Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау — әлеуметтік мәні зор, халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қоғау, оларды тәуелсіз, мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалақтар осыны дәлелдейді.
«Бала тәрбиесі — бесіктен басталады » — деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5-6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты «Білім туралы» заңның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді елеміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 6 жастағыларды мектепке дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің сақталуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтан да 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-нанлар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтыған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмашылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтыған балалар тәрбиешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрекетте белсенділік көрсетіп, өз құртастарының арасында өзін-өзі еркін ұста, әрі бақылау алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына, жаңа ұжымға, қызығушылығында кемдік орын алады. Олардды мектеп шеберлігі үлкен роль атқарады.
Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесіндеақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытта негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде ребус, кроссворд, мақал-мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайдаланылады. Жылдан жылға материалдық техникалық базамыз, әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молдап түсуде.
Балалар мекткпалды топтарын бітіргенде толықтай бағдарламы меңгеріп шығады. Буынға еркін бөліп оқуға, жазбаша, аузыша есеп шығаруға ойларын жеткізе білуге дағдаланады. Әр тоқсан және жыл аяғынды балаларға байқау тест өткізіледі. Сәуір айында облыстық білім басқармасынан келген тексеруде балалар білімі жақсы көрсеткіш береді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін «Білім беруді дамыту тұжырымдамаснда» 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп баруы тиіс делінген. Онда баланы оқыту, бағдарламының үйлесімділігі, оны шаршаудан қорғау мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына назар аудару, баланың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру көзделеген.
2003-2004 оқу жылында 5-6 жастағы 3453 баланың 18 пайызы ғана балабақшада тәрбиеленсе, 2004-2005 оқу жылдында 3356 баланы міндетті мектепалды даярлықтан өткізуіміз тиіс еді. Аталған жағдайларда сараптап қарасақ, қаламыздағы алты балабақшаның сиымдылығы 1020 орын, қазіргі таңда 1,5-6 жасқа дейінігі 670 бала, барлығы 1195 бала оқып тәрбие алады. Тұжырымдамада көрсетілгендей, ббаланың дем алуын, оқуын, тамақтануын қамтамасыз ететін болсақ, қаламызда балаларды дайындауға тағы 1-2 балабақша немесе мектепалды даярлық сыныбы қажет. Себебі қазіргі таңда қаламыздағы бес балабақша бала мен толық және 5 жасқа дейінгі 200 бала, 5-6 жастағы 150 бала орын алуға кезекте тұр. Кадр мәселесіне келсек, кәсіпорын педагогтары 1999 жыл сайын балаларды мектепке дайындап, олар дайындаған балалар мектеп, гимназияларда жақсы оқушы атанып жүр.
Білім негізі – бастауышта қаданады десек, оған барар жол балалақша қабырғасында мына төмендегідей проблемалар шешілуі тиіс.
1.Балаларды толықтай мектепалды бағдарламасымен қамту үшін жабылған балабақшаларды қайта ашу немесе мектеп жасынан арнайы талапқа сай топтар ашу (ойын бөлмесі, тамақтану, демалуын қамтамасыз ету).
2.Топтағы бала санын реттеу.
3.Мектепалды даярлық пен бастауыш білім арасында сабақтастық болатындай жүйелі бағдарлама жасау.
4.Мектепалды топтарды оқыту үшін жан-жақты жетілген кадрларды жаярлау, қабылдау.
Қорыты кле айтарым: қазіргі кезде қала балабақшаларында 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға біраз жағдай жасалған. Балабақша педагогтары балалар бойына барлық адагершілік, имандылық қасиетті, білуге құштарлықты дамытуға күш жігерін аямайды деп сенім білдіремін.