Қазіргі таңда мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері балаларына үйрету – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің басты міндеті. Тіл аса маңызды қатынас құралы. Білімнің, ғылымның қай саласы болса да, ол тіл арқылы дамыды. Оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын молайту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп отырады. Тіл дамыту жұмыстарын оңтайлы жүргізу үшін мұғалімнен тек лингвистика саласынан терең білімі емес, сонымен қатар психологиялық және педагогикалық саласынан да терең білімді қажет етеді. Оқушының әдемі сөйлеуіне, ойын анық жеткізуіне, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет.
Қазақ тілі сабағында тек қана мәтінді оқып, аударып, мазмұнын түсіндірумен шектеліп қоймай, сөйлесім жұмыстарымен де көп жұмыс жүргізу қажет. Бірден-бір көмекші құрал – сөйлесім (диалог) жұмыстары.
Күнтізбелік жоспар бойынша сөйлесім жұмыстарына арнайы сағат бөлінбеген. Мұғалім оны күнделікті әр тақырыпқа байланысты жүргізіп отырады. Күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра таңдалып алынған сөйлесім жұмыстарын пайдаланған жөн.
Тілашарлар – оқушының бір-бірімен қарым-қатынасын байытады, тілді жаттықтырады, ой-өрісін кеңейтеді, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Сабақта тілашарларды қолдану үлгісіне тоқталайық. Мысалы, 6 сынып оқулығы бойынша берілген VII модуль. Туған жерім 1-сабақ қазақстан – біздің Отанымыз тарауында келесі сөйлесу мен жұмыс жүргізу үлгісін пайдалануға болады.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекет.
- Қазақстан Республикасының Президенті қай жылы сайланды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
- Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар?
- Қазақстанда тарихи ескерткіштер, демалыс орындары, табиғатымен ерекшеленетін қорықтар бар.
- Қазақстанның табиғаты қандай?
- Қазақстан табиғаты әр алуан.
- Сен Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақ екеніне мақтаныш етесің бе?
- Иә, мен Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпағы екеніне мақтаныш етемін.
«Туған жер» тақырыбына байланысты тілашарларды сабақта ұсынуға болады.
- Сен қай қалада тудың?
- Мен Шымкент қаласында тудым.
- Шымкент қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
- Шымкент қаласы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан.
- Шымкент қандай қала?
- Шымкент көрікті, әсем қала.
- Қала несімен көрікті және табиғаты қандай?
- Қалада демалыс орындары, көрікті саяжай, саябақтар және әсем ғимараттары, салынып жатқан әсем үйлері бар.
- Табиғаты әр алуан.
- Бос уақытыңда немен айналысасың?
- Бос уақытымда спорт кешендеріне, демалыс орындарына, саябақтарға барып демалғанды ұнатамын.
6 сыныпта өтілетін VI модуль «Астана» тақырыбы бойынша сөйлесуді төмендегі үлгіні сабақта қолдануға болады.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.
- Бұған дейін Қазақстан тарихында қанша астана болды?
- Қазақстан тарихында төрт астана болды.
Бірінші астанасы – орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы, төртінші астанасы – Астана қаласы.
- Қай жылдан бастап Астана қаласы деп аталады?
- 1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады.
- Астана қаласы қай жерде орналасқан?
- Астана қаласы Есіл өзенінің бойында, қасиетті Сарыарқа жерінде орналасқан.
- Сен Астанада болдың ба?
- Астана қаласы ұнай ма?
Әр тақырып бойынша осылай сөйлесу жұмыстары әр сабақта жүргізіліп отырса, баланың сөйлеу дағдысы қалыптасады, әрі с өздің мағынасын түсініп отырады.
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, әр топқа тақырыптарын беріп, өздері осы тақырып бойынша сөйлесу құрастыру тапсырмаларын да беруге болады. Қорыта келгенде, неғұрлым тіл байлығына көп көңіл бөлсе, баланың тіл байлығы дамиды. Сондықтан да қазіргі таңда мектеп бағдарламасы бойынша шығарылған тілашарлар жоқтың қасы.
Мектеп оқушыларына арналған тілашарлар жарыққа шығып, оқырмандар, әсіресе, өзге ұлт өкілдері қолданып жатса, тілімізді биік сатыға көтеруіне үлес қосқанымыз деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақ тілі мектептерде және оқу орындарында. 2006ж. №1. 17-18б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 2005ж. №9. 3-11б.
- Білім – Образование. 2004ж. №2, №3. 46-51б., 5-6 б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004ж. №11. 118-122б.
- Қазақстан мектебі. 2003ж. №7. 30-33б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003ж. №9. 13-25б.
- Білімдегі менеджмент. 2002ж. №3. 134-136б.
- Ұлағат. 2002ж. №3. 10-12б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 2002ж. №11. 29-33б.
- Қазақстан мектебі. 2001ж. №5. 57б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 1999ж. №12. 59б.
- Қазақ тілі мен әдебиеті. 1998ж. №1.
- Бастауыш мектеп. 1998. №2.
- Ұлт тағылымы. 2002ж. №2
- Методика русского языка. Учеб. пособие для студентов фак. рус. яз. и литературы пед. институтов: Под общ. ред. Е.А.Бариновой. М., Просвещение, 1974. -368с.
- Тілашар: (студенттер үшін). Сайрамбаев Т., Смағұлова Г., Қадашева Қ. –Алматы: Ана тілі, 1992. 2-бет.
- Асылов У.А., Тулешова Л.И. Русско-казахский словарь – разговорник. (Орысша-қазақша сөйлесу сөздігі). –Алма-Ата: Мектеп, 1986. -144с.