Д витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі

Таза Д витамині 1932 ж. (Виндаус) алынады да, оған Д витамині (эргокальциферол) деген атау берілді.

Жануарлардың және адамның терісіндө Д провитамині 7-дегидро-холестерол болады ультракүлгін сәулемен әсер еткен кезде ол Д3 витаминіне (холекальциферодға) айналады.

Кальциферолдардаң негізгі қызметі организмде кальцийдің алмасуын реттеу болып табылады. Д витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туындаларына байланысты, ондай туындалардаң полярлық қызметі бар. Д3 витамині ең алдамен бауырда гидроксильденеді, одан кейін бүйректе I,25-дигидроксихолекальциферол және 1,24, 25-тригидроксихолекалциферол түзіледі.

Бұл заттар бүйректен негізінен  ащы ішекке және сүйек тканіне барады, сол арада кальцийің және фосфордаң алмасуын реттейді. Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері ішектердің шырыш кабатында калъций ионының сорылуын реттейді. Д витамині стероидтың гормондар сияқты транскрипция деңгейінде әсер етеді және ол кальцийді байланыстырушы белоктардың синтездалуіне себеп болады. Ол белоктың м.м. 10 000-12 000. Белок ішекте кальцийдің 2-4 атомын қосып алада да,, қан арқылы сұйық тканіне және басқа да мүшелер мен тканьдерге жеткізеді,

Д витаминінің жетіспейтінінен туындайтын аурулар

Баланың өсіп-жетілуіне өте қажет Д витамині әрі баланың, әрі ананың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына байланысты екенін көріп отырмыз. Осыған орай бұрынғы уақытта жиі кездесетін Д витаминінің жеткіліксіздігінен болатын мешел (рахит) ауруының тұрмысымыздың жақсаруына байланысты қазіргі уақытта өте аз екенін айта кету керек. Тұрмыс жағдайларымыздың жақсаруымен қатар қазір дәрігерлік көмектің, аурудын алдын алатын профилактикалық шаралардың жақсаруы да бұған үлкен әсерін тигізді. Әсіресе, жас балаға Д витаминін және балық майын ішкізудің пайдасы зор. Бұлай болмаған жағдайда кальциферол витаминінің жас баланын ағзасында жетіспеуі мешел ауруына әкеліп соғуы мүмкін. Ол көбіне бір айдан үш жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Бұл ауру кезінде жалпы зат алмасу бұзылады. Әсіресе, жүйке жүйесі мен сүйектің жетілуіне өте қажетті фосфор мен кальций азаяды. Осының әсерінен бала мазасызданып жылайды, шоши береді, көп терлейді, денесі қышиды, шашы түсе бастайды. Бұған қоса желке шашы түседі. Сүйектері жіңішкеріп жұмсайды, майысқақ, сынғыш келеді. Көп жатқандықтан баланың бас сүйегі қисаяды. Қабырғалары жуандап, тесі құстын, төсіндей алғарыңқы, аяғы қисайып, «қамыт аяқ» болады. Бала жүдеп, көпке дейін жүрмейді, еңбегі қат-пайды, тісі шықпайды. Аяғы жіңішке, қарны шығыңқы келеді. Мұндай жағдайда ауру ағзаны өте әлсіретеді де, өкпенің қабынуына соқтырады. Бұл ауруды емдеу өте киынға түседі. Қазіргі уақытта мешелдің мүндай ауыр түрі біздің елімізде өте сирек кездеседі. Бірақ Д витаминінің жеткіліксіздігінен болатын мешелдің кейбір белгілерін біраз балалардан көруге болады. Ал, мұның өзі баланың өсуіне, денсаулығына, ауруға қарсы төзімділігіне, дене кұрылысының әсемділігіне зиянды әсер етеді,

Сондықтан тек мешелдікке қарсы күресіп қана қоймай, бала ағзасында Д витаминінің жеткілікті болуына да көңіл бөлу керек. Туғаннан кейін сәби бұл витаминді ана сүтінен алады. Дегенмен жарты жастан бастап Д витаминін қосымша беру керек.

Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде және шеміршегінде кальций мен фосфор  тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылада. Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады және аяқтры қисайып өседі. Халық арасында бұл  ауру рахит деген атпен белгілі.

Д витминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.

Д витамині және оның провитаминдері табиғатта кең таралған. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майында, сиыр, қой және треска бауырында көп болада. Сол сияқты сарымайда, сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы, өсімдік дәндерінің майында және  саңырауқұлақтарда  кездеседі