Байсерке агрокешені оңтүстік астанадан 15 шақырым жердегі Алматы обылысы Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан. Ол 2001- жылы 7-желтоқсанда құрылған.Содан бері жұмысын үзбей істеп келеді.
- шаруашылық қызметі — өндірістік.
- меншік түрі – жеке.
- көлемі бойынша кәсіпорын – орта
- өзіндік капиталы – ұлттық
- жауапкершілік сатысы – шектеулі
- өндіретін өнім түрі – ұн өнімдері мен жануарларға арналған азық
Кәспорынның бүгінгі таңда жарғылық капитал мөлшері – 77500 теңгені құрайды. РНН – 600800057614. Мекен – жайы – Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Қонаев көшесі №1. Бидайды сақтауға лицензиясы бар. “Байсерке Агро” ЖШС ұн тарту, жарма және макарон өрімдерінің ассортиментіне кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен таныс.”Байсерке Агро” ЖШС-нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру,қайта өңдеу,сақтау және қайта қортып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн,жарма,макарон тағамдары)және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй — жайларын жалға береді
Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шет елдерге азық – түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және темір жолдары бар.
Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:
- тәулігіне 120т өнім өндіретін диірмен
- тәулігіне 5т макарон шығаратын цех
- тәулігіне қуаты 100т күрделі құрама жем зауыты
- өнімділігі тәулігіне 80т жарма цехы
- қуаттылығы жылына 70 000т жүгері сорттау зауыты
- механикаландырылған мұнара
- Австриялық “PITKUS” кептіргіші
- Жанар – жағар май қоймасы (ГСМ )
Кәсіпорынды электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған-АПК ГРЭК болып табылады. Кәсіпорынға су өзінің насостық станциясы арқылы жүргізілген.Ондағы негізгі су қолданушы цехтар: диірмен және макарон цехы. Жанар жағар майды “PETOLEOM INC” ЖШС жеткізеді.Жанар жағар май орталық қоймадан аралас жем өнірісі зауытына, бидай кептіргіштерге жіберіледі.Диірменге шикізат болып 3 –класстық бидай жатады.Паспорттық өнімділігі тәулігіне 120 тонна, айына қажет шикізат 3600 тонна. Бидайың негізгі жеткізушілері; ”Генерал” ЖШС, ИП “ Иманалиев”, ИП“Горбунова” болып табылады, запастар цехтың өнімділігімен және бір айға қажет материалдардың минимумымен есептеледі
Кәсіпорынның жалпы құрылымы үш бөлімнен тұрады:
- жұмысшыларға қызмет көрсету бөлімі
- өндірістік бөлім
- басқару бөлімі
Жұмысшыларға қызмет көрсету бөлімі жұмысшылардың денсаулығын қадағалайды және асханамен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өзі екі топқа бөлінеді:
- қызмет көрсетуші және көмекші, энергиялық, транспорттық, жөндеу, қойма,зертхана;
- негізгі цех, диірмен, жарма цехы, жем цехы, жүгері цехы,бидай кептіргіш.
Жұмысшыларға қызмет көрсету бөлімінен басқа басқару бөліміде қызмет көрсетеді.
- техникалық қызмет көрсету;
- экономикалық қызмет көрсету;
- коммерциялық бөлім;
- кадрлар қызметі.
“Байсерке Агро” ЖШС – н директор басқарады. Барлық қаржы мәселелерімен:
банкпен жұмыс, салық комитетімен, еңбекақы төлеумен директордың орынбасары мен бухгалтерия айналысады. Барлық жоспарлау жұмыстары мен экономика бөлімі айналысады. Өткізу және жабдықтау мәселелері бойынша маркетинг бөлімшесіне жүктелген. Жұмысшыларды жұмысқа алу мәселесімен кадрлар бөлімі айналысып келеді.
Сонымен қатар кәсіпорында:
3 адам – механик-сантехник;
2 адам – энергетик;
2 адам – офис жинаушы қызметкер;
8 адам – күзетші қызметкер.
Барлық тиеу – түсіру, жұмыстарын қызметкерлер жүргізеді.