуын жылдамдату;
- Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
- Халық игілігін көтеру;
- мемлекет беделін көтеру және т.б.
Қарап отырсақ, өнім сапасымен көптеген мәселелер тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар өнім сапасы кәсіпорынның кез келген меншік түріндегі басты және маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындар үшін сапалы өнім шығару әлдақайда маңызды болып келеді. Бұл ең алдымен кәсіпорын беделі мен имиджін қалыптастыруға қажет. Жоғары деңгейлі имидж — бұл танымалдық, сатып алушылардың фирмаға, оның өнімдеріне, жарнамасына деген тұрақты және оң қатынасы. Нарық және бәсеке жағдайында фирма сұранысқа ие сапалы тауар өндірсе, оның болашағы зор болмақ.
Сонымен, кәсіпорынның өнім сапасы мәселесінің шешілілуі – бұл жоғары деңгейлі имидж, сыртқы және ішкі нарыққа шығу, неғұрлым пайда алу, кәсіпорынның тұрақтылығы.