Асқар Тоқмағамбетов – сатирик ақын

Асқар Тоқмағамбетов творчествосындағы негізгі орын алатын жанр бұл – сатира. Сатира Асқар ақындығының биік шыңы десе де болады. Жұртшылық Асқарды сатирик фельетонист ретінде жоғары бағалайды. Салтыков-Шедриннің, Чеховтың, Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, сондай-ақ, Абайдың, С.Дөнентаевтың, С.Торайғыровтың, І.Жансүгіровтың, Б.Майлиннің сатиралық тақырыпқа жазылған шығармаларынан үйрене отырып, Асқар Тоқмағамбетов әдебиетімізді толып жатқан тамаша сатиралық шығармалармен толықтырды. Автордың сонау 1928 жылы “Күлкі сықақ” жинағынан бастап, күні бүгінгі күнге дейін бұл тақырыпты өз творчествосында дамытып келді.

Орыстың атақты жазушысы Н.В.Гоголь: “халқымды қатты қадірлегендіктен де, оның даңқына дақ түсіер құбылыстарды аяусыз әшкерелегім келеді” депті. Міне мұнан Асқар сықақшылдығы еліміздің өсуіне тосқауыл болар жарамсыз жайларды өткір сатирамен оған қарсы соққы берді. Оны ақынның “Тәйірі бұда қылмыс болып па?”, “Қылтың, сылтың” фельетондарында колхоз меншігін талан-таражға салушыларға, арамтамақтарға қарсы батыл үн көтерді.*

“Қошқары қоздап, айғыры құлындағандар”, “Тығынбаев Тығындайды да, Қалдашбаев мығымдайды”, “Құлқындастар”, “Қара бесті қайда?” т.б. фельетондарында ауылшаруашылық артелінің уставын бұрмалаушыларды, адал еңбек етушілердің есебінен күн көрушілерді әшкерелейді. Асқардың сатиралық творчествосында бюрократтар мен арамтамақтардың бүтін бір галлереясы жасалған.

¦лы Отан соғысы жылдарында жазылған фельетондарында ақын халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Соғыс жылдарында “Дондағы доңыздар”, “Қыл көпірдің үстінде”, “Шалбарға шабуыл”, “Арыстанға еліктеген мысық”, “Қорқаулар комедиясы”-саяси памфлеттер жариялап, неміс басқыншыларының қатыгездігін әшкерелеп отырды.

Асқардың сол кездегі фельетондары досымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндіріп отырарлықтай болды. Отанымызға жақындап келе жатқан неміс офицерлерінің жексұрын кейпін, азғындығын, адамгершілік ардан жұрдай болған қанішерлігін ақын былай сықақтайды:

Біртелеп зырғып шығысқа келеміз.

Мылтықтың аузы қылышта келеміз.

Солдатымызды қойша қырып та келеміз.

сініп, тоңып суықтан да өлеміз.

Арыған етті, бит жеп те келеміз.

Амал не, шыдап көніп-ақ келеміз.

Мұнда ақын азып, тозған неміс фашистерінің сырқы сиқы қандай болса, ішкі дүниелерінің де соған ұқсастығын көз алдымызға елестетеді.

Қазақ әдебиетіндегі мысал памфле жанрын дамытуда Асқар Тоқмағамбетов ерекше роль атқарған. Оның “Алма ағаш пен шырмауық”, “Мияу мен леп”, “Мысық пен тышқан” сияқты шығармаларын жанрдың сатирлық әдістерін ұтуға қосылған зор үлес деп айтуға тұрарлық. Асқардың мысалдарының ерекшелігі – ойдың жалаң дидактика түрінде берілмей, айтылмақ болған ақыл-өнегенің оқиға желісінен, сюжеттің дамуынан туып отырады. Автордың не айтпақшы болғанын оқушы шығарманың мазмұнынан-ақ оп-оңай ұға қояды.

Қазақ әдебиетінің дамуына Асқар прозада да өзінің қабілеті бар жазушы екендігін танытты. Оның “Диқан сыры”, “Төрт жыл, төрт сағат”, “Әке мен бала”, сияқты шығармалары оқушы жұртшылықтың жылы лебізіне ие болды. Біз Асқар Тоқмағамбетовты прозаик ақын ретінде де таныдық. Қазақ жазушыларының үлкен отряды қатарында Асқардың алатын орны зор. Қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, шебер ақын, сатирик фелетонист ретінде кеңінен танылған ақын.

Асқар Тоқмағамбетов бүкіл өмір жолын, кіммен кездесті, кімнен тәрбие алды, бәрін-бәрін хатқа тізіп жазыпты: “Бірінші жазған өлеңімді “Еңбекші қазақ” газетіне жариялап, алғаш баспасөз бетіне шығарған Сәбит Мұқанов болатын. Қазақтың “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” дегеніндей Сәбитті жақсы көретінім сол болу керек.

Міне сол бірінші өлеңім басылған газетті алып әкеме барғанымда жылап жібередей болып:

  • Сәбит көп жасап, бала-шағасының рахатын көрсін, менің көзімнің тірісінде өлеңді басып, бүкіл қазақ халқына таныстырды сені. Енді өлсем арманым жоқ, деген еді. Сәбең, алдына бара қалсам:
  • Айналайын, Асқаржан, қашан келдің, әкелген өлеңің бар ма?-деп аңқылдап қарсы алатын.”* (2.45.)

А.Тоқмағамбетовтың “Жыр күмбезі” (1969-1973 ж.ж.), “Қарбаласта” сияқты романдары, бірнеше очерк, естеліктері жазғаны белгілі. Бірақ біз Асқар Тоқмағамбетовтыірі суреткер ақын, қазақ сатирасының сардары деп танимыз. Оның бар жанымен ағылып-төгіліп жазған қаншама лирикалық өлеңдері, уытты, отты, ұшқыр да ұтқыр сын-сықақтары, поэмалары мен мысадары бар. Шындығына келсек, Асқар шығармашылығы сан қырлы. Бұл – кесек, ірі, кемел қаламагерлерде ғана болатын қасиет. Асқар — өз өмірінде баяндаудан суреткерлікке дейін, термелеп айтудан толғап жырлауға дейін биік көтерілген ақын.

Ақынның өлеңні ішкі-сыртқы қыр-сырын сонау кезден-ақ жетік меңгерген, оның асыл қасиетін соншама нәзік түсінген. Сол себептен де ақынның лирикалық өлеңдері ойлы да отты, терең де тегеурінді келеді. Біз ақынның осындай тамаша жарларының қатарына “Күнің түссе біреуге”, “Бір ақынға”, “Көңіл күйі”, “Нартай ақын”, “Сұлутөр”, “Көктем” сияқты лирикалық өлеңдерін жатқызар едік.

Ақынның адам мінезін суреттейтін, әсіресе өркөкірек, тәкаппар жандар жайлы жазған отты да өткір:

“Мен!”, “Мен!” деп қақпа төсіңді,

Менмендік жатыр қасыңда.

“Мен!” бастап кетсе көшіңді,

Ешкім де қалмас қасыңда,

деген жолдары кез-келген жанды да тәубасына келтіретіндей.

Күпі киген қазақтың

қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне

Қайтарамын,-

деп ақын Мұқағали жырлағандай, Асқар да өз халқының төл қазынасын жан-жүрегінен өткізе қайтарады. Мәселе қалай толғауында, қалай айта білуінде жатыр ғой. Көптен, халықтан ешкім де биік емес. Біреуді ала, біреуді құла көтеруге, мансабына қарай қоғадай жапырылуға тиісті емеспіз. Сондықтан жұрт алдында кісі болайық, кіші болайық, тәкаппарлықтан, менмендіктен сақтасын! Ақын осы орайда бізге, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, бағасы келмейтін, құны күн өткен сайын артып отыратын тамаша дүниелер қадырып кетті.

Асқар Тоқмағамбетов халқымыздың игі жақсыларымен, дос-туыстарымен кездескен, көрген-білгендерін қағаз бетіне дер кезінде түсіріп отырыпты. Ол Мұхтар Әуезов жайлы: “Мұхаң сөзге шешен кісі еді, әсіресе, шабыты келгенде, сөзін тыңдайтын адамын тапқанда ақиық бүркіттей қомданатын, шалықтап тартатын. Тыңдағанды шаршатпайтын, жалықтырмайты. Сымбатты, бет-әлпеті жақсылық үшін жаратылғандай жайдары кісі еді”, десе, дәл осы сөзін өлеңмен толғайды:

Мұзбалақ тегеурінді мұқалмаған,

Қаймағы асыл сөздің жұқармаған.

Қазына халыққа арналған тұрған бойы,

Ашылған алтын сандық Мұхаң маған.

Ақын жайлы Ғабит Мүсірепов те қалам тартыпты: “Отыз жылдық үлкен дәуірдің ішінде болған қоғамдық ұлы өзгерістердің бәріне де үн қосып отырған Асқар ақынымыздың осы жағынан едәуір ойланатыны бар. Қара дүрсінділікке көбірек ұшырап жататын ақын-жазушылардың аз еместігін еске алсақ, бұл ескертудің ешкімге зияны жоқ. Асқар өлеңдері Абай қойған талапқа сай,  жүрекке жылы, тегіс те жұмыр, жатық келеді. Мысалы:

Қалыпты қаз да келіп, қу да келіп,

Үйрек жүр көлеңкесін суда керіп.

Шұбырып үйір-үйір қырдың әні,

Теңізге келіп жатыр мыңдап өріп.

Шындап зер салсақ, ақындарымыз үшін Асқардан үйренетін көп нәрселер бар екенін төрт жол өлеңдерінен-ақ аңдауға болады”,-деп Ғ.Мүсірепов Асқардың өлеңіне әдемі талдау жасайды.

Жаны жомарт, көкірегі шуақ А.Тоқмағамбетов аққудай таза, қырандай алғыр С.Сейфуллин жайында “Ақын тағдыры” атты ғажайып поэма жазып, үлкен талантқа жақсы ескерткіш соғыпты. Поэма бастан-аяқ әдемі, өрнекті сөзбен, терең толғаммен, айшықты суретпен өрнектелген:

Дабылын жаңа тапқан дауыл ұйқас,

Басылып тына қалды бәрі бір пәс.

Шумақтар шарт үзілді аркауынан,

стіне ойда жоқта түсті зіл тас,-

деп Ақын толғағандай, іштей тебіреніп өлеңін жазып жүрген ақынды “халық жауы” деп табанынан жерге тигізбей алды да кетті. Сәкенмен бірге қаншама арман, қаншама парасат, қаншама асы қасиет кетті десеңізші? Ақын осы айтылғандардың бәрін де келістіріп суреттеп, төгілдіріп толғайды.

Асқар Тоқмағамбетовтың төрт томдық шығармалар жинағына алғы сөз жазған Ә.Тәжібаев: “Поэма түп-түгел, басынан аяғына дейін тұтанып жарылатын сезімнен, ызалы ой, серпінді арман-қиялдан жаралған. Бұл – поэзиялық тыныс жағынан Қасымның “Абдолласымен” өрелес шығарма. Мұнда да оқушыны еріксіз ұшырып отыратын монологтар бар. Сәкенін әздеген ана көкірегінің тілі мен көзі бізге бәрін естіртіп, бәрін көрсетеді”,-деп ағынан жарылады.

Бір кездері ұлы жазушы Мұхтар Әуезов Асқардың шығармашылығына сүйсініп: “Қырғи тілді Асқар” деп жоғары бағаласа, А.Тоқмағамбетовтың өміршең поэзиясы сол қарқынынан әлі де төмендеген жоқ, қазақ өлең-жырының бір асқар белі боп мәңгі жасай бермекші.

“Сол “Еңбекшіні” еміп өскен Асқар Тоқмағамбет баласы бертін келе Мұхтар Әуезовтің көзіне түсіп, “қазақтың қырғи тілді ақыны атанды. Елінің сый-құрметіне бөленді. Мұхтар, Сәбит, Ғабит деп басталатын қысқа тізімнің жуан ортасынан орын алды.” Асқар есімі “ақын” сөзінің баламасына айналды. Ауылдағы бір ағамыздың:Асқар бізде де бар, бірақ ол Тоқмағамбетов емес!” деген сөзі осындайда еске түседі. Асқар аға әңгіменіңмайын тамызушы еді. Ондайда ауызымызды аңтарыла ашып, құлағымызды түре түсетінбіз.Толарсақтан саз кешкен, үміт орнынабаз кешкен балаң боздың ел газеті- Еңбекші қазақтың есігін қара күзде қалай ашқанының өзі тыңдаушысын тамсандырып бітетін. Айта берсе екен дейтінбіз. Айта беретін. Айта берген сайын сол “Еңбекші қазақта” еңбек еткен ұлы ағаларымыздың кескін-келбеттері көз алдымызда көлбеңдеп тұра қалатын. Кенет қара сөзді қаңтарып қойып: “Ақ құба, қызыл шырай, жас өңдіден, қазақта көрдім тұңғыш Сәкенді мен. Сұлу мұрт, сұңғақбойлы, мүсін тұлға, ақыннан алдым алғаш әсерлі дем”, деп өлеңдетежөнелгенде демімізді ішке тартатынбыз. “Бізнеге солСәкен ағайдай емеспіз?!” деп артынша айнаға қарайтынбыз. Қараған тұста-ақ өзімізден өзіміз қашып құтылуға асығатынбыз. Асығатынымыз: түріміз түкке тұрмайды. Асекең де түрі келісті кісі болғандықтан да: “Кең маңдай, жүзі жайсаң, момын мұрын, ақынның ақ сарысы, сөзі-шырын”, деп өзімізше ұйқастыра салатынбыз.

Өзіне деген осыншалық інілік ілтипатымызды аңғаратын ағамыз бізді қорашсынбай, бірде беделі биік Бейімбеттің “Мырқымбайын” жатқа соқса, енді бірде сол Бейімбеттің өзін сөзге қосып: “Міне сол ел сүйетін Бейімбетті, ұстазым боларына көзім жетті. Өйткені: “Қаламның желі бар” деп, “Дүлейлі өлең сөздің дарыны еді. Дауысы Гималайға барып еді. Сол ақын Жансүгіров Ілиястың, көшеде жүрген ізі қалып еді”, деген сөздері де әлі күнге дейін құлағымда. “Басқадан түсі бөтен, көші бөтен, бір қара өлең жазып отыр екен. Байқасам, осы күнгі Қалмақанның, ол кезде редактордың көшірі екен”, деп бізді біраз күлдіріп алып: “Жастан-ақ құмар едік ән-жырға, ән тапсақ, құлақ құрышын қандырғанбыз. Сондағы арық бала, газет сатқыш, боп шықты қазіргі ақын Әбілдамыз”, дегені де есімде.

Кейін Әбілда аға Тәжібаевқа Асекеңнің сол әңгімесін айтқанымда: “Иә, тап солай. Қалқаман Әбдіқадіров ағаларың көшір болса, мен: “Бүгінгі газет тамаша, оқысаң ойдан кетпейді. Тезірек сатып алмасаң, таусылып қалады, жетпейді”, депкөше-көшені басыма көтеретінмін”, деп рахаттана күлгені бар.

Ауылымыз іргелес болғандықтан ба екен, кім білсін, Асқар ағаны бала кезден жаттап өстік. Әлі “Әліппені” айналсоқтап жүргенімізге қарамай: “Атыссақ құртамыз, шабыссақ қырқамыз. Біздің салтымыз сол, жауға қояр шартымыз сол. Оқ десе оққа тұрамыз, зеңбірек допқа тұрамыз. Қашаннан салтымыз сол, халықпыз даңқымыз зор!” деп кеудемізді соққылап, азғантай ауылдың аялдай клубына жиналғандардың жігерлерін құшырлана қайрап жататынбыз. “Бір, екі,үш… жастар алып күш. Отан қорғау жолында, сендер алға түс!” деп екі аяқты аямай кезек басып, сахнаның шаңын шығарғанда көнетоз көн етігіміздің “аузы” ашылып, шұлғауымыздың сыртқа шығып қалғанын да сезбейтінбіз.

Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталуына қарағанда, Асекең кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан тәрізді. Бірақ, қашан барған, қашан қайтқан, одан ешкімнің хабары жоқ. Неге екені белгісіз, ол жағын энциклопедиялық анықтамалықтар да айналып өте шығады. Ал жазғандарына қарап білетініміз-Асқар Тоқмағамбетов туа сала ту ұстап, Отан үшін от кешкен жауынгер. Өзгені өзі болып сөйлетеді, өзгені өзі болып ел қорғауға үйретеді. Үлгісі бар үгітші, намысы бар насихатшы. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтында оқып жүргенде: “Қорғағаным өз табым, өзімде ерік. Армияға жазылдым өзім келіп. Қызыл әскер тобына кіргеніме, мың шүкіршілік етемін сөзім беріп”, деп жазуы соның дәлелі. Ал қай өлеңінде де қайтпас қайсар жауынгер боп көрінетін Асекең: “Чемберленді шекесінен, Чан Кай-шиді кесесінен, Муссолиниді мөнтеңдеп, туғандай қып шешесінен. Жанзалинді жалтаңдатып, айрылғандай көкесінен. Бастыратын шамасы бар, шауып өтіп төтесінен. Бұлар кімдер?- Қызыл әскер. Қызыл әскер –біздің”, деп жазғанда бар-жоғы жиырма екі жаста екен. Бұл оның “Еңбекші Қазақтың” есігін енді-енді ашып жүрген кезі. Алған терең білімі де жоқ. Бірақ: “Өлең, сықақ, фельетон жазуды да тұңғыш рет осы газеттен үйреніп, оларды осы газет арқылы жариялап отырдым”, деп өзі жазғандай ол бар білімді сол “Еңбекші қазақтан” ала білді. “Еңбекші қазақ” ол жылдарда Чан Кай-шиді де, Муссолиниді де еңселете соғып жататын. “Еңбекші қазақ” не айтса, Асқар есімді жас ақын да өлеңдете соны айтты. Жаңылысқан жоқ ,ақырын жүріп, анық басқан сырдариялық ақын жырдарияның жағасынан бір-ақ шықты. *

Кешегі өткен сұрапыл соғыс жылдарында ел басына төнген қатер Асқар ақынның да басына төнгендей еді. Сондықтан да ол жырымен жігер жаныған, айтқаны елге дарыған Жамбыл жыраудың жанынан табылуға тырысты. Қаһарға мінген қарт Жамбыл ленинградтықөрендерін қоршауда қалған қастерлі қаланы қалың жаудан қасық қандары қалғанша қорғауға шақырса, өлең-жырын асынған Асқар “еңку-еңку жер шалып,егеулі найза қолға алып, ер атына мінген жер”- Құлсары мен Мақат аралығын маңдай терлерімен суғарған мұнайшылар өршіл өлеңмен үндеу хат жолдады. “Самғай ұшқан самалет, көкала көкті кескілеп, қос қанаты көк тіреп, көкірегін керсін десеңдер”… “Табаны тасты тасқа ұрып, танктер өрсін десеңдер, мылжалап басын бастырып, фашистер өлсін десеңдер”….. “Көбігін көкшіл көмкеріп, толқынның тоқсан төңкеріп, терісін тіле теңіздің, пароход жүзсін десеңдер”… “Аязды түнде аялап, бесікке белі бүгілген, түн ұйқысын төрт бөліп “Құлыным!” деп жүгірген, мейірімді жүрек ананың, түлегі келсін десеңдер”… “Жазғы түнде жүріскен, жүректің лүпіл соқанын, жұлдыздар ғана біліскен, бетіне бетін тигізіп, шын жүрекпен сүйіскен, сүйіктілер сүйгенін, қайта көрсін десеңдер”… “Көтеріп туын жеңістің, абырой, даңқ, атақпен, балаларың әндетіп, елге жетсін десеңдер”…” Жауды құрттық!” дегенді, ел боп айтсын десеңдер, елмен бірге қосыла, бар күш айтсын десеңдер”… “Мұнайшылар мұнай бер! Соны сізден сұрайды ел!” деп келетін ғажап тебіреніске толы үндеу хатты бүгін де толқымай оқу мүмкін емес. Ер Махамбет қалай толғанса, Асқар ақын да солай толғанады. Махамбет айдыны мол Атырау алқабын: “Жатып қалған тайлағы жардай атан болған жер. Жабағалы тоқтысы қой болып, қора толған жер”, деп емірене жырласа, Асқар: “Жебелі садақ желпіне, сағымды сапқа тұрғызған, жұлдызды көктен жұлғызған, Ер Исатай туған жер. Көк сүңгісін көкке атса, көбелей көкті түйреген, түйреген жері күйреген, Ер Махамбет тұрған жер”, деп кезінде киелі жердің иесіне айналған аруақты бабаларды Ембі мұнайшыларының алдында көлденең тарты. Ақын арғы атақты бабаларына тартқан олардың намысты қолдан бермейтін бірбеткейліктеріне сенді.1913-1916 жылдары патша үкіметі алдына саяси-экономикалық талап қоя көтеріліске шыққан да солар болатын. Ақыры жүйелі сөзиесін тапты. Мұнай өндіру ісі ерекше қарқын алды. Сол жылдары КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл туының Ембі мұнайшыларына әлденеше рет тапсырылғанын ескерсек, ақын Асқар аузынан шыққан сөздің көкірегі ояу, ойы озық мұнайшыларға қаншалықты әсер еткенін сезіну қиын емес.Бір сөзбен айтар болсақ, ұлы жырау Жамбылдың “Ленинградтық өрендерімі” Отан қорғау ісіне қандай үлес қосқан болса, Асқардың “Мұнайшылар, мұнай бері” қосқан үлесте тап сондай.

Бірі баласын, бірі ағасын, енді бірі құдай қосқан қосағын зарыға күткен заман еді ол. Кейде ми қайнатқан шілденің өзі бет қарыған қаңтардан да әрі көрінетін. Көңілдерін кір баспаған, маңдайларын мұң баспаған кісіні кездестірудің өзі қиынға түсетін. Солардың барлығы да пошташының қабағын бағатын. Ол байғұстың да жүгі жеңіл болмайтын. Жеңіл болмайтыны: сарғайта, сағындыра жететін қоңырқай хат-хабарлардың арасында кейде қан құстырар қара қағаздарда жүретін. Бұлай дегенде мен ел еңсесін түсірген сол сұрғылт кезеңде де Асқар ақынның асқар таудай биіктен көріне білетіндігін айтқалы отырмын. Егер Асқар Тоқмағамбетов үзілуге айналған үміттерді жалғап,суына бастаған жүректерді жылытуға жарамаған болса, бұлай деуге менің батылым бармаған болар еді. “Қиылып қасың, төгіліпшашың отырсаң ойнап,жан. Жайнаған гүлдей, сәулелі күндей, ұмытар кім бар сізді” деп ауыл-ауылды әнге бөлемегенкім бар, айтыңыздаршы? Ия, бұл өлең жолдары орыстың “Застольная” әнінің әуенімен айтылатын. Жыл бұрын “Мұнай бер!” деп мұнайшыларға хат жолдаған Асқар енді “Сүйген жарға” деп сұрапыл соғыс өтінде өртеніп жүргендер атынан хат жазып отыр. Жай жазу емес, жақсылықтың жалауын желбірете жазып отыр. “Сен үшін жаным, төгілсе қаным, ризамын оған. Қорғайтын елді, кең байтақ жерді, ұмытар кім бар бізді”, дейді. Керемет емес пе? Әрі қарай: “Жасаймыз сайран, болады мейрам, күн жақын оған,жан. Туады күндер, тағатын гүлдер, күте бер жеңіспен бізді” . Тағы да салыстырмалы түрде айтар болсақ, Асекеңнің осы ән-өлеңі орыстың сол тұстағы “Қараңғы түн. Тек қана зулайды маңайда оқ” депкелетін ән-өлеңнен бірде кем түспейтін.”

Соғыстан әлдеқайда бұрын жазған “Батиманың хатында” да Асекең нәзік жандардың жанынан табылды. Бұл — жас жүрегін жылатқан, тоқалдықпен таңы атқан қорғансыз қыздың зары еді. Хаттың халық ойын оятқан соншалық, кейін Әбділда Тәжібаев: “Асқар қаламынан шыққан “Бәтиманың хаты” өз тұсында “Татьянаның хатындай” қабылданса, бүгін де көркемдік құндылығын жойған жоқ”, деп жазды. “Сен ағай, күткенім, тіземді бүкпедім. Зарымды, мұңымды хатқа сап бүктедім”,деп еңіреген Бәтиманы: “Талайсыз, бақсыз мен сорлы,еріксіз аттанып ұяттан, қорлыққа көндім бұл құрлы,байқалар халім бұл хаттан”,деп егілген Татьянадан бөлектеу шынында да қиын еді. Бұл-орыстың Пушкині қазақтың Абай арқылы ауылдағы ақын “бала” Асқардың жаны мен тәнін түгел жайлап үлгеріп еді деген сөз.

Елі не көрсе Асқар ақын да соны көрді, соны жазды, соны жырлады. Бірде: “Бұлшық еттер бұл майданда, бұл майдандаойнады. Солқылдап соққан балға, тауды еркіне қоймады. Асқақтаған Алатаудың, бұйрат бойын бойлады. Нелер шоқы, терең құздың, бірі тоқтау болмады”, деп Түркістан-Сібір темір жолын салушылардың ерен еңбектерін ереуілдете жырға қосса, енді бірде: “Жан жүріп, жан ұшпаған, жан баспаған асуды адам түгіл, аң баспаған, тағысын табиғаттың” табындырып,арасын екі дүние жалғастырған” Чкалов, Байдуков, Беляков сынды қаһарман ұшқыштардың еркіктерін емірене елге жайды. Ұлы Ленин, Ұлы Октябрь, Ұлы Отан, Ұлы Жеңіс деген сияқты сүрлеуі жеткен тақырыптарды да ұмытқан емес. Мұнысы үшін оған бүгінгілердің орден тақпайтыны анық, әрине. Әйтсе де күл шаша алмайсың. Күл шаша алмайтының: кешегі күніміз-кешегі су ішкенқұдығымыз. Түкіре алмайсың. Түкірсең өзіңе түкіргенің. Сенімді серігі еткен ел жауды да жеңген, дауды да жеңген. Сенім “жылаған” күні Кеңес үкіметі де құлаған. Мұны ұмытуға болмайды. Сенімі жоқтың өмірі жоқ.

Асқар күнгейімізге қоса көлеңкелі жақтарымызды да күн тәртібінен түсірмеген ақын. Ақынды атақты еткен де ең алдымен оның сықақтары, фельетондары мен мысалдары дер едім. Оның сықақшылдығы-оның отаншылдығы еді. Сол отаншыл ақын “түнімен ұйықтап, түсте тұратын, кейде сағат үште тұратын” желіккен жеңгейлерден “дейді екендер дейді екендерге” дейінгі аралықтағы тірлігі терістердің бірін де “тірі” қалдырғанемес. Сонысы үшін арғы-бергі таныс-білістері де, кейде тіпті министр де одан ығатын. “Денсаулық министрі Қамырбаев, қағазын күндегіден қалың жайып, отырған бір кез еді, жалғыз ғана өзі еді”, деп ауызды алысқа салатын сатира сардарынан ықпай көріңіз.

Асекең ірі ақындығына қоса парасатты прозик, дарынды драматург те болатын. Аударма саласындағы еңбегі де елеулі еді. Сол қара сөздегі ең шоқтығы биік шығармасы “Жыр күмбезі” дер едім. Роман, аты айтып тұрғандай, Сыр елінің сүлейі, жасымас жырдың дүлейі Базар жыраудың өлмес өміріне арналды. “Дүниеден өмір бітіп, өтсем де өзім, аралап жердің жүзін жүрер сөзім. “Көре алмай кейінгіні кеттім-ау” деп, арманда болмай-ақ қой екі көзім”, деген Базардың бүкіл болмысына бойлап бару тек Асқар сияқты ақынның ғана қолынан келетін еді. Асқардан басқа ешкімде: “Зар еңіреп қызың менен ұлың келді, бізбен бірге зар жылап жырың келді. Бір сүйе алмай бетіңнен туған-туыс, Базар ақын, өлгенің шының ба еді?” деп ел-жұртын жылата алмас еді.

Асқар кімді жазса да, нені жазса да барынша беріле, барынша төгіле жазды. Жадыға әл бітірді,жансызға жан бітірді. Жай нәрсеніңөзін жасандыра, жайната білетін. “Құйыла ақын төгілдіріп, үстін-үстінсияң кеппей. Жақсы өлеңдер жамырасын, қалатын боп естен кетпей”, дейтіні сондықтан болатын. “Суда өнеді, суда тұрып піседі. Су тазасын талғай жұтып ішеді. Жасылқияқ жамыратып шашағын, күнді сүйіп, күнге ашады құшағын. Сылап-сипап, талдап бойын тараса, қас қақтырмай қабағына қараса, құпырады, түрленеді, түлейді, бабын білер мейірімді қол тілейді. Дән қорегін күн нұрынан жияды. Әлсін-әлсін нәріне су құяды. Талбойына су маржанын түзеді, алтын қияқ су бетінде жүзеді”, деп Сыр маржаны — ақ күрішті аңсап күткен аяулысындай әлпештеп, әдемілеп әнге қосуға асығатыны да сондықтан-ды. “Неге сұлу? Неге мұнша қымбатты? Бұл сұрақта мынадай бір сыр жатты”, деп әрі қарай тағы құйындатар еді: “Өйткені оның сұлу шашын тараған, өйткені оның қабағына,қияғына асыл дәнді жиғызған, ақ себеттен астық тауын тұрғызған, еңбек ері, іске шебер ұл, қыз бар, төсінде алтын жарқылдаған жұлдыздар!”. Бұл-Асқар ақынның қолы күстен жарылған, өні күрен түстенген Сыр қазағына деген, туған ел, туған жерге деген көкірегін күңіренткен, жаны жүрегін тебіренткен оттан ыстық махаббаты еді.

Шынын айтқанда, күрішті кәрістен артық ешкім екпейді, бірақ Сыр қазағының күрішіне күріш жетпейді. Олай болатыны: кезінде алты Алаштың анасы, Тұранның жасыл жағасы болған Сыр жерінің құнарлы басқа. “Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке азаматта ел жеткен бе?!” деп Мағжан ақын бекер айтпаған ғой. “Ертеде Оқыс, Яксарт-Жейхун, Сейхун, түріктер бұл екеуін дария дейтің. Киелі сол екі су жағасында табасын қасиетті бабаң бейітін”, деген де Мағжан. Сол кезінде киелі жердің иесі болған батыр да дана бабаларымыздың басы жатқан жерде: “Алашым!” деп аһ ұрған Асқар ақын да жатыр. Құдайға шүкір, арты жақсы. Ел болып, еңсе көтердік. Қуанышымыз көкке жетерлік. Асекең мен Асекеңнің ардақты ағаларының басын қосып, атақ-даңқтарын байтаққа жайған баяғы “Еңбекші қазақ” та біраз жыл “Социалистік Қазақстан” боп “салтанат” құрып барып қайта қалпына келген. Ол қазір еркіндігіміздің төл құжатындай “Егемен Қазақстан” деп аталады. Қызылорданың газеті де солай: “Ленин жолы” емес, “Сыр бойы”. Ең бастасы-қаймағы бұзыла жаздаған қазақы қалпымыз бен ата салтымыз қайта оралды. Құт дарыған өңірдің өнегелі басшысы Икрам Адырбекұлы, “Бармын деген оңалар, жоқпын деген жоғалар” дегендей, нарықты кәдімгі қазақы қалыпқа жеңдіріп, ақын ағасына 100 жылдығына арнап дүйім елге той жасап, аламандата ат шаптырғалы жатса, бұл соның айғағы” деп жазады жазушы Т.Тобағабыл. * (1.3)

міріміздің , тұрмысымыздың сәніне қылықтары теріс келіп қалатын тоғышар атаулыны бастан сипап, арқадан қағып отырып та сілтейтін немесе жақтан осып, желкеден түйіп те сілтейтін мінезі бар. Бірер мысал келтірсек:

  • Сіз колохоздың кімі боласы?
  • Бастығының бірі боламыз!
  • Егіске қалайсыз?
  • Несін сұрайсыз?
  • Дайындығыңыз қалай?
  • Дайындығымыз сондай?

Лап десе, тап бергелі тұрмыз,

Соқаға шап бергелі тұрмыз,

Көлікті жиыстырып жатырмыз,

Бағуға ұйыстырып жатырмыз…

Арықты қазғалы жатырмыз,

Рапортты жазғалы жатырмыз,

Ремонтты бастағалы отырмыз,

Жарамсызын тастағалы отырмыз…*(8.36.)

-деп лепірген бастық (“Мылжыңның бет-аузы”, 1932) ақырында ешбір жұмыстың жігін таба алмаған жетесіз бейшара боп шығады. Ал, жігіттің бар-жоқ сәні мен мәні сақал-мұртында деп ойлайтын, сақал-мұртынан ертелі-кеш қолы кетпейтін сылқымсымақтар Асекеңнен мынадай енші алады:

Сөйтіп біздің Қозыбақ

Оны көрсе – оған сақ,

Мұны көрсе – бұған сақ,

Бір күндері бакенбарды жасатты,

Екі самайды әкеліп аузына асатты.

Самай шаш салбырап түсіп кетті,

Танау астындағы мұрт ұшып кетті…

Бұл екі үзінді Асқар – сатириктің аяқ алысын бірден аңғартады. “Лап десе, тап бергелі тұрмыз, соқаға шап бергелі тұрмыз” сияқты бірде астарлы, бірде ашық келеке күлкі ақынның творчествосына әуел бастан-ақ тән болатын. Стиль дегенімізіді, яғни жазу мәнері мен өрнегін танытып беретін.

А.Тоқмағамбетовтың алғашық сықақа өлеңдерінің бірі – “Тоқалдың назында”:

  • Ей, немене, қабағыңды түйіп,

Кеткендей дүниең күйіп?

Көп сандалмай бер жылдам,

Көжең болса құйып!

деп салатын ашық әжуалы сықақта тоқалдың жұмысқа қыры жоқтығы, бірақ, солай бола тұра, “елдің әйелдерінше” әсем киінгісі келетіні шебер сыналады. Тоқалдың сиқы оның өз аузынан шыққан:

  • Тамақтан басқа нем бар?

Тамақтан табатын сен бар!

Киім-тамақ таппасаң,

Екі қаында нең бар?!

-деген сөздермен ашып айтылады. ¤леңді оқығанда сатира уытына, шындықты келекелеген шымырлыққа кездесеміз. А.Тоқмағамбетовте тоқпақпен ұрып тастайтын қаһарлы күлкі де кездеседі. Оның қаһарлы сатирасы капитал дүниесіндегі “достарына” бағышталған. Халықаралық тақырыпқа қаламды жиі сілтеп келе жатқан сатирик ақын капиталистік түнектің қара пиғыл әрекеттерін, доллар емген арсыздық қаракетін, қанаушылық зұлымдықтары, пайдакүнемділік, озбырлық, екіжүзділік және басқа толып жатқан мерезедрін сатира семсерімен осқылап, айдай әлемге әшкерелеп береді. А.Тқмағамбетовтың бұл саладағы сан алуан саналы туындыларының төлбасы “Берлин көшесінде” деп аталған өлең-памфлет еді. Бұл өлеңде тыныс тарылтқан сұрғылт сурет, сұмдық көріністерін ғана емес, оларға қарсы қимыл-әрекет те бар, сатирик А.Тоқмағамбетовке тән оптимистік өршіл үн бар: ашынған ана үні, жұмысшылар үні, революцияның жеңімпаз күшіне, жарқын келешекке берік сенімді үн.

Ақынның сықақ өлеңдері көркемдік жағынан ақсап жатады, тым тік айтатыны болады. Сатирик өлеңдерінің, әсіресе халықаралық өлең-фельетондарының бастапқы уытын сөз соңында әлсіретіп жіберетін кездері де кездеседі. Бұл ертеректегі туындыларынан ұшырасады. Әдебиетіміздің бүгінгі өрісіне лайық шеберлікті жазу стилі сонау 20-30 жылдары қалыптасқан А.Тоқмағамбетовтен талап етуіміз қиын болар. Ол бойындағы табиғи дарынын өз төтесінен дамытып өскен, көп уақытын, көп күш-қуатын қарбалас кезеңдердің қиындығына беріп өскен халықтық ақын, халықтық талант.

А.Тоқмағамбетовтің әзіл-сықақ өлеңдерінде, мысалдарында, әңгімелерінде сәнді күлкі, мәнді күлкі, суретті күлкі, яғни құдіретті күлкі ересен. Сатириктің су төгілмес жорғадай тайпалатын сәттерін байқасаңызшы. В.Г.Белинский: “… Көркем әдебиеттің бояуы да, үні де.. бәрі – тіл. Тілге ең қажет қасиет – суреттілік, көркемдік” деп айтқандай, А.Тоқмағамбетовтің әсіресе, әзіл-сықақ әңгімелері мен фельетондары бастан-аяқ осы деңгейде. * (7. 25.)

Ия, “күлкі сөздің шатысынан тумайды”. Қазір біздің кейбір жас сатириктеріміз әзіл-сықақ өлең, әңгіме жазғанда әдеби өлшемнің ауқымынан шығып айдалаға кетіп қалатын, түсінікті-түсініксіз сөздерді құрастыра беретін, “жаңалыққа” үйір болып тұр. ¤леңдері тіпті ұйқас, ырғақ іздемейді, белгілі бір дені дұрыс буын санын көре алмайсыз. Оқырманның, тыңдаушының көкейінде қона қалуы, құлағына құйылып жаттала қалуы қиын. Тегі, қашанда көркемдік қасиеті толымсыз дүниенің нарқы қымбат, өмірі ұзақ болған емес. ¤з басымда ерекше билік болса, сол жас сатириктерді мектеп қабырғасына отырғызып қойып, оларға Асқар Тоқмағамбетовтің сықақ өлеңдерін, тіпті сықақ әңгімелерін де жаттатар едім!” дейді Ғаббас Қабышев “¤зіміздің Асекең” атты өз естелігінде.