Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда жаңа технологияларды қолдану

Білім саласындағы жауапкершілікті жүзеге асыру үшін, мектеп ордасында әр мұғалім күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақ уақытысында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын үйренбейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, оқушылардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны түсіне білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған. Осы оқу жылының сәуір айында үш айлық үшінші деңгейдегі оқыту басталып маусым айында аяқталған болатын. Курс екі тілде оқытылып әр облыстарда және Астана қаласы бойынша арнайы дайындалған тренерлер дәрістер жүргізді. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша түсіндірсем.

Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және ақпараттық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше ақпараттық мәдениетінің қалыптасуын керек етіп отыр. Өмір сүру кезінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заманның оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың тез дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту әдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған сәйкес соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектептерге енгізіліп жатыр.

Педагогикалық технология – алға қойылған дидактикалық мақсатқа қол жеткізу үдерісіндегі оқытушы мен оқушының біріккен өзара әрекеттерінің мақсаттылық және бірізділік сипаттамасы. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық технологиялар қазіргі түсінік бойынша, оқытудың жете өңделген әдістері мен ұйымдастыру формалары болып табылады.

Көптеген зерттеушілер оқушының компьютермен жұмыс істей отырып, сұрақтың мәніне тереңінен үңіліп, пәнге деген қызығушылығының артуына, оқу және техникалық әдебиеттермен белсенді жұмыс істеуге дағдыландырады деп түйіндеген. Компьютер оқушыны ұқыптылыққа, нақтылыққа, қойылған мәселеге назар аудара білуге үйретеді. Графикалық құралдар, музыкалық үзінділер оқушының шаршағанын басып, оның әуестігінің дамуын қамтамасыз етеді. Компьютермен жұмыс істеу оқушының өз іс-әрекетін жоспарлай білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Шетел тілін оқытуда мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде оқыту уәждемелігінің, тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедианың ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды қолдану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады.

Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің жетілдіруіне, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда зор маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, дизайн, көркемдік және бейнелік, т.б шешімдердің үйлесім табуы ағылшын тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушылардың барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін арттырып, бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдау және тануына тірек болатындығын көруге болады. Мультимедиа оқушылардың берілген ақпаратты қабылдау кезіндегі көру және есту бейнелерін өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнерлігін құрайды.

Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген келесі жұмыстар құрылыммен іске асады.

  1. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіру әрекеті.
  2. Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері(I,II,III деңгей)
  3. Тест тапсырмалары
  4. Өзіндік жұмыс
  5. Қатемен жұмыс
  6. Бірнеше деңгейлік бақылау жұмысы
  7. Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.

  • әр тақырыптың I-ші деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін «сынақ» алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады.
  • әр оқушыға үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай беріледі.
  • Оқушыға қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады

Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды іздендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрсы шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

  1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
    2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
    3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.

Резюме

Использование электронных учебников на уроке позволяет повышать способность творчества ученика быстро исполнять свои работы.

Summary

Using electronic textbooks on a lesson allows to increase the ability of pupil’s work quickly carry out their works.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.

2.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.

3.Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.

  1. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
  2. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5

6.Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:

7.Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тіліноқыту әдістемесі»