«Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде.

«Балбөбек бағдарламасы» бойынша өткізілген «Қыс қызықтары» деген тақырыптағы сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, әңгіме, жаңылтпаш, өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер айту арқылы сөздік қорын байту, көңіл-күйлерін көтеру. Кеңістікті, уақытты бағдарлай білу, заттардың көлемін ажыратып санау, сандарды ажыратуды есте сақтау. Сурет бойынша әңгіме құру, тілдерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, ұқыптылыққа, құрдастарының жауаптарын тыңдауғы, қажетіне қарай көмек беруге тәрбиелеу, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбилеу.

Аудиокасеттаға жазылған жағымды әсем әуен (психологиялық треннинг), магнитті тақта, оған ілінетін суреттер: көшет егіп жатқан адам, көбелектер, сарғайған жапырақтар қажетті құралдар ретінде пайдаланылады.

Қыс мезгілі бейнеленген сурет: қар жамылып, жаңалаштанған ағаштар (суреттің жоғары жағында), қыстапқалатын құстар (үкенді-кішілі көлеміндегі құстар суреттің төменгі жағында, ағаш бұтақтарының әр жерінде орналасқан), қарадан қарадамды жасаған балалар, ребусты шешуге арналған карточка: қар суреті, адам бейнесі, шырша пішінді қағаздар, желім, қайшы, салфеткалар көрнекілікке қолданылады.

Сабақтың технологиясы: психологиялық треннинг, көркем сөз, «суретшінің кестесін тап» — магнитті тақтада жұмыс, ребусты шешу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, мадактау, қорытынды.

Сабақтың барысы: «Балалар, 1,2,3-дегенде көздеріңді жұмып, көз алдарыңа қар жауып тұр, қар жер бетін жапқан, үйдің шатырларында, ағаштардың бұтақтарында да қар жатыр, аяқ асытындағы қарлар сықыр-сықыр етеді деп елестетіңдер. 1,2,3-дегенде көзді ашыңдар. Әр баладан тәрбиеші көз алдарыңа не елестетіндер?»- деп сұрайды. Қыс туралы өлең-тақпақтар оқылады (балалар), қыс мезгілі айларын айту, қыс ерекшеліктерін атап айту.

Жұмбақ жасыру:

«Кезек-кезек қызмет етеді.

Жаңылмастан жетеді.»

(апта күндері)

(Апта күндерін ретімен атау.)

Есік қағылады. Хат тастаушы келіп картина ұсынады. Сол картина бойынша «суретші қатесін тап» деген ойын ойналады. Қыс мезгілі бейнеленген суреттегі қателіктер-көбелектер (жазда ұшады), көшет отырғызған адам (көктемде), сарғайған жапырақтар (күзде)-магнитті осы суреттер алынған соң, қыс мезгілі бейнеленген картина шығады.

Ал, енді балалар осы картинада не бар, оны ребус арқылы табыңдар? Карточканы көрсету: ҚАР+АДАМ (қарадам).

Қысқа төзімді қандай құстарды білесіңдер?

Құстарды санау: неше сауысқан, неше қарға, неше торғай?

Көлемін ажырату: қайсысы үлкен, қайсысы кіші?

Геометриялық пішіндермен құстардың орналасуын қағаз бетінде көрсету: қарға оң жақта төртбұрышпен белгілеу, сауысқан сол жақта – ұшбұрышпен белгілеу, торғайлар жоғарыда – тікбұрышпен белгілеу, шымшықтар төменде – дөңгелекпен белгілеу.

Картинаға қарап, балалардың киімдері туралы айтып беру: қысқа тон, ұзын тон, биік – аласа, қалың т.б.

Балалар картина бойынша әгіме құрайды: қарадам, көңілді балалар, қар қалың жауған, құсатар, аяз т.б. сөздерді қолдану арқылы картина бойынша алыста-жақында не бейнеленген айту. Аяқтары тоңған құстардың қимылын көрсету. Секірген, қанатын жайған, жем шоқыған, аязды күні бауырына тұмсығын тыққан құстар қимылдарын көрсету. Аязды күндері құстарға қиын, оларға қамқорлық көрсетуді ұмытпаған жөн, торғайларға жем шашу қажет.

Құрастыру: құстарға жем салғышты бүктеу тәсілі арқылы қағаздан жасау. Төрт бұрышты қағазды 16 шаршы шығатындай бүктеу арқылы жасау.

Тиым сөздер айту:

1.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

2.Торғайларды таспен атуға болмайды.

Жаңылтпаштар айту:

Қыста боран болар, қар болар.

Қыздар шөлі, орамал оранар.

х х х

Қырда қыру, қызыл ала бұзу.

Тауда тарғақ, тарғыл ала торпақ.

Құстар туралы өлең-тақпақтар айту:

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстімен жоғалар.

Боран соқсақар борар.

Бұтаға келіп қорғалар.

Қысып кетсе сары аяз,

Көзден жасы сорғалар.

Ала қанат сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе.

Ойбайлатқан сауысқан,

Қырда жауыр көрінсе

Қиқандатқан сауысқан.

х х х

Торғай, торғай, тоқтаған

Торғайды торғай жоқтаған

Бір торғай ұшса боранда.

Бәрі жабылып жоқтаған.

Тәрбиеші сабақты қортындылаған соң, балалар бір-біріне жақсы тілектер айтысады.