Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістері

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдар талаптарын бейнелейді.

Несиелік принциптері негізінде нгесиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастар ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • Несиенің мақсаттылығы
  • Несиенің дифференциалдығы

ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • Несиенің мерзімділігі
  • Несиенің қайтарымдылығы
  • Несиенің төлемділігі
  • Несиенің қамтамасыз етілуі

Қазіргі несиенің дифференциалдық принциптерінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік принциппен байланысты. Яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілеті сипатталатын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұратып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін пайдаланылған, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.

Мерзімдік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытылады.Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да категорияларынан ажыратылатын ерекшелігінен сипатталады.

Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылғандығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі. Еркін реттелетін арық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескерілетін басты факторлар:

  • Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
  • Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшері;
  • Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
  • Несиеге деген сұраныс;
  • Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
  • Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Сонымен бірге, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсерін тигізеді. Шын мәнінде заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді. Банктің тәжірибиесінде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақы есептеу формуласы мынандай түрде беріледі:

І=i x P x n/360 x 100  (1.1)

Мұндағы:

iсыйақы мөлшері

P – қарыз қалдығы

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны

I – жай сыйақа сомасы

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақы есептеу формуласы мынандай:

I=P x [(1+i/1200)n-1] (1.2)

Мұндағы:

i – сыйақы мөлшерлемесі

P – несиенің бастапқы сомасы

I – барлық мерзімге есептелетін сыйақы сомасы

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы

Несиелеудің келесі бір принципі ─ берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етіуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.

Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде жүргізіледі. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолдануда.

Несиелеу әдістері ─ несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банк несиесінің кәсіпорын қаражат айналымының шеңберінде қатынасу тәсілдері.

Қазіргі банктік тәжірибиеде несиелеу әдістерінің үш түрі қарастырылады:

  • Айналым бойынша несиелеу әдістері
  • Қалдық бойынша несиелеу әдістері
  • Айналым қалдық

Айналым бойынша – несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымдағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып табылады.

Қалдық бойынша ─ несиелеу базасында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтармен өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің жартылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды өтейді.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық әдісі түзеледі. Мұндай бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.