А витаминін 1937 жылы Каррер синтездеп алды және оның құрылымын анықтады. А витамині дегеніміз — моле-куласында -ионды сақинасы бар, полиқанықпаған бірінші реттік спирт. Оның құрылымдық формуласы мынадай.
Ретинол молекуласының құрамында көміртегінің 20 атомы бар, -иондық сақина изопреннің екі қалдығымен байланысқан. Ядродағы қос байланыс біреу, бұл қосылыс А витамині ретінде белгілі. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында және балық көзінің тор қабатында кездесетін екінші А1 витамині табылады, ол А2 витамині деп аталады. Бұл витамин кұрылымының А витаминнен айырыласы ядродағы С3 және С4 атомдарының арасында екінші қос байланыс бар, /3/
Көкөністерде әсіресе сәбізде қызғылт түсті пигменттер –каротиноидтар кездестереді. Каротиноидтар каротинге және ксантофиллге бөлінеді және каротиндер белгілі. Бұлар жемшөппен бірге жануарлар организміне барғаннан кейін, каротиназа ферментінің көмегімен бауырда ыдырап ажырайды да, А1 витаминін түзеді. Каротиноидтардың ішіндегі әсіресе активтісі — каротин, бұл каротиннің бір молекуласы ретинолдаң екі молекуласын түзеді.
Ал және каротиндері біреуден ғана А витиинін түзеді. Бірқатар ксантофиллдер де (криптоксантин, лутеин т.б.) ыдарап айрылу арқылы А витаминін түзеді..
Адамның және жануарлардаң организмінде А витамині бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында, тыныс жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антителалар) мен ферментінің түзілуіне қатысады.
Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процестерін қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминінің тотыққан түрі — ретиналь активті қызмет атқарады.Ретиналь опсин белогымен байланысада да, родопсин (ММ. 38 000) түзеді.Радопсин дегеніміз көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың әсерінен родопсин екі бөлікке опсинге және ретинальға жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді.
Жануарларға, мысалы тышқандарға жүргізген тәжірибелер нәтижесінде А витамині құрамында күкірт бар амин кышқылдары алмасуларына қатысатындығы анықталды, әсіресе, бұл витаминнің өсіп-өну процесіндегі маңызы күшті. Ретинол жетіспесе белоктың биосинтезі бұзылып, ұрпақтың тіршілігін жоюына алып келіп соғады.
А витамині мен қалқан безі гормоны — тироксиннің арасында антогонистік қарым-қатынас бар. Жануарлардың қалқан бездерін сылып тастағанда, олардың ұлпаларында А витамині кеп мөлшерде жиналады екен. Шамасы, тироксин ретинолдың биологиялық тотығуын жылдамдататын болуы тиіс, (4)
Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 1,5 мг А витаминін қажет етеді. Осы мөлшердің үштен бірі ретинол ретінде алынса, екіден үші каротин арқылы алынады. Ал, бұл провитаминнің үштен бірі ғана А витаминін беретінін еске алатын болсак, бір мг А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тағамымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3—5 мг каротин болуы тиіс.