Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс [1].

Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші.

«Қазақстандық патриотизм» — ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің сат-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлай, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.

Қазақстандық патриотизм – біздің мемлекетіміз сияқты жаңа әлеуметтік, психологиялық және саяси құбылыс. Қазақстандық патриотизмнің тарихи тамыры терең, ол ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақстан халықтары арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке және дәстүрлік пен өзгелерді жатырқамайтын қазақ ұлтының менталитентіне негізделген.

Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысының бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктері бар.

Бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір тжиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушының жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесінің қамтамасыз ету індеттерін шешу көзделген.

Осы міндеттерді жүзеге асыру, яғни әрбір сабаққа қойылатын үш мақсат білімділік, тәрбиелік, дамытушылық десек, оның алғашқысы болып саналатын, білімділік мақсаты үнемі мектеп тарихында жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі. Бүгінде барлық бастауыш сынптар жұмыс істеп жатқан бағдарламалар мен оқулықтар дамыта оқыту идеясына құрылғанын ескерсек, бұл мақсат та біршама жүзеге асырылып жатқаны айқын болып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларына ар намысты, ер-жүрек халықтың ұрпағы екендігін сезіп, ерлік рухын, патриоттық сезімін өз халқына сенімін арттыру әр мұғалімнің міндеті.

Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ақылды да санаы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім [2].

Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жетқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

Адамның келешегіне оның тегінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратына мәлім. Демек, патриоттық сезім де – адам бойына туа бітетін сезім. Бірақ, оның даму – дамымауы тәрбиеге тікелей байланысты.

Оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына мәселелерге көңіл аудару қажет:

  • туған еліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу, сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
  • туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман-көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны ялау мен қорғау, күтіп баптау;
  • туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын сүю, Отанан сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәтүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;
  • өз отбасына сүйіспеншілік – ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
  • Қазақстанда мекен ететін алықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу қатынас мәдениетінің аясы [3].

Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың ұлттық рухы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі, тұлғаның қалыптасу қуаты арта түседі.

Осы орайда бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде мынадай бес бағытты ұсынамыз: болашақ азаматтың бойында патриоттық сана-сезім орнықтыру үшін ең алдымен, өз тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек, екінші, өз тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт. Үшіншіден, атадан – балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды білген жөн. Ол да – тарих, зерделей білсек, ол да бізді патриотизмге баулиды. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, ерлік дәстүрлерін үлгі тұту. Бесіншіден, абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар, олар бірінікін бірі біліп, танып құрметтеуі қажет. Осының ішінде кеңес дәірінде бұрмаланып келген қазақ халқының тарихы мен мәдениетін өз болмысында еш бұрмалаусыз танып білуге шарт түзу қажет. Бұл негізінен мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады.

Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстар формаларының да қызметі ерекше.

Халқымыздың ұлттық қасиетінің әдемі қағидалары мен ережелерін бала тәрбиесінде терең мән бере шебер қолдана білсек, ұлтжанды, иманжүзді аламыз. Ол үшін халқымиыздың тарихы мен жүріп өткен жолдарын баллаарға түсіндіре отырып, саналы тәрбиен мен білім беруді алдымызға айқын мақсат етіп қоюмен бірге оны жүзеге асыруымыз қажет.

Отаныңның патриоты болу — әрбір азаматтың борышы. Тілімізде ана деген сөзден қымбат сөз жоқ. Ал, Отанды анаға теңейміз. Осындай Отанды қорғайын жеткіншектерді тәрбиелеуде халықтың ескірмес мақал-мәселдері інжу-маржандай құлаққа кіріп, санадан орын алса, көңіл сандығына сақтайтын асыл қазынаның өзі болмақ. Отан, туған жер, туған ел тақырыбындағы мақал-мәтелдерді сабақ барысында ұтымды, тиімді пайдалана білу де өз мақсатымызға жетуге жәрдемдесері сөзсіз.

Сыныптан тыс жұмыстардың бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тигізетін тәрбиелік әсерінің күшті болуы ең алдымен оның дұрыс ұйымдастырылуында. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың патриоттық сезімдерін мысалы «менің кішкентай Отаным», «Менің елім Қазақстан», «Туған ауылым» т.б тақырыптағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады.

Бастауыш сынып оқушыларын Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде жүйелі түрде жүргізілген үміт-насихат, өнеге, оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы қалыптасады.

Патриоттық сезімді тәрбиелеуде оқыту үрдісінің маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар Отанымыздың, еліміздің өткені мен қазіргісін біледі, ғылымның, мәдениеттің озат өкілдері мен соғыс және еңбек ерлерімен, халық қаһармандарымен танысады. Білім – патриоттық сезімдер пайда болуының алғы шарты болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар – туған жер, ел, Отан туралы мағлумат алуды қайнар көзі болып табылады. Осындай білім-наным негізінде елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады, нығая түседі.

Сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланатын өлкетану материалдары туған жердің табиғатымен, оның байлығын, даму заңдылығын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылығын және олардың өзара байланыстарын меңгеруге мүмкіндік туғызады. Сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланылатын өлкетану материалдары оқушылардың дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, қоршаған шындықты түсінуге, тікелей бақылау жасауға жағдай жасайды. Осы бағытта жүргізілген жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, көзқарасын кеңейтіп, іс-әрекетін белсенді етіп, шығармашылыққа баулиды. Өзінің туған жерінен бастап, Отанын сүюге, оны қорғауға деген патриоттық сезімін тәрбиелеуге болады. Олай дейтініміз оқушыларды табиғатқа жақындастырмайынша өлкетану материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланбайынша бастауыш сынып оқушыларның патриоттық сезімін тәрбиелеу мүмкін емес. Өйткені, патриоттық сезім өзі туып өскен, алғашқы қадам басып, өмірің әліппесін таныған жеріне деген сезіммен байланысты болмақ.

Қазақ халқының ерекшелігі өз Отанына деген шексіз сүйспеншілігі оның абыройы мен даңқын арттыруда нақтылы істерімен дәлелдеуге ат салысуында.

Біздің еліміздің нағыз патриотының ерекшелігі – олардың басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, тілін, әдениетін, өнерін құрметтей білуінде. Біздің мақсатымыз осы Қазақстандық патритизмді бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің барлық үрдісінде жүзеге асыру.

Жас ұрпақты өз отанының патриотын қалыптастыру бала күніне, туған туысқандарына, туған өлкеге, табиғатқа, салт-дәстүрлерге сүйіспеншіліктен басталады [4].

Еліміз шын мәніндегі тәуелсіздікке жеткен кезде патриоттық сезім жаңа да жоғары сатыға көтерілді. Қазақстандық патриотизм сезімін, өз отанын сүю сезімін, шын ынтамен беріле, нағыз жігермен құлай сүюді, Отанның игілігі үшін қандай шығыннан болса да бас тартпай беріле қорғай білуге тәрбиелейді. Патриотизмге байланысты алғашқы дағдылады бала бастауыш сыныптарда қабылдайды. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстар арқылы өздерін қоршаған табиғатқа, ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптасытрады. Оқушылар өздерінің ұстазымен бірге орманға, тауға, табиғатқа, көлге барғандағы қызықты сәттерін ұмытпай ұзақ жылдар есте сақтайды. Дәл осы серуендер туған жердің табиғатына баланың үлкен сүйіспеншілігінің алғашқы ұшқынын тұтандырады.

Бастауыш сыныптарда балалардың патриоттық сезімін жетілдіру мақсатында олардың өз міндеттеріне саналы қарауды, қоғам мүлкін сақтауды, еңбекті құметтеуді, ұжымда өмір сүріп еңбек етуді, барлық жерде жақсы нәтижелер ғана қалдыруды үйретеді. Күнделікті өмірде байқалатын патриоттық сезім көріністері балаларға үлкен әсер етеді. Сонымен қатар балалардың патриотизм сезімін туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жөн.

Резюме

В этой статье рассмотрено патриотическое воспитание учеников начальных классов посредством внеклассных работ.

Summary

This article is written about patriotic upbringing of initial class pupils’ according out of class works.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бабанский Ю.К. Педагогика. – М., 1988ж.
  2. Мектеп жастарын педагогикалық тәрбиелеу. Б.Т.Лихачевтың редакция басшылығымен. – М. Педагогика, 1981 ж.
  3. В.В.Журавлев. Мир художественной культуры. Москва, 1987, 237 с.
  4. Ж.Алтаев. Дүниетаным. Алматы, 2001, 46 б.