Білім беру саласындағы ұйымдастырушылық инновация менеджменті жаңа білім беру технологияларының қолданылуы бастапқы кезеңде немесе продуктивті кезеңде болуымен байланысты болады. Бұл кезеңдердің қысқаша сипаттамасы схемада берілген.
Бұл екі кезең көптеген параметрлерімен ерекшеленеді. Егер бірінші кезеңде технологиялық инновацияларды қолдану әдетте жеке оқытушы белсенділігі ұйтқысымен жүзеге асса, екінші кезеңде ол факультеттен келіп шығады.
Егер білім беру ақпараттандыру бастапқы кезеңде жаңа технологиялар базасында белгілі бір курстың бір бөлігі ғана үйренілсе, ол екінші кезеңде жаңа технологиялар оқу жоспарларына, оқу курстарының құрамына біржолата еніп кетуі қажет.
Оқу процесінде қолдану үшін нақты технологияны таңдау білімді ақпараттандырудың бірінші фазасында белгілі бір оқытушы тарапынан жүзеге асса, ал екінші кезеңде ол таңдаудың негізінде терең дидактикалық және экономикалық талдау, анализ жатады.
Бірінші кезеңде компьютерлік оқыту бағдарламасы бір оқытушы тарапынан жасалады, ал екінші кезеңде — әртүрлі сала мамандарын біріктіретін толық топ тарапынан жасалады, нәтижеде жаңа білім беру бір процедура, экспуатация және басқару жүйесін пайдалану деген сөз.
Жаңа технологияны оқытуда қолданудың бастапқы кезеңінен нәтижелі кезеңіне өту білім беру саласында ұйымдастырушылық инновацияларды істеп шығу және жүзеге асырумен байланысты.
Ұйымдастырушылық инновацияларды жаңа технологияларды қолдану барысында игеру бүкіл білім беру жүйесінің маңызды даму факторы болып саналады.
Жеке оқытушылардың белгілі бір ұйымдастыру жүйесіндегі дәстүрлі білім беруге тән оқу программаларын жаңа технологиялар үйрету базасында қолданудың нәтижелі болуы, тәжірибелер көрсеткендей төмен болады, өйткені мұндай оқыту процесінде жаңа оқу технологияларын негізін жасау көп қосымша шығынды талап етеді.
Бұл шығындарды білім беру процесі нәтижесінде ақтау үшін, сандық және сапалық өсуге алып келуі үшін білім беру саласында ұйымдастыру инновацияларын істеп шығу және оларды кеңінен жаю қажет.
Егер жаңа технологиялар ескі ұйымдастырушылық құрылымда қолда-нылса,ол үлкен кедергілерге ұшырайды,қысқа тізімде көрсетілген күрде-ліліктер кездеседі.
Білім беруді ұйымдастырудың әлсіздігі, білім берудегі ұйымдас-тырушылық инновацияның нашар игерілуі және таратылуы- жаңа техноло-гияларды оқу процесінде қолданудың негізгі кедергілері.
Ұйымдастырушылық инновацияны істеп шығу және оны белсенді түрде жүзеге асыру, білім беруде жаңа технологияны қолдану саясатын жүргізу – оқытуды жетілдірудің нәтижелі болуының негізгі жолы.
Компьютер мен телекоммуникациялық технологиялар базасында білім беру нәтижелілігі ұйымдастырушылық инновацияны тарату дәрежесіне тікелей байланысты.
Білім берудің жаңа инновациялық технологияға негізделген дәстүрлі тәсілдері бұл белгілі бір бағдарлама яки кейбір оқу курстары заманауи компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар көмегімен мектеп-терде, колледждерде, университеттерде немесе оқыту орталықтарында, дәс-түрлі оқу аудиторияларында жүргізілетін оқу жұмыстары.
Бұл оқу орындарының оқытушылары соңғы жылдары өз жұмыстарында жаңа ақпарат технологияларын жиі қолдануда, заманауи телеком-муникацияның көмегімен сыртта қалған оқушыларды да өз аудиторияларына қосып алуда, мұндай жағдайда көбінесе компьютер және телеком-муникацияны қолдану кейбір жеке оқытушылардың іс-әрекетімен байла-нысты болып жүр.
Өкінішке орай, бүгінгі күнде, ұйымдастыру құрылымы және дәстүрлі университеттердегі саясат ұйымдастырушылық инновацияны тарату жолында кедергі болуда . Дәстүрлі университетердегі білім беруді ұйымдас-тырудың көбінесе иілуге келмейтіндігі, ақпарат технологиясының білім беруде қолданылуы өте төмен.
Бұл оқытушыларға компьютер мен оқытудың проблемаларын, артықшылықтарын орынды бағалауға мүмкіндік бермейді. Оқытушылар пікірін сұрақ – жауап арқылы анықтау көрсеткендей,оқытудың жаңа техноло-гиясы артықшылығын жете түсінгендер, мол проблемалар сезеді де, оны сезбегендер олардың қиындығы мен күрделілігін жете түсіне бермейді.
Жоғарғы оқу орындарында кейінгі оқытуға, білім беру процесіне жаңа ақпарат технологияларын ендіруді қолдау ұйымдастырушылық саясатын жүр-гізбегендік, бұл мәселеде adhoc саясатын қолданбағандық бұл оқу мекемелерінде компьютер және коммуникация технологияларын қолдану мәдениеті өте төменгі деңгейде.
Кейбір мұндай жағдайларда оқытушылар көбінесе өздерінің курсын жетілдіруде компьютермен оқыту методтарының көмегі кажетсіздігін айтып, ақталуға әрекеттенеді. Көбінесе оқытушыға оқыту процесінде компьютер қолдануға тиісті кеңес, көмек көрсетілмейді. Оқытушы өздігінше инстру-менттік құралдарды таңдайды. Оқыту программасын жасайды, оқу процесіне оны ендіруді қамтамасыз етеді, бірақ оқытуды керекті техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуді ойлас-тырмайды, дәстүрлі университеттік білім берудің ұйымдастырушылық жүйесі инерциясымен күресу үстінде жоғарыдағылар бүгінгі күнде ұйым-дастырушылық құрылыммен оқу мекемелеріндегі саясат білім беру жүйе-сінің басты даму факторы екендігі айқын сезілуде.
Бұл мәселелерді шешу білім беру саясатында ұйымдастырушылық инновацияларды жасау, игеруді қажет етеді.
Инновациялық білім беру процесінің аяққа тұруы, дамуы, білім беру менеджерлері және білім беру процесі администраторлары алдына жаңа міндеттер жүктейді.
Технологиялар, оқыту мазмұны, курсты істеп шығу, оларды дайындау, оқу жағдайын дамыту және басқа да білім беру процесі компоненттері арасындағы байланыстарды қолдау, тәртіпке келтіру қажет.
Оқу мекемелерінің басшылары міндеттердің бірізділігін қамтамасыз етуі, бүкіл комплекс міндеттердің орындалу қызметін үйлестіруі керек.
Оқушылардың білім алуға талап-тілегін бағалау және бүкіл оқу процесін сол талап-тілектерді қанағаттандыруға бағытталуын қамтамасыз ету – жаңа инновациялық технологияға негізделген білім беруді басқарудың басты міндеттерінің бірі.
Оқу мекемелерінің менеджерлері әртүрлі технологияларды олардың оқу мақсаттары мен міндеттеріне сай келуін салыстырып көруі, оқу процесінің жоғарғы деңгейде қамтамасыз етілуін қарастыруы қажет.
Администрацияның басты міндеттерінің бірі оқытушылардың тиісті штаттық құрамын жинап алу, олардың дайындығын көтеру, курс дайындаушылар мен оқу әдістемесі маслихатшылары арасындағы қажет байланысты қамтамасыз ету, дистанциядан білім беру мәселелерімен шұғылдану, оқытушылардың бір-бірінен алыста болған жағдайда кейде басқа қалалар мен мемлекеттерде жұмыс істеп тұрғанда олардың арасын байланыстыру. Мұндай жағдайда, бүкіл оқытушылар мен оқу-жәрдемшілер құрамының келісілген қызметінің қамтамасыз етілуінің арнайы ұйымдастырушылық процедуралары мен механизмдерін істеп шығу қажет болады.
Жаңа технологияға бейімделген оқыту, білім берудің нәтижелілігін көтеру оқу үшін жағдай ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты.
Егер дәстүрлі оқыту сыныптың оқу аудиторларында жүргізілсе, компьютер және телекоммуникацияның технология базасында ұйымдастырылатын сабақтар арнайы жабдықталған сыныптарда, телеконференция өтетін бөлмелерде, оқу орталықтарында ұйымдастырылуы тиіс, сонымен қатар олар жұмыс орындарында,үй жағдайында, немесе басқа бір ортада жүргізілуі мүмкін.
Дистанциядан білім беруде, саяхат жағдайында, әскери әрекеттер жағдайында, су асты кемелерінде де, маяктарда да, түрмелерде де оқыту ұйымдастырылуы мүмкіндігі көзделеді.
Арнайы оқу мақсаттары үшін лайықталмаған жағдайларда оқытуды ұйымдастыру олардың жауапты ұйымдастырушыларына көп күрделі міндеттер жүктейді. Олар оқушыларға үй жағдайында, жұмыс орнында, басқа жағдайларда нәтижелі оқу дағдысын қалыптастыруына көмек көрсетуі тиіс болады.
Менеджерлер оқу курстарын жобалау, және нақты жағдайда оларды қолданудың байланыстарын қамтамасыз етуі қажет.
Оқыту мазмұны мен оқыту жағдайы байланысын қарастыру өте қажет,оқу жағдайы оқуға кедергі болмайтын, керісінше оқыту процесінің көмекші факторы ретінде қарастырылуы керек. Егер оқу жағдайы арнайы жоғарғы технологияға оқыту,білім беруге бағытталған болса, оқытуды ұйымдастыруды жетілдіруді жағдайды есепке ала отырып, қамтамасыз ету қажет. Яғни оқу мазмұнын таңдауда, жобалауда, оқу курстарын дайындауда.
Оқыту, білім беру саласында нарық механизмдерінің дамуы оқу менеджерлері алдына үлкен жаңа міндеттер жүктейді.
Оқыту саласындағы базар дамуының факторлары арасында жаңа технологиялардың дамуы үлкен маңызды орын алады. Технологиялық инновациялардың оқыту саласындағы базардың дамуына әсер етуі ерекше-ленеді.
Базар қатынасы жоғарғы деңгейде дамуы дистанциялық оқытуда көрініс табуда.
Заманауи компьютер және телекоммуникативтік технология базасында дамитын жасанды коммуникация құралдары оқу процесі қатысушылары арасында өзара әрекеттердің дамуына үлкен мүмкіндіктер тудырады.
Алайда бұл мүмкіндіктер ұтымды нәтижелі қолданылуы үшін инновация оқыту жүйесінің барлық элементтерін қамтуы қажет, оларға енуі қажет.
Оқу курстарын жасаушылар алдына: оқытушылар, оқушыларға маслихат берушілер алдына, дистанциядан оқушылар алдына, оқу процесімен айналысатын администраторларға әртүрлі деңгейдегі оқыту ұйымдастырушыларға және т.б. жаңа міндеттер белгіленіп, жүктеледі. Инновациялық оқыту процессі дамуы барысында дистанциядан оқытудың әртүрлі модельдері қалыптасады.
Сол модельдер базасында заманауи дистанциялық оқу мекемелерінің институттық формасы пайда болады және дамиды.
Мұндай жағдайда тек оқу мекемелерінің технологиялық қызмет базасы ғана өзгеріп қалмай, олардың институттық мәні де біржолата өзгереді.
Соның нәтижесі ретінде, дүние жүзінде оқу мекемелерінің инноваиялық оқу формалары пайда болды, олар нығайтылған жаңа педагогикалық методтар спектрін, жаңа экономикалық және ұжымдық -басқару механизм негізінде қызмет етуін, кеңінен пайдаланып, оқу процесін әртүрлі заманауи коммуникация құралдары арқылы жүзеге асыруда.
Заманауи компьютер және телекоммуникациялық технологиялар жағдайының әсерімен оқу бағытында базар дамуы жағдайында технологиялық инновациялар қалыптасты.
Технологиялық инновациялар.
Оқыту процесінің технологиялық негізінің инновациялық менеджменті Оқытудың технологиялық негіздігі инновациясын басқару оқытудың нәтижелілігі мен санасына тек мына жағдайда ғана алып келеді, егер ол оқыту саласындағы педагогикалық, ұйымдастырушылық және экономикалық инновацияларды басқарумен келісілген және өзара келісілген болса ғана.
Технологиялық инновацияларды істеп шығу және оларды тарату. Оқыту процесінде заманауи компьютер және телекоммуникациялық техноло-гияларды пайдалану инновациялық оқу процесінің бастау,даму факторына айналғанда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Жаңа ақпарат технологияларды үздіксіз жоғары жетілдіргендіктен соңғы онжылдықта білім саласында жаңалықты еңгізу ұтымды және жан-жақты түрде болды.
Инновациялық менеджмент негізінде білім беру процесін технологиялық негізгі-технологияларды кең мүмкіндік спектрлерінен жаңадан ену проб-лемасын шешу.
Бүгінгі күнде заманауи білім берудің технологиялық құралдар арсеналы өте түрлі түсті, ол көз алдымызда өте тез жылдамдықпен кеңи түсуде.
Бүгінгі күнде, инновациялық білім беруде технологиялардың негізгі типі ретінде төмендегілерді ажырату мүмкін: баспа материалдары; аудио және видеокассеталар; телефон; радио және телевидение; электрондық пошта; компьютерлі оқыту бағдарламасы; телеконференциялар (аудио-конферен-циялар, аудио-графикалық, видеоконференциялар, компьютер конферен-циялары)
Инновациялық оқытудың көптеген технологиялары тез өсіп, инструментал-дық құралдардың өте жылдамдықпен дамуы жағдайында инновациялық оқытудың технологиялық жағын басқарудың маңызды міндеттері оқу технологияларының даму мониторингін жасау яғни инновациялық білім беру технологиясын жасау және қолдану болып табылады.
Мұндай мониторингінің негізгі ақпарат көзі ретінде төмендегілерді белгілеу мүмкін: инновациялық оқыту саласында ұжымның Web беттері мен мамандары жөнінде ақпарат; оқытудың инновациялық проблемалары бойынша пошта компьютер конференцияларында қатысу; оқытудың инновациялық проблемаларына арналған дәстүрлі және электрон журналдар пайдалану, тарату;
Инновациялық білім беруді дамыту оқу, білім беру процесі негізінде инновацияны басқаруға, технологияларды таңдау процесінің проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе төмендегідей жалпы пікірлер айтуға болады:
- мектепке дейінгі оқыту мен білім алуда инновацияның мынадай ену
себеп терін көрсетуге болады: ғылыми ізденістер, мәдени-әлеуметтік орталық, мектепке деңінгі білім беретін оқу мекемелерінің жаңа педагогикалық жүйені қажетсініуі; педагогтардың шығармашылық варианттылығы; ата-аналардың балаларының ұнамды даму динамикасына қол жеткізуі.Бұл біздің зерттеуіміздегі әдістемелік мәселелерді шешуде маңызды болып табылады;
- шет тілі механикалы түрде есте сақтау, жаттау арқылы игерілуі мүмкін емес. Тіл үйренушілердің еркін спонтандық сөйлеуі үшін жаттығу тапсыр-малары ең төменгі минимум дәрежеге келуі қажет;
- тіл мәдениет болғанықтан мәдени білімдер тілге оқыту барысында аутен-тивтік тілдік материалдар көмегімен беріледі;
- әрбір жаттығу жұмысы белгілі бір фокус төңірегінде ғана жүргізілетін, тіл үйренушілер бір сабақ барысында оқыту мазмұнының белгілі бір бөлігін, единицасын ғана игеруі мүмкін;
- грамматика, сөздік қор белгіленген мөлшерде, қатаң логикалық кезеңмен беріледі. Әрбір кезеңдегі сабақ оқушылардың тілдік қорын кеңейтуге, байытуға қаратылған болуы керек;
- ауызекі шет тілін қабылдау дағдысы жас балалардың басқа дағды қолда-нуының алдында жүруі керек;
- үйренілетін тіл, «осында және қазір» деген жағдайдағы ұғымды сипаттаумен шектеледі және сол тілдің мысалдарымен жеңіл түсіндіріледі. Үйренушілер ешқашан ауыз екі сөйлеуге оған дайын болмаса ынтылмауы қажет;
- оқытушы мен оқушылар тарапынан тармақта сайт және презентациялар жасау,орналастыру. Сонымен қатар шет ел оқытушылары мен презентация алмасу. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, интернет ресурстар жасау жұмысы оқушыларға өзінің жаңалығымен, актуальдығымен, практикалық жетістіктігімен кішігірім топтарда әрбір оқушыға өзінің белсенділігін таныту үшін мүмкіндіктер береді;
- ақпараттық технология мен интернет технологияларды қолдану оқушы-лардың мотивтік және шет тілін үйренуде, оларды жетілдіруде тек жалғыз мүмкіндіктер емес, жоғары дәрежедегі нәтижеге жету үшін кең спектрлі инновациялық, оның ішінде әртүрлі медиа білім беру технологияларын оқыту процесінде кеңінен қолдану қажет;
- технологиялық инновацияларды істеп шығу және оларды тарату. Оқыту процесінде заманауи компьютер және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану инновациялық оқу процесінің бастау,даму факторына айналғанда ғана жүзеге асуы мүмкін.