Су қоймаларында су сапасының жоғары дәрежеде болуы, оны ластандырушы заттардан тазалауда су өсімдіктерінің маңызды ролі бар. Жоғары сатылы өсімдіктерден пайдаланып, биологиялық су тоғандарының, өндірістік, шаруашылық кешендердің ағынды суларын түрлі ластаушы заттардан тазалау жолдары ғылыми әдебиеттерде көптеп кездеседі. Ғылыми әдебиеттер мәліметтері бойынша су қоймаларында өсімдіктер түрлері және олардың экологиялық топтары көп және әр түрлі болса, судың табиғи тазалану процесі тез және сапалы өтеді.
Мақтаарал өңірінде су қоймаларын өрескел ластандыратын өндірістік және шаруашылық комплекстері аз кездеседі. Өңірдің су қоймалары негізінен ауылшаруашылығы егістіктерінде кеңінен қолданылатын минералдық және органикалық тыңайтқыштардың егістік өсімдіктермен толығымен қабылданып сіңдірілмегендігі себепті, артықша минералды, органикалық тыңайтқыштар коллектор дренаждары арқылы ойпат жерлерде жаңа типтегі табиғи су қоймаларын құрайды. (Арнасай көлдері).
Бұл су қоймалары минерал және органикалық тыңайтқыштардың қалдықтары болған коллектор суларының қосылуы нәтижесінде биоген элементтермен байиды. Биоген элементтер мөлшерінің су ортасында нормадан тыс артуы, қойманың эвтрофтану дәрежесінің артынуына әсер етеді.
Су қоймаларының жоғарғы дәрежеде эвтрофтануы оларда су жануарлары және балықтар үшін азықтық құны жоқ балдырлар санының көбеюіне алып келеді. Нәтижеде су қоймаларында еріген оттегінің мөлшері азайып кетеді. Бұл процесс су жануарлары үшін кері әсер етеді.
Су қоймаларын биоген элементтерден табиғи тазалануда өсімдіктер маңызды роль атқарады. Өсімдіктер биоген элементтерді қоректік заттар ретінде пайдаланады және су ортасын еріген оттегімен байытады.
Осы айтылған мәселелерді басшылыққа ала отырып біздер Мырзашөл өңірінің негізгі бас коллекторы, Орталық Мырзашөл коллекторының өсімдіктерін зерттедік.
«Орталық Мырзашөл» коллекторы Сардаба ойпатынан бастау алып, Қазақстанның Мақтаарал ауданы, Өзбекстанның Сырдария, Жызақ облыстарының егістік далаларының артықша сызат суларын Арнасай көлдеріне тастайды.
Орталық Мырзашөл коллекторы суларының тұздылығы 1700-2100 мг/л дейін жетеді.
Біздердің зерттеулеріміз нәтижесінде Орталық Мырзашөл коллекторынан 46 түрлі өсімдіктер анықталды. Олар30 туыс 16 тұқымдасқа тиесілі.
Олар экологиялық топтар бойынша:
Гигрогалофиттер10 түр
Гигрофиттер12 түр
Гидрофиттер13 түр
Гидатофиттер5 түр
Аэрогидатофиттер 3 түр
Мезофиттер3 түр
Орталық Мырзашөл коллекторында кездесетін өсімдіктер түрлері өңірдің жалпы өңірлік (шөл) климаттық жағдайларына бейімделген.
Коллектор сулары тұзды болғандықтан негізінен гигрогалофилді өсімдіктер түрлері кең таралған. Су қоймаларында Potamogeton filiformis,Myriophyllum Spicatum,Scirpus litoralis, Bolboschoenus affinis B maritimus өсімдіктері көптеп биомассалар құрайды және өсімдіктер жабындыларының қорын түзеді. Су жағалауы ылғалды учаскелерде гигрогалофиттер –Salicarina herbaceae,Aeluropus litoralis, Trifolum Vulgare т.б. кездеседі.
Коллектор сулары терең болмаған ауылшаруышылығы ағынды сулары түсетін учаскелерінде Nastirium fontanium, Veronica anagalisaguatica, potamogefon pusillus, Chara Vulgaris, Leersia orysoides-лар ауданы аз учаскелерде кездеседі.
Көпшілік гидрогалофиттер коллекторлардың экологиялық жағдайларында су ортасы және ылғалды топырақта өсуге бейімделген. Біздер коллекторларда гречиха, бұлақ жерухасы, верониканың суда және ылғалды жерлерде өсетін экоформаларын кездестірдік.
Бұл өсімдіктердің сулы және ылғалды топырақты ортада өсу, олардың өзгеруі су ортасы деңгейіне байланысты бейімделу реакциясы деп қаралады. Бұл өсімдіктердің көпшілігінің жер үсті орындарында қосымша тамырлардың пайда болуы байқалады. Кейбір өсімдіктер, Nastirium fontanium, Ceratohyllum demersum-дерде лайлы топырақтарда ұзын, қуатты қосымша тамырлар өсіп шығады. Жоғарғы буындарынан тығыз жерүсті массалары өсіп шығады.
Көбінесе Мақтаарал өңірі коллекторларының сулары қыс мезгілінде қатпайды. Оған негізгі себеп су ортасының минерал және органикалық заттарға бай болуы. Бұл су қоймаларында өсімдіктер жылдың барлық мезгілінде вегетация дәуірін тоқтатпайды. Бұл өсімдіктер қатарына Nastirium fontanium және Lemnaminor-ларды жатқызуға болады.
Орталық Мырзашөл коллекторы өсімдіктері су жануарлары үшін қоректік орта және медицина, фармацевтика өндірісін дамыту үшін табиғи қор болып есептелінеді.