Оңтүстік өлкенің суармалы жерлерінде экологиялық және мелиоративтік жағдайының төмендеуі өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан кең көлемде белең алды. Оның себебі осы уақыттан бастап тік дренді және горизантальды кәріздер істен шығып, жер асты суының деңгейі жылдам көтеріле бастауы. Жер беті және жер асты суының осындай әсерінен суармалы алқаптардың экологиясы мен мелиоративтік жағдайы күрт төмендеді.
Сондай-ақ қазіргі таңда ауыспалы егіс тәртіптерінің бұзылуына, мелиоративтік жұмыстардың нашар жүргізілуіне байланысты өсімдіктердің тамыр жаятын топырақ қабаты да сорланып, мақта қозасы егілетін аймақтардағы мақта өнімділігі кейінгі жылдары күрт төмендеп кетті. Бұл сортаңданған топырақпен күресу үшін әр түрлі агромелиоративтік шаралардың бірі және суармалы топырақтағы сулылық және тұздылық ережелерінің маңызды қалыптасу факторлары — сортаң жерлерді шаю.
Осы зерттеулерге қойылған мақсатқа сүйене, әр түрлі дәрежеде сортаңданған топырақтарға өте тиімді соршаю мөлшерлері мен мерзімдерін анықтау жұмыстары қазіргі таңда өте маңыздылық танытады.
Институт ғалымдары бұл проблеманың күрделілігін түсіне отырып 3 жылдың ғылыми тәжирибе жұмыстарынан тұратын әр түрлі дәрежеде сортаңдаған жерлерге ең тиімді соршаю жүйесін орнықтыруда ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Үш түрлі дәрежеде сортаңдаған (әлсіз, орташа және күшті) топырақтарда, 9 түрлі соршаю мөлшерінің арасынан сортаңдану дәрежесіне байланысты ең тиімді 3 мөлшерін анықтап, орнықтыру мақсатында (әлсіз сортаң топырақ 1300-1500-1700; орташа сортаң топырақ 2000-2300-2500; күшті сортаң топырақ 3000-3500-4000 м3/га) 9 нұсқада, 44340м2 гектар көлемінде жүргізілді.
Әлсіз сортаңданған топырақта жүргізілген тәжірибе нәтижелеріне сүйенсек, онда үш 1300, 1500 және 1700 м3 арасынан сор шаюдағы ең тиімді сор шаю мөлшері, бұл 1500 м3/га сор шаю мөлшері екені айқындалды. Себебі топырақтың 0-30см терең қабатында тұздық қалдықтың шайылуы 75,5 пайызды құраса, топырақтың 30-60см терең қабатында бұл көрсеткіш 74,7 пайызды көрсетті. Ал осы топырақтың әлсіз сортаңдану дәрежесіндегі топырақтың 30-60 см терең қабатында хлор-ион құрамдарының шайылуы 52,9 пайызды көрсетсе, топырақтың 30-60см терең қабатында хлор-ион құрамының шайылуы 65,0 пайызды көрсетті.
Осы зерттеу жұмысында, орташа сортаңданған топырақтағы талдаулар нәтижесі гектарына 2000-2300-2500м3/га мөлшердегі нұсқада орташа сортаңданан топырақтағы ең тиімді сор шаю болып гектарына 2300 м3/га сор шаю мөлшері болып орнықтырылды. Мұнда, топырақтың 0-30см терең қабатында тұздық қалдықтың шайылуы 68,6% пайызды құраса, топырақтың 30-60см терең қабатында бұл көрсеткіш 68,2 пайызды құрады, топырақтың 30-60 см терең қабатында хлор-ион құрамдарының шайылуы 71,9 пайызды көрсетсе, топырақтың 30-60см терең қабатында хлор-ионның шайылуы 75,0 пайызды көрсетті.
Топырақтың күшті сортаңдану дәрежесіне жүргізілген зерттеулерде, гектарына 3000-3500-4000 м3/га әр түрлі сор шаю жұмыстарында, осы мөлшерлердің арасында ең тиімдісі болып гектарына 3500 м3/га сор шаю мөлшері болып орнықтырылды. Себебі тұзды қалдықтардың шайылу көрсеткіші топырақтың 0-30 см терең қабатында 50,0%, хлор-ион құрамының шайылуы 87,2 пайызды құраса, топырақтың 30-60см терең қабатында бұл көрсеткіш 50,4 – 89,0 пайызды құрады.
2010 жылдың ең тиімді сор шаю мөлшерлері болып әлсіз сортаң топырақта 1500 м3/га, орташа сортаң топырақта 2300 м3/га және күшті сортаң топырақта 3500 м3/га сор шаю мөлшерлері айқындалып орнықтырылды (кесте)
Кесте 1 — Топырақтағы тұздық қалдық пен хлор-ион құрамдары, %
Астар | Сор
шаю мөлшері м3/га |
Қабат,
см |
Сор шаюға дейін | Сор шаюдан
кейін |
Тұздардың шайылуы, % | ||||
тұздық қалдық | хлор-иона | тұздық қалдық | хлор-иона | тұздық қалдық | хлориона | ||||
Әлсіз сортаң
топырақ
|
1 | 1300 | 0-30
30-60 |
0,498
0,597 |
0,017
0,036 |
0,243
0,255 |
0,010
0,014 |
51,2
57,2 |
41,2
61,1 |
2 | 1500 | 0-30
30-60 |
0,491
0,559 |
0,017
0,020 |
0,120
0,141 |
0,008
0,007 |
75,5
74,7 |
52,9
65,0 |
|
3 | 1700 | 0-30
30-60 |
0,489
0,505 |
0,016
0,025 |
0,126
0,136 |
0,008
0,015 |
74,2
73,1 |
50,0
40,0 |
|
Орташа
сортаң топырақ
|
4 | 2000 | 0-30
30-60 |
0,866
0,981 |
0,054
0,045 |
0,381
0,523 |
0,014
0,014 |
56,0
46,6 |
69,2
68,8 |
5 | 2300 | 0-30
30-60 |
0,860
0,935 |
0,057
0,064 |
0,270
0,316 |
0,016
0,016 |
68,6
66,2 |
71,9
75,0 |
|
6 | 2500 | 0-30
30-60 |
0,905
0,912 |
0,030
0,040 |
0,289
0,342 |
0,013
0,016 |
68,0
62,5 |
56,6
60,0 |
|
Күшті сортаң топырақ
|
7 | 3000 | 0-30
30-60 |
0,796
1,372 |
0,153
0,193 |
0,573
0,732 |
0,021
0,023 |
28,0
46,6 |
86,2
88,0 |
8 | 3500 | 0-30
30-60 |
1,167
1,210 |
0,157
0,191 |
0,583
0,600 |
0,020
0,021 |
50,0
50,4 |
87,2
89,0 |
|
9 | 4000 | 0-30
30-60 |
0,953
1,544 |
0,175
0,192 |
0,587
0,788 |
0,023
0,022 |
38,4
48,9 |
86,8
88,5 |
Тұздану ережесі топырақтың ылғалдылық ережесіне тікелей байланысты болып келеді. Топырақтың жоғарғы қабатында тұздар, жер асты тұзды суының капиллярлы жоғары көтерілуіне және топырақтың жоғарғы қабатының булануына байланысты пайда болады.
Тұздардың көтерілуіне (миграция) суарулар, сор шаюлар, суландыру торабындағы фильтрация, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатының булануы үлкен әсер етеді.
Ағымдағы жылдың ең тиімді сор шаю мөлшерлері болып әлсіз сортаң топырақта 1500 м3/га, орташа сортаң топырақта 2300 м3/га және күшті сортаң топырақта 3500 м3/га сор шаю мөлшерлері айқындалып орнықтырылды. Әр түрлі сортаңданған, яғни әлсіз сортаң топырақтарда мақта қозасы өнімділігі 15-20%- ға, орташа сортаң топырақта 20-40% және күшті сортаң топырақта 40 пайыздан жоғары өнімділікті жоғалтады.
Сондықтан да әр түрлі сортаңданған топырақта үйлесімді шор шаю мөлшерлерімен жүргізу жоғары өнімділікке алып келеді.
Тәжірибе барысында, мақта қозасынан жоғары өнімділікке кол жеткізуде, осы аталған тәжірибе кестесінің 2,5 және 8-ші нұсқаларында айқындалды. Мақта қозасынан жоғары өнімділік әлсіз сортаң топырақта гектарына 1500 м3/га мөлшерде суарғанда, орташа өнім 32,1 центнерге жетті. Кейінгі орташа сортаң топырақта гектарына 2300 м3/га мөлшермен сор шаю нұсқасында орташа өнімділік гектарына шаққанда 31,8 центнерге жетсе, күшті сортаң топырақтағы гектарына 3500 м3/га мөлшермен сор шаю нұсқасында орташа өнімділік гектарына шаққанда 28,0 це
Сурет 1 — Әртүрлі сор шаю мөлшеріне байланысты өнім көрсеткішері, ц/га
Қорыта келгенде, жер асты суларының тұздануын және көтерілуін тоқтатуды шұғыл түрде қолға алып, ғылыми тұрғыдан негізделген агромелиоративтік, агротехникалық шараларды, сондай-ақ ғылыми негізделген топырақтың сорын шаю суару жүйелері мөлшерлерін қолдану керек.
Қысқы соршаюды топырақтың тұздану дәрежесіне қарамай, өте көп мөлшерде жүргізуге болмайды. Топрақтағы соршаю жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дәлелгенден мөлшерде және мерзімде жүргізгенде ғана кепілді мол өнім алуға және топырақтың сортаңдануына жол бермеуге болады.