Ғ витамині, табиғаттағы таралуы және қызметі

Химиялық құрылымы. Ғ витамині полиқанықпаған май қышқылы, ол адамдар мен жануарлар организмінде басқа заттардан синтезделмейді және ауыстырылмайтын зат. Соңғы ғылыми мәліметтерге қарағанда ауыстырылмайтын май қышқылдарына тек линол қышқылы ғана жатады. Линол қышқылы тканьда мөлшерде жиналған кезде одан линолен қышқылы мен арахидон түзіледі деген болжам айтылады.

Линол қышқылының молекуласында көміртегінің 18 атомы және екі қос байланыс бар:

СН3-(СН2)-СН-СН-СН-СН-СН-(СН)-СООН

Линолен қышқылы молекуласындағы қос байланыстың саны үшеу. Ал арахидон қышқылының молекуласын көміртегінің 20 атомнан тұрады және ондағы қос байныстың саны төртеу.

Биологиялық қызметі. Полиқанықпаған май қышқылдары клетка мембраналр құрылымның құрамына кіреді / пластикалық қызмет атқарады/. Ауыстыруға болмайтын май қышқылдарының айтарлықтай қызметі – олар простагландиндердің алғы заттары болып табылады. Простагландиндердің көптеген биологиялық процестерді реттеуші қасиеті бар, нерв жүйесінің қан айналу жүйесінің жұмысына, жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына қатысады т.с.с.

Ғ витаминінен ұлпаларда простагландин гормондары түзіледі екен.

Медицинада атеросклерозбен күресу де линетол кұрамында линол, линолен, арахидон кышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады. Ғ витаминінін зығыр мен күнбағыс майларынан алады. Тәуліктік мөлшері 20-30 г, яғни осындай мөлшердегі өсімдік майларында шамамен 1000 мг Ғ витамині кездеседі.

Полиқанықпаған май қышқылдары клетка мембраналары құрылымының құрамына кіреді (пластикалық қызмет атқарады). Ауыстыруға болмайтын май қышқылдарының айтарлықтай қызметі — олар простагландиндердің алғы заттары болып табылады. Простагландиндердің көптеген биологиялық процестерді реттеуші қасиеті бар, жүйке жүйесінің кан айналу жүйесінің жұмысына, жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына қатысады т.с.с.

Авитаминоз. Ауыстырылмайтын май қышқылдары организмде жетіспеген кезде жас денесінің өсуі нашарлайды. Тері организмде жетіспеген кезде жас малдың денесінің өсуі нашарлайды. Тері қабатының зақымдануы, бүйрегінің дерттенуі және өсіп өну қызметінің бұзылғаны байқалады. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы табиғи төзімділік қасиеті төмендейді, жануарлардың өнімділігі төмендейді. Ғ витамині жетіспеген кезде жұмыртқалаушы тауықтың дене салмағы және жұмыртқасының ұрықтануы кемиді.

Ғ – авитаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан склероз құбылыс байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады.

Табиғатта таралуы. Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдерге триглицеридтер мен фосфолипидтер құтылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.

Арахидон қышқылының бір тәулігінің бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0,1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының  1% шамасындай,

Антивитаминдер

Клетканың витаминмен қоректенуіне әртүрлі әдістермен бөгет жасайтын заттарды — антивитаминдер деп атайды. Оларды екі топқа бөледі:

  • витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіздендіретін яғни инактивтендіретін заттар;
  • витаминдердің структурасына ұқсас және оларды биологиялық активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар.

Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады.Жұмыртқа белогі — авидинбиотинді байланыстыруға  қабілетті.Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады,