BDE Administrator реферат

Құрылатын мәліметтер базасы компьютердің директориясында болуы керек. Директорияны компьютерде, серверде, түбір каталогта немесе ішкі каталогта құруға болады, мысалы:

1) C :\ Constant;

2) C :\ \ \…..\ Constant.

Paradox, dBase және FoxPro форматында  құрылған ДҚ-ы (немесе ДҚ кестелері ) МББЖ -нің  жергілікті режимінде жұмыс  жасайды.

МББЖ технологиясында ДҚ атауына жалған аты беріледі, сонда МББЖ программалары жалған аты арқылы іске асырылады.

BDE Administrator утилиті Delphi – мен байланыста болуы тиісті.

ДҚ – құруда алғашқы қадам компьютердің С:\ немесе D:\ дискілерінде өзіміздің жұмысымызды сақтау үшін директория құрудан басталады.

Delphi–де ДҚ тіркеуі BDE Administrator утилитінің көмегімен іске асырылады. Сондықтан біздің «C :\ Constant » BDE Administrator — да жүзеге асырылады.

BDE Administrator екі нұсқасының қолдауында жүреді:

  1. Windows жұмысшы столына тікелей:

Пуск / Программы / Borland Delphi 7 / BDE Administrator

  1. Алдымен Delphі-дің негізгі модулі жіберіледі, ол экранның ВDE-нің жоғарғы қатарында Delphі-дің басты менюінде орналасқан.

DateBase менюін ашамыз және одан Explorer командасын таңдаймыз. Осы командамен BDE Administrator утилитін жібереміз. Жібергеннен кейін келесі амалдар орындалады:

Негізгі менюден Object/New элементі таңдаймыз. Көрінген терезеде (Сурет.13) ДҚ–ның құрылған типін (Standard) өзгеріссіз қалдырып ОК батырмасын басамыз. Администратормен терезенің сол жағында Standard1 терезесін көреміз. Оны Abonement атымен өзгертеміз. Ол үшін МБ атына тышқанды шертіп, жаңа мәтін енгіземіз.

Оң жақ терезеде ДҚ параметрлері келтірілген. Оларды өзгеріссіз қалдырамыз да, тек соңғы параметрін өзгертеміз. Бұл параметр ДҚ орналасқан каталогқа жолды енгізу үшін жол сілтейді. Жолды енгізу үшін PATH өрісін шертіп оң жақта пайда болған  батырманы басып, D:\Abonement каталогын таңдап ОК батырмасын басамыз (Сурет.14). Енді жалған атының анықталуын есте сақтауымыз керек, ол үшін сол жақ терезеде тышқанның оң жақ батырмасымен жалған аты атын шертеміз және Apply элементін менюден таңдаймыз. Пайда болған диалогты терезеде жалған атының өзгертулерін сақтаймыз да, ОК батырмасын басуымыз керек.

Сонымен BDE Administrator утилитінен шығуымыз керек. Содан соң жалған атты құру аяқталады. Енді оған басқа утилиттерден хабарласуға болады. Бірақ ДҚ жалған аты бар каталог әлі бос. Сондықтан мәліметтер базасының кестесін құру керек.