Көркемөнерлік шығармашылық баланың түлғалық қасиетін қалыптастыруда тәрбиелік мәні бар үрдіс. Ол оқушылардың эмоционалдык қызығушылық әрекетін анықтауда. болмысты танып, бейнелеуде әсерін тигізеді. Оқушылардың бейнелеуінде олардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдауы көрінеді.
Бейнелеу өнерін, соның ішіңде сәндік колданбалы өнерін, біздің рухани-мәдени дамуымызда ежелгі дәуірден бері тамыры үзілмей, жалғасын тауып келе жатқан өнер екендігі және балаларды тәрбиелеуде оның тәлім-тәрбиелік мәнінің зор екендігін айта кеткен жөн.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының дәлелдеулері бойынша ұлттық тәлім-тәрбиенің негізіне сай ұлттық ойлау, сана-сезімі, мәдениеті қалыптасуы тиіс; ұлттық даму ерекшеліктерін ескермеу, әдет-ғүрып, салт-дәстүрлерді білмеу, әрбір адамның адамгершілік қасиетінің жойылуына, олардьң азғындауына әкеп соқтыратынын оны болдырмаудың ең басты жолы — жүйелі білім мен тәрбие беру.
Халықтық өнердің мәнінің айрықша бағалануы арқылы бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу шығармашылығын қалыптастыру, оқушылар мен жасөспірімдерді әсемдікке баулу жүмыстарын жақсарту жолында республикамызда көптеген игі істер бағдарламасына жол ашылуда.
Халық педагогикасына сүйену оқушыларды тәрбиелеу мен окытудың, мүғаім мамандар даярлаудың, әсіресе, ұлт мектептері үшін айрықша міндет болуы керек. Аға ұрпақтың тәжірибесін мирас ету бала тәрбиесінің тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Шығармашылығы қалыптасқан адамның, бір жағынан, іскерлігі жетілсе, екінші жағынан, бойындағы материалдық рухани байлықтары жетіліп адамзат мәдениетіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Сондықтан баланың табиғи ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамып, шығармашылығы қалыптасса, ол есейген кезде қызметі соғұрлым мазмұнды, жан- жақты, табысты атқарады.
Бастауыш сынып окушыларының жасы — шығармашылықты қалыптастыруға нағыз қолайлы кез. Баланың жасына байланысты әр кезде, әр түрліше көрінеді.Бейнелеу өнері- баланың ерте айналысатын іс-әрекеті. Баланың өз ортасында, көрген, білгенін сурет арқылы бейнелегісі келетіні мәлім. Алғашқыда баланың салған суреті ешбір түсініксіз, парақ шимайға толы болады. Білімді жетекшілік ету барысында баланың алғашкы ұмытылысындағы жөн шимайлары бірте — бірте олардың суреттері пішіндік сипат алып, олар керекті біліммен қаруланады. Бұл қозғап отырған жағдай балалардан болашақта суретші маман дайындауға ғана керек емес, бұл балалардың бойында әдемілік пен көркемдікті тани білуі мен эстетикалық талғампаздықтарының жоғары болуы үшін қажет. Баланы бейнелеу өнері бойынша шығармашылыққа қалыптастырудың нәтижелі болуы тыңдай білудің, тыңдап қана қоймай, ұғып алуы мен баланың белсенді іс- әрекет арқылы іске асады.
Бастауыш сынып оқушыларын қабілеттері екі түрлі іс-әрекетте дамиды.Біріншіден, кез келген бала, адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге арналған оқу әрекеті, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық іс-әрекеттер орындау арқылы өзінің ішікі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекеті мен шығармашылық іс-әрекеттің айырмашылығы, ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз ойын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, жаңа талпыныстар жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені (сурет салуда, ермек сазбен жұмыс және т.б.) шығармашылық тапсырмаларды табысты орындай алады. Тек оқу-тәрбие үрдісінде, оларды эмоционалдық түрғыда олардың қызығушылықтарын арттырып, ынталандырып, дұрыс басшылық жасап, шебер үйымдастыру барысында іске асырылуы керек.
Бейнелеу өнерінде понаралық байланысты кеңейту мен тереңдету (ана тілі, әдебиет, ән-әуен, технология, тарих жоне т.б.) оның баланың ой-өрісін, суретшілік қабілетін арттырып, бейнелеу шығармашылығын калыптастыратындығы белгілі. Баланың өмірінде өз орнын таба алып, еліне , жеріне белгілі бір пайда келтіретіндей қоғам мүшесі, қалыптасқан тұлға болуы үшін мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің маңызы зор. Өйткені, мектепте көтерілетін ең басты мәселелердің бірі, адамды жан- жақты тәрбиелеп,оның биік түлға болып қалыптастырудың бір бөлігі — бейнелеу өнері арқылы іске асады десек қателеспейміз.
Баланың ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру арқылы эстетикалық мәдениетін көтеруге не жатады десек, оған оның әдемілік пен тұрпайылықты эмоционалдық негізде сезіне алуы; зұлымдық пен мейірімділікті, жексұрындық пен жақсылықты сезінуі жатады. Өз сезімін өзі билеп, басқара білу де эстетикалық мәдениеттін белгісі болып табылады. Олай болса, өнер-адам баласының өмір сүруіне жалпы адамзатттық мәні. бар және барлық адамдарға керек іс-әрекет. Өнер барлық адамның жасы мен қызметіне қарамастан бірдей әсер етеді. Өнердің қай түрі болмасын (би өнері, театр, кино, ән-әуен) олардың адамға әсер етуін алатын болсақ, біреулері тікелей санаға, еңді біреулері оның ойы мен сезіміне тікелей әсер ететіні мәлім. Яғни шындықтың өнер арқылы көрінуі. берілуі — адамды қоршаған әлемді эстетикалық түрғыда қабылдауды меңгертуге қажетті ең тиімді, бояуы қанық, тұнықтық пен тұтастық көрінісі. Ал адамның айналасына деген қатынасы оны қабылдауынан көрінеді. Ол оның бар ісінде, табиғатты шынайылықпен қабылдауында байқалады. Егер өнердің өмір шындығын көркемдік жолмен бейнелеуі оның ерекшелігі. Ойткені қоршаған ортаны санаға да, сезімге де әсер етерлік тұтастықтың нақты көрінісі – көркем бейнелер арқылы беріледі. Бүл бірден- бір құралы. Сол арқылы ол адамның қиялына, ойына, сезінуіне әсер етіп, оның шығармашылык іс-әрекетіне ықпал жасайды.