А.Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында кедей отбасында туған. Ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Алғаш ауылдық мектеп оқыған ол 1924 жылы Ташкентке барып, сол кездегі белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратпаевтың көмегімен паштехникалық техникумның арригация бөліміне оқуға түседі. 1931-1933 жылдары Мәскеудегі редакция-баспа қызметкерлерін дайындайтын институтта оқыды.
Жазушылық жұмысына араласа бастағаннан бері Асқар көптеген республикалық газет-журнал редакцияларында (“Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан”, “Ленин жолы”, “Қазақ әдебиеті”, “Ара” т.б.), Қазақстан жазушылар Одағында басшылық және журналистік қызметтер атқарады.
¤лең-жырға жастайынан әуес ол ел ақындарының үлгісімен айтысқа түсіп, ойын-тойларда әзіл-қалжың шумақтар шығарған. Оған Сыр бойы ақындарының дәстүрі зор әсер еткен. Асқар 1923 жылдардан жаза бастайды. Бірақ өлеңдерінің басыла бастауы – 1926 жылдан, содан бергі уақыт ішінде ақынның 40-тан астам кітабы жарық көрді. Олардың ішінде “Еңбек жыры”(1928), “Еңбек жинағы” (1929), “Күлкі-сықақ өлеңдер” (1929), “Құрылыс” (1930), “Хат” (1930), “¦лы майданда” (1932), “Бақыт кілті” (1933), “Қаскелең” (1934), “Күзетте” (1934), “Уборница” (1935), “¤мір” (1935), “Советтік маршрут” (1937), “Маршалдар шықты майданға” (1941),“Мұнай бер” (1943), “Ажалды жеңген алыптар” (1944), “Шыңға” (1949), “Қарындаш” (1950), “Аграном көктемі” (1955), “Фельетон жинағы” (1958), “Дария сыры” (1960), “Сайрайды бұлбұл” (1961), “Тырналар, сұлу тырналар” (1965), “¤мір өлмейді” (1968) сияқты өлең-поэмалар, фельетон-мысалдарының жинақтары бар.
Поэзиялық шығармаларымен қатар Асқар проза, драматургия, балалар әдебиеті саласында да елеулі қызмет еткен. Оның әр кезде газет, журнал беттерінде басылған очертері, әңгімелері мен пьесалары кездеседі. 1940 жылы жазушы “Төрт жыл я төрт сағат” атты повесть жазды. Соғыс алдында баспасөз бетінде Асқардың “Шәуілдір” атты романының үзінділері жарияланып жүрді. Кезінде аяқтамай үзіліп қалған бұл шығармасын автор “Әке мен бала” деген атпен бітіріп, 1961 жылы бастырып шығарды. ¦лы Отан соғысынан кейінгі жылдары Асқардың “Сыр диханы” (1957), “Асыл азамат” (1959) атты документтік повестері жарық көрді. *(5.15.)
Драматургия саласындағы Асқар еңбегі 1928 жылы басылған әйел теңдігі мәселесіне арналған “Екі заң” атты пьесадан басталады. 1933жылы кәмпескеге ұшыраған байлардың колхоз құрылысына қастандығын суреттейтін “Семафор ашық” деген пьесасы басылды. Одан кейін бір актілі шағын пьесалармен қатар “Әзірет Сұлтан” (1937) атты көлемді драмасын жариялады. 1961жылы ол “Маржан” атты киносценарий жазды.
Асқар балалар үшін де көп шығармалар жазған. Оның бұл саладағы еңбектері “Тазалық — тәрбие” (1929), “Балалар досы” (1930), “Алыптар туралы аңыз” (1948), “Балаларға базарлық”(1958) атты кітаптарында жинақталған.
Асқар шығармалары бірнеше рет жиналып, таңдамалылар күйінде (1939, 1945, 1953, 1957, 1962) басылды.
Асқар 1931 жылдан КПСС мүшесі, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1965 жылы республика жұртшылығы ақынның 60 жылдық мерейтойын өткізді. Асқардың творчестволық жолын тұтас алып, қарағанда, оның суреткерлік талантын еркін танытқан жанры поэзия екенін көреміз. Әсіресе ақын саяси лирика мен сатиралық өлеңдер, мысал саласында елеулі еңбек етті. Дәуір шындығына үн қоса отырып көптеген поэмалар жариялады.
Асқар Тоқмағамбетовтің басты өлеңдер жинақтары мен поэма, сатиралары ондаған рет басылып шығады. “Еңбек жыры” (1928ж.), “Еңбек жинағы” (1929ж.), “Құрылыс” (1931ж.), “Хат” (1932ж.), “¦лы майданда” (1932ж.), “Күзетте” (1934ж.), “Шыңға” (1950ж.), “Қарындаш” (1950ж.)
Асқар 1947 жылдан бастап мысал жанрымен айналыса бастады. Содан бері ол “Шырмауық пен алма ағаш”, “Мысық пен шыбын”, “Әупілден пен күмпілдек”, “Тоқылдақ пен тиын”, “Қой мен ешкі”, “Төбет пен мысық”, “Қарға мен бұлбыл”, “Тырна мен көгершін” тәрізді көптеген мысалдар жазды. Асқар бұдан тыс көптеген өлеңдерін балаларға арнады. Бірнеше шығармалары дер кезінде жеке кітап болып та басылып шықты. Ақын “Екі Заң” атты комедия, “Әзірет Сұлтан” деген екі актілі пьесалар жазды.