Студенттерді «қазақ тілінің этимологиялық сөздігімен» жұмыс жасауға баулу

Сөздердің шығу тегін білсе, адамзаттың танымы артады.Орыс тобында оқитын студенттерді сөздің тарихымен таныстырып отырсақ, олардың қазақ тіліне деген қызуғышылығы артады, сөздік қоры молаяды.

«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» өте қажет және сирек кездесітін сөздік болып тұр, себебі, 1966 жылдан соң, Қазақстанда бұндай сөздік шығарылмаған.

Бұл сөздік А.Ысқақов, Р.Сыздыкова, Ш.Сарыбаевтардың редакциясымен жарық көрген.Сөздікте 337 сөздің этиомологиясы берілген. Сөздікте идиома, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер құрамындағы сөздер ғана түсіндіріледі. Мысалы: Бірдің кесірі – мыңға, мыңның кесірі – түменге.

Сөздікте сөздің қай тілден шыққанын, қай тілден қазақ тіліне енгені беріледі.Мысалы:

Ассалаумағалейкум ар. тіліне еврей тілінен енген. Мағынасы: «тату болыңыз».

«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігін» сараптаған Б.Хасанов пен А.Әбдрахмановтар болған.

Б.Хасанов сөздік туралы былай жазған болатын: «Аталмыш еңбек – бүкіл түркі тілдері бойынша жазылған алғашқы этимологияқ сөздіктің бірі. Салыстыру, іздену үстінде әр кездегі әр түрлі жазба нұсқауларды Махмұд Қашғаридің «Девану лұғатит түрк», «Кодекс куманикус», Абу Хайянның «Китаб ал идран Ли –лисан ал – атран» атты еңбегі, В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты төрт томдық еңбегі, т.б. көптеген көне мәдени мұралар мен диалектік материалдар қарастырылған» /1, 87/.

А.Әбдрахманов болса, сөздіктің кемшіліктерін былай көрсетеді: »Алғы сөзде сөздікті сипаттау, тастыру басым, оның орнына этимология деген не екенін, оның қандай принциптерге сүйенетіндігі, этимологияның тіл тарихымен ұштасатыны, соған қарамастан оның лексикологиялық зерттеу объектісі болатыны сияқиы маңызды мәселелер маңында пікір қозғауға болатын еді» /2, 3/.

Осы сөздіктен мысал келтірейік:

Саз, саз қосу, саз болу, сазына келтіру, сазына сай. Парсы тілінде саз –музыкалық аспап. Қазақ тілінде «Сөзді сазына келтіріп айтты», «Домбрынаның сазына сай» деген фразалар кездесіп отырады да ол көбінесе жақсы, ұнамды, әдемі, орынды деген мағынаны беру үшін жұмсалады (І.Кеңесбаев).

Студенттерді қазіргі кредиттік жүйесі бойынша Сөж тапсырмаларына «Этимологиялық сөздік» туралы мәлімет жинастураға тапсырма берген болатынбыз.

1-ші студенттің сөзі:

— «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» 1966 жылы А.Ысқақов, Р.Сыздыкова, Ш.Сарыбаевтардың редакциясымен жарық көрген /3/.Сөздікте 337 сөздің этиомологиясы берілген.

»Этимология» неміс немесе француз тілінен грек тіліне XVII ғасырда келген. Грек тіліндегі Etymologia екі сөзден құралған: etymon –ақиқат, шындық және logos – ілім, ғылым деген мағыналарды береді.

Қазақ совет энциклопедиясында этимология туралы былай деп айтылған:

ЭТИМОЛОГИЯ (грек. Etymos — ақиқат, шындық және logos – ілім –

  • тілі білімінің жеке сөздердің немесе морфелалардың шығу төркінін, тарихын зерттейтін саласы;
  • сөздің я морфеманың шығу тегі, тарихы.Бұл күнде алғашқы қалпы, мағынасы ұмытылған немесе өзгеріске көп ұшырағансөздер сыры этимологиялық зерттеулер арқылы анықталады. Мысалы, тіліміздегі «жолдас-жора», «бала-шаға» деген қос сөздердің соңғы сыңарлары («жора», «шаға») түсініксіз.Ал бұл сөздерді этимология тұрғысынан қарастырсақ, «жора» —қырғызша «жолдас», «шаға» — азербайжан, түрікмен тілдерінде «бала» деген ұғымды білдіреді.Этимологиялық зерттеулер тарих, этнография, архиология, ономастика, топонимика, т.б. ғылымдармен ұштастырыла жүргізіледі.Бір сөздің этимологиясын әр жақты анықтау үшін генелиологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық принциптер қолданылады.Кейде, кейбір сөздің мағынасын жете білмегендіктен немесе оны өзінше топшылап түсіндіруден я болмаса бұрмалап айтудан »халықтық» («жалған») этимологиясы жасалады, (экскаватор – іске батыр: бульвар – гульбар: поликлиника – полуклиника т.б.)./4, 481/.

«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» сөздің шығу тегін анықтайды.

Бұл кітап қазіргі қазақ тіліндегі бірсыпыра сөздердің түп-төркіні жайынан мәлімет береді. Мұнда қазіргі тілімізде жеке алғанда мағынасы түсініксіз немесе тұлғасы о бастан (не шыққан тілдегі) түрінен өзгеріп кеткен көптеген сөздердің сыры ашылады.

Екінші студент тақтаға «қас» сөзінің лұғаттық мақаласын жазып қояды:

ҚАС: қас батыр, қас сұлу, қаса сұлу. Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін болмас (мақал). Қас сөзі тілімізде кез келген сөзбен тіркесе бермейді. Тек бірен-саран сөзбен тіркеседі де, «ерекше», «асқан», «өте жақсы» мағыналарында жұмсалады. Абайда бұл сөз «қаса» тұлғасында кездеседі. Қар аппақ, түлкі қызыл, бүркіт қара, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай).

Бұл сөз араб-ираннан енген сөз. Парсы, тәжік және кейбір түлкі тілдерінде бұл сөз «қас», «қаса» тұлғаларында кездеседі.

Парсыша (хасс) – 1. ерекше, арнайы; 2.ерекше, қасиетті; (хассе ) – 1.әсіресе; ақсүйек, жоғарғы тап; 2.қасиет, сапа;

Өзбекше хоса – асыл тұқымды; хоса тұлпар, асыл тұқымды арғымақ;

Тәжікше хоса – 1.ерекше; 2.ерекше қасиетті.

Арабша (хас) – ерекше, арнайы (Ш.Сарыбаев).

Студенттер осылайша этимологиялық сөздікпен, оның лұғаттық мақаласымен танысады.

Этимологиялық сөздіктің лұғаттық мақаласын мына тірек схема ретінде беруге болады:

Бас сөзі   Иллюстративті мысалдар   Сөздің мағынасы

шығу тегі   Басқа тілдерде берілуі тәртібі

Этимологиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру мақсатта оларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1.Аққала сөзін тауып оның лұғаттық мақаласын дәптерлеріңізге жазып алыңыз.

2.Әбілхаят сөзінің мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.

3.Ұлыс, лабақты, қыпша сөздерінің лұғаттық мақаласын тауып жазыңыздар.

4.Шар, делебе, жақын, жамбыл сөздерінің мағынасын сөздіктен тауып, жазыңыздар.

5.Құбыр, қалпы сөздерінің этимологиясын анықтаңыздар.

  1. Сөздің мағынасы этимология сөздікте қандай жағдайды беріледі?

7.Ауырлау, бөлек-салақ сөздердің мағысын анықтап, сөйлем құрастырыңыздар.

8.Әузе сөзінің этимологиясын анықтаңыздар.

9.Зау-зат сөзінің этимологиясын анықтаңыздар.

  1. Астана сөзінің лұғаттық мақаласын сөздіктен тауып жазыңыздар.

11.Күн сөзі қай тілдерде кездеседі?

12.Аққала сөзінің лұғаттық мақаласын сөздіктен тауып жазыңыздар.

13.Жамағат сөзі қай тілден келген?

14.Жаттығу сөзі қай тілден келген?

  1. Жамбы, шарбақ, кіле, қала сөздері қай тілден келгенін анықтап, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

16.Біз, жалау, қалықтау сөздерінің иллюстративтік мысалдарын сөздіктен көшіріп жазыңыздар.

17.Бодан, жайсаң, құбыр сөздердің этимологиясын анықтаңыздар.

Этимологиялық сөздіктің лұағатты мақаласымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру мақсатта біз мынадай тапсырмалар бердік:

1.Тірек схема бойынша лұғаттық мақаланы табыңыздар:

сөз

Иллюстрациялық мысал Сөздің мағынасы
шығу тегі
  1. Этимологиялық сөздіктің лұғаттық мақаласын құрастырыңдар.

3.Мына тірек схема бойынша сөздіктен сөзді табыңыздар:

Сөз

  Иллюстрациялық мысал Этимологиялық анықтама    

4.

сөз

  Граматикалық белгі   Иллюстрациялық мысал   Этимология

5.

сөз   сөз тіркесі   Иллюстрациялық мысал   Этимология

Студенттерге мынадай тест сұрақтарын беруге болады:

Қандай сөздікте сөздің шығу тегі беріледі?

А.Фразеологиялық сөздікте

В. Этимологиялық сөздікте

С.Орфоэпиялық сөздікте

Д.Түсіндірме сөздікте

Е.Орфографиялық сөздікте

Сонымен, этимологиялық сөздік студенттерді қазақ тіліндегі сөздердің шығу тегін анықтап, сөздік қорын молайтады, лексика, сөзжасам, орфография бөлімдер туралы көптеген мәлімет береді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Хасанов Б.Сөз төркінін саралаған кітап. //Қазақстан мектебі, 1967, №3. Б.87-91.

2.Әбдрахманов А. Этимологиялық сөздік. //Қазақ әдебиеті, 1967, 10 февраль.

  1. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, Ғылым, 1966. -240 б.

4.Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері. –Алматы, 1973.

  1. Әбдрахманов А.Топонимика және этимология. –Алматы, 1975.

6.Реформатский А.А.Введение в языкознание.-М., 1967.