Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) — (ағылш. Neuro-linguistic programming) – қандай да бір салада жетістікке жеткен адамдардың сөйлесу формалары, көз және дене қозғалыстары және ес арасында байланыс орнатушы вербальды және вербальды емес мінез-құлқын модельдеу (көшірмелеу) техникасына негізделген психотерапиядағы және практикалық психологиядағы бағыт. НЛБ-ның негізгі мақсаты өз мінез-құлқын терең тану және оны жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ НЛБ түрлі салалардағы адам іс әрекетінің және түрлі мағынадағы алдына қойған міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыруға қажетті адами қасиеттерді жетілдіруге бағытталған арнайы тәсілдер жүйесін құрайды.