Қ. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев парламент палаталарының біріккен міжілісінде сөйлеген сөзінде Терроризммен күрес мәселесе басты назар аударды. Н.Ә. Назарбаев сол кездегі сөйлеген басты жаңалығы біздің аймаққа да тероризм қаупі барлығын алғаш рет ресми түрде атап көрсетті сол сияқты осыған сәйкес экстримизмге қарсы тез арада заң қабылдану керектігін баса айтты. Себебі, діни – саяси партия Хизб-ут Тахрир өзінің заңсыз іс — әрекеттерін ашық түрде жүргізе бастаған. Олар Қазақстанда 2003 жылы 1000 үнпарақты таратқан болса 2004 жылы 11 мыңын таратып үлгерген. Оның үстіне заңсыз келетін күмәнді адамдардың саны көбейген. Шымкентте қыздар пансионатында 8-15 жастағы қыздардың арасында исламдық фанатизмге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілген. Ал оны тоқтататын құқық тетіктері болмай шықты Сөйтіп Қазақстандағы бұл реттегі шаралары шектен тыс анархиялық сипат алып кеткен. Іс жүзінде олардың іс-әрекетін заң жолымен шектеуге болмайтын болып шықты. Ождан бостандығы жөнінде бұрын қабылдынған заңдарымыз қазіргі талапқа сай емес екені мәлім.
Қазақстанда 2299 діни ұйым жұмыс істейді, 46 конфессия, 1534 мешіт, 230 проваслав шірекеуі, 70 лютеран қауымдастығы, 40 елушіл, 34 иегова куәлері 20 пресвитариян, жалпы алғанды 2005 ғибадат орны жұмыс істейді. Айта берсек бұрын-соңды атын естімеген затын көрмеген діни топтар мен ұйымдар елімізде қаптап кеткен. Бір діндегілер миссионерлердің алдау арбау әрекеттерінің салдарынан қақ жарылып жатса дін аралық және ұлтаралық араздықтар туып татулық бұзылуы мүмкін. Сондықтан да азаматтардың діни сенімдері заң мен қорғау ісі назардан тыс қалмауы тіс.
Республикада әртүрлі секталар мен шіркеулердің саны көбейген. Дәлірек айтқанда, «новая жизн», «новая неба», «қуаныш», «церков сатаны», «блогоя весть» «община бахай», «обшество сознаня кришны», т.б. Мұнымен қатар шет елдерден Германиядан, Польшадан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан, келген миссионерлердің іс-әрекеттері еліміздің көптеген аумақтарында әрекет етуде. Ғ. Елшібайдың пайымдауынша, Қазахстанда соңғы 5-6 жылдың ішінде Евангелия сектасы 4000 дай ұя салған. Енді 2010 жылы біздің елімізді Евангалияға айналдырмақшы екен. Миссионерлер қазақтарды ақшаның мен насихат пен алдап-арбау арқылы өз дініне өткізіп жатыр. Ал заң бойынша конфессиялар мешіттер мен храмдар діни бірлестіктер заң щеңберінде ғана әрекет етуге құқылы бірақ қәзір толық солай болып тұр деп айтуға болмайды.
Дін қоғамды құраушы бірден бір күш, сонымен қатар кейбір уақыттар да ол мемлекеттің ішкі тыныштығына нұқсан келтіретін кездері болады. Хангиктонның айтқанындай XXI ғ діндер қақтығысы орын алады делінген. Біз осы шет елдерден келетін миссионерлердің ісіне сипаттама бере кетейік. Олар не үшін біздің дінсіздігіміз үшін қам жейді, не үшін соншама қаржы жұмсайды, осы сұрақтар адамға үлкен ой салады. Әлемде мемлекетті жаулап алудың екі жолы бар біріншісі соғыс арқылы, екіншісі соғыссыз оның негізгі құралы: дін адам санасын діни идеология арқылы жаулап елдегі адамдарды мемлекетке қарсы қою. Әлемде дін қоғамдық өмірге кері әсерін тигізген мемлекетті айтатын болсақ Ливан ммемлекеті ол елдің жартысы мұсылман жартысы христиан болып табалыды. Және тағыда айта кететін жағдай әлемде 5000 жыл тарихы бар Оңтүстік Кореяны алатын болсақ ХХ-ғ екінші жартысынан бастап елде жаппай христиан дінінің миссионерлері белсенді жұмыс істеуінің арқасында елдің үштен бірі христиан дінін қабылдаған және біздің елемізге келушілердің көбісі сол Таңғы Жұпар елінен (Оңтүстік Корея) келгендер. Сырттай білінбеседе Қытай Халық Республикасында ҚХР Европадан келген мисионерлер белсенді жұмыс атқарып жатыр. Қытай тілін үйреніп, қытай қыздарына үйленіп өздерінің ұяларын салуда. Біз енді мына сұраққа жауап берейік; Бұл істің артында кім тұр әне неліктен. Біріншіден Әлемдік басапасөз құралдарының дәлелдеріне сүйенетін болсақ АҚШ және Батыс мемлекеттері. Неліктен деген сұраққа келетін болсақ. Оның екі болжамдық сипаты бар.
- Әлемде АҚШ өмірінің салты мен негізделген «жаһандану» проблемасы қоғамдағы негізгі құндылықтары, басқа құнсыздықтар мен алмастыру. Айта кететін жайт хриситиан дінімен әлемде бәсекеге түсе алатын ислам діні ғана. Ислам діні жаһандану процесіне қарсы тұра алады. Өйткені жаһандану процесінің кейбір компаненттері ислам дінінің ұстанымдары мен сәйке келмейді. Сондықтан АҚШ әлемдегі ықпалды державаларды өз қатарына косып қарсыластарын азайтуда.
- Миссионерлердің көпшілігі Азия мемлекеттерінде белсене жұмыс атқаруда. Әлемдік экономист ғалымдардың айтуынша әлемдегі халық тұтынатын шикізат энергиясының қайнар көздері Азияға қарай ауытқуда. Сондықтан ертеңнің қамын қазірден ойластыруда.
Біз енді секталардың тағы бір бөлігі ислам дінінің атын жамылып өзінің саяси мақсатын іске асыратындар. Қасиетті дініміздің әлемдік аренада абыройына осы топтар нұқсан келтіруде. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ә.у.) Бір хадисінде; «мен өлген соң менің үмметім 73-ке бөлінеді, тек оның бір ғана жолы жұмаққа апарады». Шынында қазіргі таңда қасиетті дініміздің атын жамылып өз саяси мақсатын іске асырушылар аз емес.
Қорыта айтқанда елдегі діни ақуалдың алдын алуға қазірден қам жасау керек және оған дінтанушы мамандар қызмет етеді. Және еліміздегі діни конфессиялар дін шеңберінде ғана жұмыс істеуді қатаң түрде назарға алу керек. Біздің елдің негізгі діні конституцияда көрсеткендей ислам діні. Басқа сырттан келген миссионерлер дінінің насихатына жол бермеуіміз керек. Бізде статистикаға сүйенсек 75 пайыз ислам дінін 22 пайыз проваслав қалғаны әртүрлі конфессиялар. Және бұлар бір-бірі мен «қош көрушілік» бейбіт қатнаста өмір сүріп келеді. Жас ұрпақ ертеңгі күні адаспас үшін оның санасына мектептен бастап дін сабағын үйрету керек. Әлемде мектепте дін сабағын көптеген елдере жүргізеді көршіміз Ресей федерациясы да мектеп жасына бір ыңғай проваслав дінінің әліппесін енгізген. Біз мектеп жасына бірыңғай мұсылман емес дінтану пәнін светтік түрде өткізсек нұр үстіне нұр болар еді.
Дін әрбір адамға таныс сөз ( латынша «религио» — байланыс деген мағынаны білдіреді). Дін дегеніміз не? Деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында көп уақыттан бері таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Оның негізгі мәні діннің құдірет күшінен туындайды, олар «құдай», «абсолюттілік», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» делінді. Мұндай көзқарас теологтар мен обьективті идеалистерге тән. Егер алғашқылар діннің көзін құдайдан тапса, соңғылары обьекттивті рухани бастамадан іздейді, оны философ-идеялистер өздерінше атайды. Қалай аталса да, діннің көзі құдіреттіліктен табиғаттан тылсым күштен іздестіріледі. Олардың пікірінше, адамдар осы «қасиеттілікте», «абсолюттілікке» ұмтылады. Діннің шығуы осылай түсіндіріледі. Мұндай қағидаға сүйену кұдайды негіздеуге келіп саяды.