Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер-халқымыздщың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көпшпелі өнердің салтдәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста ағаш шебері, зергер ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды[1].
Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалтағ семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, опау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлі бұйымдар, сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбай т.б. жасаған ісмерлер тоқыма, киіз басу өнерін дамытқан. Сонымен қатар халықтың арасынан шыққан шеберлер қолөнерді дамытуға қомақты үлес қосып, технологиялық тәсілдерді де терең меңгерген. Мысалы, ер тұрман жасау өнері үлкен шеберлікпен әрі алуан материалды өңдей білуді қажет етеді. Ершілер ер тоқымды келісті етіп ойып, әшекейлеп өрнек нақыштармен көркемдеген. Алтынмен апталып күміспен күптелген ат әбзелдері қазақ жігіттерінің абыройын асқақтатқан[2].
Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар.Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республіка жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалармен халықтардың, сон дай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді[3].
Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірден біртіндеп отырықшылдыққа көшу процесі көрші елдермен әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстарының арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі, сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал етті. Ол кездегі қазақ ауылының көпшілігі қаламен тығыз байланыста болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, халық шеберлерінің жасағандарын пайдаланды.
Кеңес үкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор. Өйткені қазақ қолөнері – жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бәрі.
Қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста деп даралап бөлген.
Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.
Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Және де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады.Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау.
Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі “сегізжапырақ”, “қызғалдақ”, “ботакөз”, “құдық”, “жұлдыз”, “шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген.
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс — өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады.Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады.
Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері болуда.
Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан ғой.
Қазақ халқының қолөнерін дамытып, оны әлемдік дәрежеге шығарған, еліміздің мақтанышына айналған, арттарына ешпес мұра қалдырған көптеген шеберлерге тоқталуға болады. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар берді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезенде түрлі карым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Соңдықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою-өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады.
Ғасырлар бойы қазақ қолөнерінде ою-өрнек тек қосалқы рөл атқарып қана қоймай, олардың ежелден төтемдік және символдық мәні болғанын қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы — ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.
Резюме
Развитие мастерства студентов по обучению к прикладномуискусству.
В статье расматриватся определение теоритических основ изобразительного искусства и их применения студентами на практике. Цель научить студентов организациям художественно-эстетической работы, направленная на формирование способности и провильного восприятия искусства и кросоты жизни, вырожение эстетических понятий, развитие творческой спасобности.
Учение к прикладному искусству осуществляется с помощю изучения историю национального искусства и его развитию.
В его содержание должно входить обучение разно видностями прикладного как изделия из дерево «сувениры» и другим.
Эффективной стороной воспитание изобразительному искусству считается познание кросоты природы и другим человека.
Summary
The development of students skillsin learning crafts. The defermination of the theoretical boundations of fine arts of students and their applicationin practice is discussed in thisarticle
The purpose of teaching students – organizations actistic and aesetic work covectedfor the formation of ability and appreciation of art and beauty of life an expression of aesheticn concepts the development of thetheoretical capacity
The teaching arts and crafts made by stugying the history of the national art its development
Its content should consist studying different kinds of applicaton as the product from a tree «lift» and others. Effective education of fine arts is knowledge of the beauty of nature and other people.
Пайдаланылғанәдебиеттер
1.Т.Н.Мальковская Воспитание учащихся в процессе трудового обучения. М.:Просвещение, 1976.-190с
- Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк пресс».,2004.
- С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. «Фолиант» Астана.2008.