А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері

Асқардың қазақ әдебиетінде алар орны, ақындық ерекшелігі, өмірі мен творчествосы туралы алғашқы мәлімет 1942 жылы Е.Исмайылов редакциясымен басылып шыққан оқулықта берілген екен. Одан соң бірнеше мақалалар соғыстан кейінгі дәуірде жазылды. Бұл ретте Ғ.Мүсіреповтің С.Мұқановтың, А.Нұрқатовтың, Ә.Тәжібаевтің, С.Төлешевтің мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың бәрінде де Асқар товрчествосының өмірмен тығыз байланыстылығы, лирикасы мен сатирасын маңызын айрықша атап көрсетеді.

Асқардың ақындық шеберлігі жөніндегі жән үгіт сарындағы өлең-жырларды жазудағы табысымен қатар кемшіліктерін де көрнекті жазушы, сыншыларымыз көрсетіп отырды. С.Мұқанов: “¤леңдерінің сыртқы көрінісін, яғни түрін, көбінесе қызықты суреттейтін Асқардың бояулары кейде қалың жағылмай, жұқа сүртіліп, ілгері басқан заманының ауа райын көтермей өтіп кетеді”,-дейді.

Ғ.Мүсірепов: “Асқар… творчествосы газетпен астасып жатқандықтан, ол көбіне өлеңді газет қарызын өтеу үшін жазады. Сол себепті Асқарда кең талғам жоқ”, -дейді. Әрине бұл Асқар поэзиясы туралы әділ сындар. Асқардың өлеңдерінде қайталаулар кезедесіп жатады.

Асқар творчествосы туралы осындай әр түрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеулер болмаған.

Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, ақынның 1928 жылы жазылған өлеңдері мен одан бергі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар. Ақын туралы мақала жазғандар оның поэмасын бастан-аяқ сынап шығады. Ия, Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, ол сәтсіздіктер бір Асқарға ғана тән емес.

Ақын творчествосы туралы жалпы айтуды қойып, ақын поэзиясына көшейік. Ақын өміріміздің аса маңызды сан алуан тақырыптарын жырлаған . Сонда Асқар лирикасы қандай?

Жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап қалам ұстаған ақын содан бергі уақыттың ішінде халыққа кең тарап, өмірден тұрақты орын алған, өзіндік өзгешелігі зор аса көп поэзиялық шығармалардың авторы болды. Сонымен қатар ол жұртшылыққа көрнекті прозаик, драматург ретінде де танылып келді.

Асқардың творчествосындағы басты тақырып – жасампаз еңбек адамын жыр ету. Заманымыздың ең маңызды мәселелеріне ақын өз творчествосымен қызу үн қосып отырған. Оның шығармаларының ең алдымен баспасөз беттерінде жарқ етіп шыға келетіндігі де кездейсоқ емес еді. Бұл ақынның творчестволық адымы халықтың күнделікті өмірімен сай түсіп отыратындығын дәлелдейді. Асқардың творчествосы тақырыбы жағынан болсын, жанрлық жағын,ан болсын көп салалы, алуан түрлі аса күрделі болып келеді. Ол өзінің ақындық талантын лирика жағынан бастады. Оның лирикасын сөз еткенде, заманымыздың актуальді мәселелерін қамтитын саяси лириканың басым екенін атап айтуымыз керек. Ақындық таланты, әсіресе осы салада яғни саяси лирикада ерекше көзге түседі.

Автор кешегі қой соңында жүрген Шойынқараның көңіл-күй, арманын, оның көксеген, арман еткен арманы көп, ол малы көп бай, би, Сырымбай сияқты молда немесе Қордабай сияқты ұры болсам ба екен деп бұлардың бәрін де өзіне лайықты көрмейді. Соңында Шойынқара бәрін қорытып, оқу оқып маман иесі болуды, білім алуды арман етеді. Ол:

Байқасам азық та сол, дәулет те сол,

Лайық адамдыққа сәлет те сол.

мтылып ілім-білім жемісінен,

Созатын дер кезім-ау нәубетке қол.

Аттанды қуанышпен Шойынқара,

Ауылға қайырып сап қойын ғана.

 Жасынан бай үйінде қойшы болған,

Жетімнің Шойынқара ойын қара,-деп автор кешегі қорлықта жүрген Шойынқараның сана сезімі өсіп, қайырлы қадам басып, мектеп іздеп келешекке ұмтылған, үміт болашақ оқыған жастарға екендігін түсінген Шойынқараны ақын нанымды да сенімді көрсетеді.

Ақын творчествосынан біздің көретініміз еңбек адамының ойы мен арманын, заманымыздың сезімі мен жүрек сырларын шебер суреттейді. Оның шығармаларының көпшілігі ауыл кедейлерінің ой-арманының, тыныс мен тіршілігінің, бүкіл өмірінің көрінісі сияқты. Яғни ақынның лирикалық кейіпкері – ең алдымен еңбек адамы, жаңа өмірдің, жаңа тұрмыстың белсенді күрескері.

Қоғамдық жаңа құбылыстар, елді индустрияландыру тақырыбы Асқар поэзиясының жаңа идеялық мазмұны болды. Егер ол бұрын көбінесе ауыл өмірін жырлап келген болса, бертін келе жаңа техника туралы жазған, поэзиялық тамаша образ жасау арқылы, сол жаңа техниканың халық өміріндегі маңызын жырлайды. Оны “Түрксиб түйіскенде” деген өлеңінен аңғаруға болады:

Қырдан асып, белді басып,

Жолды салған қандай ер?

  • ол қайратты, ол қажырлы,

Қайтпас қайсар – жұмыскер.

Ал, ендеше Қазақстан,

Түйіскенде Түрксиб.

Қалың қайрат ер еңбекпен,

Қаһарлана қайта шық!

Ақын өз творчествосымен адамзаттың Отанға деген сүйсіпеншілігі, ел патриоттарының ерлік образдарын жасайды, олар табиғатты өзгертіп, өлкемізді гүлдендіріп жатқан қаһармандық еңбегінің даңқын көтереді.

Ол шынында да сол дәуірдегі ерекше маңызы бар саяси әлеуметтік мәселе – әйел теңдігін де өз жырларына қосты. Әдебиет тұрғысынан асақ, осы кездегі жаңа өмір үшін күресуші, ұнамды кейіпкердің образын жасауды керек ететін үлкен тақырып болатын. Бұл тақырыпқа Асқар Тоқмағамбетов те өзінің әсерлі шығармаларын әйел теңдігі үшін белсене күресу, қызды қалың малға сатудың озбырлық мәнін ашып көрсетті. Ол кеңес үкіметі азат еткен қазақ әйелдерін саяси-қоғамдық өмірге белсене араласуға, сауат ашып, білім алуға, өз тағдырының қожасы болуға шақырады. Оны осы кезде жазған “Бәтиманың хаты”, “Ағасының жауабы” деген өлеңдерінен байқауға болады.

Қабағым қатулы,

Жанға дерт батулы.

Ата-анам аямай,

Тек білді сатуды.

Оқиын, білейін,

Ойнайын күлейін.

Қор болмай тоқал боп,

Теңімен жүрейін – деп кешегі қазақ әйелінің басында болған ауыр халды шынайы да ұтымды суреттейді. Бұл шығарма сол кездегі саяси әлеуметтік өмірдің шын пердесін тауып айтқан көкейкесті күй болды. “Бәтиманың хаты” өлеңінде адамдар арасындағы асыл қасиетті нәзік те қарапайым тілмен әдемі жеткізген, бұл сол жылдары бүкіл қазақ қыздарының басындағы ауыр қасірет болатын. Сондай-ақ “Біздің Сәуле” деген өлеңінде ақын күндіктен құтылып, теңдік алған, сауатын ашып, жаңа өмір орнатудың қатардағы қайраткері дәрежесіне жеткен қазақ қызын мақтанышпен жыр етеді. “Сәуле”, “Жас жауынгер” сияқты өлеңдерінде ақын қазақтың халықтық өлеңдерінің үлгісіне, кейін орыс әндерінің өлеңдік дәстүріне сүйенеді.

Асқар әнге арнап өлең жазған алғашқы қазақ ақындарының бірі және ол қазақ өлеңінің ырғақтық құрылысын жаңарту жөнінде де көп жұмыс жасаған. Әсіресе соғыс жылдарында әнге арнап өлең жазумен көбірек шұғылданады.

А.Тоқмағамбетов жазған толғаулар мен поэмалар да аз емес. “Қаскелең” (1934), “Бақыт кілті” (1934), “¤мір жолы” (1940) сияқты поэмаларымен қоса “Қуаныш жыры”, “Қады жазу”, “Мұнай бер” т.б. бірнеше толғаулары бар. Бұл шығармаларында автор колхоз өмірін шебер бейнелеп, егін даласындағы еңбек ерлерінің образдарын суреттейді. Бұл шығармалардан біз колхозшылардың ұнамды және ұнамсыз кейіпте бейнеленген әр алуан образдарды кезедестіреміз. Мәселен колхоз шаруашылығын жаңа ғылыми негізде өркендетуге бар күшін жұмсап жүрген агроном Әлібектің образын ақынның “Агроном көктемі” поэмасынан байқаймыз.

Асқар поэзиясының мәнділігі оның күделікті өмір талабына сайма-сай келіп отырғандығында. Еңбек майданындағы халықтық қозғалыстар оның творчествосынан кең орын алған. Ол күнделікті өмір талабына өткір саяси лирикамен шапшаң жауап беріп отыратын ақын.

Отызыншы жылдар біздің халқымыз үшін дүниежүзілік рекордтар мен тамаша жетістіктің жылдары болды. Ол жылдары атақты челюскиншілердің бүкіл әлемді таңқалдырған жорығы жасалды. Чкалов сияқты ержүрек ұшқыштар Солтүстік полюстен ұшып өтіп, елімізде көптеген қаһармандық оқиғалар болып жатты. Кеңес адамдарының дүлей табиғатты игеру жолындағы ерлік істерін бейнелеу кеңес әдебиетінің негізгі тақырыбына айналды. Бұған сол кездегі қазақтың ақын-жазушылары белсене ат салысты. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов сияқты көрнекті жазушыларымыз осы тақырыпқа арнап: С.Мұқанов өзінің “Ақ аю”, Т.Жароков “Күн тіл қатты”, І.Жансүгіров “Жорық”, Ж.Саин “Пилот сыры”, А.Тоқмағамбетов “Советтік маршрут” сияқты шығармалар халықты патриотизмге, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиеледі.

Соғыс жылдарында фашистік агрессорларды әшкерелемеген, кеңес адамдарының жауға қарсы ерлік күресін жырламаған ақын болған жоқ: Жамбылдың “Ленинградтық өренім”, Байғариннің “Батыр туралы жыр”, Қ.Аманжоловтың “Абдолла”, А.Тоқмағамбетовтың “Ажалды жеңген алыптар” сияқты шығармаларда ерлік дәуірдің екпініне сай үндер басым болды. Міне, осы кезде ақын Асқар соғыс кезінде көптеген шығармалар жазды. Оның тақырыбы – майдан мен тылдың бірлігі, халықтар достығы, соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы күресі. Ақын халықаралық тақырыпқа арнап “Берлин көшесінде”, “Испания”, “Қараңғы түнде”, “Рейн жағасында” сияқты бірнеше шығармалар әкелді. “Берлин көшесінде” — ақын көркемдік теңеулер арқылы екі дүниенің суреттерін береді. Поэмадағы ананың балаға деген мейірімі, оны аман сақтап қалуға тырысқан әрекеттер шебер көрсетіледі. Бұл поэманың формасы мен стилі жөнінде толып жатқан дұрыс пікірлер айтылды. Жазушы Сәбит Мұқанов: “Бұл поэма сол кездегі халықаралық ақырыпқа жазылған елеулі шығарма еді. Онда ақынның Маяковскийден, Демьян Бедныйдан шебер үйренгендігі байқалады. Автор жоғарыдағы шығармаларында халықаралық жұмысшы қозғалысының көріністерін, езілген бұхара халықтың ауыр халін шынайы да дұрыс көрсете білді.”