Химиялық құрылымы. Е витамині 1937 жылы Каррердің лабораториясында синтездеп алынған болатын. Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады.
Е витаминінің құрлымына жақын және оның активтігіндегідей әсер өтуші төрт түрлі зат алынды. Олар және токоферолдар деп аталады. Олардың ішінде әсіресе активтісі — токоферол. Басқа токоферолдардың активтігі -токоферолдікінен 5-10 есе төмен.
Биологиялық қызметі. Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қынықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антиксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді,
Жануарлар тканіндегі липидтер құрамына кіретін полиқанықпаған май қышқылдары тотыққыш келеді және бұл кезде органикалық асқан тотықтар мен активті радикалдар түзіледі. Асқын тотықтар өте активті келеді, олар белоктарды табиғи қалпынан өзгертеді, данатурлайды, ферменттердің әсерін тоқтата алады, клетканың бөлінуін тежей алады.
Токоферолдар бос радикалдармен ұстасып, реакция тізбегін үзетін болуы керек деген жорамал бар. Клеткаларда токоферолдармен қатар А және С витамині, сондай-ақ глутатион да антиоксидант қызметін атқарады.
Токоферол жетіспегенде ағзада тотығу процестері және минералдық алмасулар бұзылады, әсіресе кальций мен фосфордың айналыстары. Бауырда гликоген мөлшері кемиді. Е витамині бауырда А витамині жинақталуына көмектеседі, шамасы каротиннің А витаминіне өзгеруін тездететін болуы керек. Бұл витаминнің май қышқылдары тотығуына да әсері бар.
Авитаминоз. Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады, бұлшық еттері әдісізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр некрозына ұшырайды, организмдегі мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компоненттердің зақымдануымен байланысты.
Е – авитоминоз кезінде жануарлардың әрекетінің сперматозоидтары нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады.
Ал осындай авитоминоз құбылысына ұшыраған ұрғашы ұрықтану қабілетін сақтайды, бірақ іште пайда болған жаңа ұрпақ туу мезгіліне жете алмай, өзінен өзі жойылып, организмге сіңіп кетеді немесе түсік болып түсіп қалады.
Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, мақта майы сияқтылар токоферолдардың бай табиғи қоры болып табылады. Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі.
Е витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: сиырдың әр жүз кг тірілей 165мг, бұқа үшін – 44-176мг, шошқаға берілетін 1кг азыққа 40мг мөлшерінде болуы тиіс.
Адамға қажетті Е витаминінің мөлшері тәулігіне 5 мг шамасындай және қабыладантын полиқанықпаған май қышқылдарының әр грамына 0,6 мг болуы керек,