өнері сабағында оқушыларға елестету арқылы сурет салдыру жолдары

Бүгінгі кезде мектептерде бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жан-жақты дамыту, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге баулу мәселесі кеңінен қолданылуда. Осыған орай сабақтың көптеген тақырыптары халық қазынасымен, ауыз әдебиетімен байланыста жүргізіліп отыр.

Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу, соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге жүреді.

Бейнелеу өнері сабағында бала ең алдымен өз түйсігі бойынша елестету яғни кескін келбетті есіне түсіру арқылы сурет салуды үйренеді. Бүкіл танымдық процестер баланың бейнелеу қаракетінен көрініс табады да, сурет арқылы одан әрі көркемдік шешімге ие болады.

Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеде қабылдау үшін балада өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін дамыған қабілет болуы қажет. Өнерді қабылдау балада арнайы үйренуді қажет етеді. Бұл жағдайда ол үшін бейнелеуді алғашқы міндет бейнелеуді шындықтың көрінісі ретінде қабылдау болады.

Бейнелеу өнері сабағы арқылы баланың елестету, ой-қиялын дамытумен тығыз байланысты. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбетімен, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс әрекетті талап етсе, екінші жағынан эстетикалық бағыт бейнелеу өнері сабағына тән қасиет. Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылықта, тұжырым да, адамның дүниетанымы да іс -әрекетінен мотиві ретінде көрінеді.

Мұғалім баланың өз жұмысына белгілі бір уақыт бөледі. Сурет салуға кірісе отырып, бала өз жұмысының негізгі сәттерін жоспарлап алады, осының арқасында ойы дамып, жетіле түседі.

Балаға берілетін еркіндік оның жұмысқа деген жауапкершілігін арттырып, қиялына қанат бітіреді, баланы аса бір қуанышқа бөлейді. Сурет сабақтарында бала өзімен өзі болып, көбіне өз қабілетіне қарай өзіндік туынды жасайды. Елестету, ойлау,қиялдау арқылы балалар суретінің мазмұнын талқылауға айрықша орын берілуі керек. Бейнелеу өнері сабағында сурет салумен айналысатын, өз ата аналарының басшылығымен сурет салуға машықтанған балалар елестету, ойлау,қиялдау арқылы еркін тақырып бойынша өз суреттерінде болмысты шынайы бейнелейді. Өздері көрген заттар мен табиғат құбылыстарын, адамдардың күнделікті өміріндегі нақты оқиғаларды, екіншілері өздерінің іске аспаған тілектерін, армандары мен қиялдарын бейнелейді.

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру үшін ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу бұл ең қызықты тақырып. Єрбір бала ертегіні қызықтап оқиды , єңгімелеп береді жєне сол туралы сурет салуға құштар.Сонымен бірге ертегі баланың дүниетанымын,ақыл-ойын шығармашылығын арттырады.

Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың фантастика дүниесіне де

ынта –ықылас білдіретінін айтқанымыз жөн. Жалмауыз, аруақ, жын шайтан, су перісі, сиқыршы перизаттармен ертегідік ханзада, ханшалар да нақты тіршілік иелер сияқты баланың жан дүниесімен өзін өзі сезінуін айқындайды

Мысалы Тоты құстың қиял ғажайып бейнесін көз алдына елестетіп, бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы түсінігі болуын ал содан соң тоты құстың қиял ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетінін ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілерімен біріктіре отырып, бір тұтас образ жасауы керек.

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет.

Дақтар,образдар табу. Бұл сабақ ертегі оқушының шығармаларындағы кейіпкерлерді бейнелегенде көп көмек береді.

Суретші ертегі кейіпкерлерін елестете отырып бейнелегенде, кейде ол өзіне қажетті бейнені таба алмай, көптеген нобайлар жасай да өз ойынан шықпай жатады.

Бір сәт аспанға қарап бұлттардан өзі іздеген бейнені көруі мүмкін. Кездейсоқ ағаш, тас көлеңкелерін ертегідегі түйеде, ұзын сақалды шалға немесе сиқыршыға ұқсататын кездері болады.

Қағаз бетіне қара тушь бояуын тамызып, одан шыққан дақтардан образдар табу. Қара тушьтың, яғни пайда болған дақтың үстінен гуашь бояуымен елестете отырып көзін, мұрын, денесін т. б. бояйды.

Сабақ процесінде оқушылар бақылау, ойлау, композициялық шешім табады.

Есте сақтау,қиялдау ойлау арқылы немесе тақырып бойынша картина салу оқушылардың творчестволық ой-қабілетін дамытып, өзін қоршаған єлемдегі құбылыстар туралы танымын байытып,тереңдете түседі.

Бейнелеу өнері сабағында оқушылар өз беттерімен үйлестіре білуге , есте сақтап сурет салуға , сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға,қимыл – қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге жаттығады.

Қазақстанның бай табиғатын Алатау тауларын, Жетісу жерін, Көкшетау көлін ,Сарыарқа даласын ,Еділ-Жайық атырабынелестету ,есте сақтау арқылыоқушылар жыл мезгіліне байланысты табиғаттың өзгеру ерекшелігін бейнелейді Жазғы демалыс кездеріңде өздеріңе ұнаған табиғат көріністерін еске түсіру арқылы сурет салғызамыз.Туған жердің табиғатын еске түсіріп оның єдемілігін, сұлулығына көңіл аударып,түрлі-түсті өзгерістерді елестетеді.

Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Күзде табиғат єсем сұлулана түседі, түрлі-түстерге боялып , құлпыра түседі.

Күзде сан алуан жемістер піседі. Еңбекшілер күзгі жеміс жинауға кіріседі.Солардың ішіндегі балаларды ең қызықтыратыны бақшадағы күздік алмаларды жинау.

Алма ағаштарының суретін салуға дайындық алдында алдыңғы шепте тұрған ағаштар үлкен ,алыстағылары кішкентай болатынын естен шығармау керек.Күзде табиғат көрінісі ерекше өзгереді, қоршаған ортадағы ағаштар өсімдіктер сарғаяды.Дала сары түске боялады.Күз мезгілінде бояудың жылы түстері басым болып келеді. Атап айтқанда: қызыл, сары,ашық сары,қоңыр,қызыл.Бақты аралағанда єр алуан түстерді боялған ағаш жапырақтарына қараған жөн.Алған єсерді єрдайым есте ұстау керек. Елестету арқылы осының барлығын бейнелеуге болады.

Жыл мезгілінің ішінде көктем тақырыбына тоқталсақ , жердің буы бұрқырап , жаппай көк шығып, айнала құлпырады гүлдене бастайды.

Жан –жануарлар көкке тойынады,үй құстары қаз,үйрек күн шуақта маужырап дала , орман құстары құйқылжыта сайрайды. Күн нұры жер-дүниені қыздыра бастайды. өрік,алма,шие,алмұрт жеміс ағаштары гүлдейді.Айнала тегіс хош иіске бөленеді. Орман ағаштары жаппай бүршік атып ,аз күннің ішінде жасыл желек жамылады.Осылайша орман ,тоғай ,бау-бақша жасыл түске енеді.Балалар бізді қоршаған єлем қандай көркем.Көгілдір аспан ,көгорай шалғын , хош иісті алма ағаштары , қызылды-жасылды гүлдер өсімдіктер керемет көркем.Осы көріністерді қағаз бетіне түрлі түсті бояулармен бейнелейміз.Көктем гүлдерінен өмірдің көркі , көңілдің қуанышы.Көктемде тау бөктеріне барсақ гүлдердің көптеген түрлерін кездестіруге болады.

Алайда бейнеленетін заттарды елестету арқылы олардың ара қатынасын дұрыс қабылдау үшін бір ғана бейнелеудің шындыққа қатынасын түсіну жеткіліксіз.

Онда балаға әсіресе сұлу көріністі қабылдау қиынға соғады. Жақынан және алыстан бейнеленген заттарды ол үлкенді кішілі заттар ретінде ғана қабылдайды. Баланың бұл жердегі қабылдауы бейненің абсалютті шамасына тікелей байланысты болады. Сондықтан суретте жақынан бейнеленген ағаш алыстағы бейнеленген суретпен салыстырғанда үлкен ағаш ретінде қабылданып, бағаланады.

Бейнелеу өнері шығармаларын қабылдауға баланы ақырын –ақырын баулу керек. Егер мұғалім адамзаттың бейнелеу өнер тілін меңгеруге көп уақыт жұмсағанын айтып берсе, балаға септігін тигізері сөзсіз. Бейнелеу өнерінің көрнекі түрде, көзбен көру арқылы айналадағы дүниені бейнелеу тәсілдеріне негізделген өз құпия сырлары арқылы нақты болмыстың қалай бейнеленетінін білуге үйренуге болады.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өз бетінше және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.

Мұндай талаптардың бірі сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап,оның ерекшеліктерін анықтайды.

Резюме

На занятиях изобразительного искусства мы должны уделять особое внимание анализу содержания рисунков,которые дети сделали на основе представления,мышления и воображения.

Для таких рисунков образцом будут служить произведения сказкы,загадки,басни и природа нашего Казахстана и др.

Summarу

It is necessary to give an important role on the lessons of Fine Arts to discussing the meaning of children’s picture by imagining,thinking and dreaming.

-developing methods of representing artistic pecularities of art creations and evoloving method of teaching are one of the nowadays necessities among all branches of Fine Arts teaching.

— Fairy –takes legends,stories,puzzles,fables, Which were easily memorised branches of oral national creative power,are really advanced models for children to create a work of art by imaginig.

  • As s rule making pictures and mastering their skills during the lesson,children with the help of the methods of imagining,thinking and dreaming will be to describe in their pictures a real,true to life images.

Әдебиеттер

1.Әлмұғанбетов Б., Балкенов Ж., Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері., Алматы., Мектеп,1987ж.

2.Кузин В.С., Методика препадавания изобразительного искуства в 1-3 классах. Москва.,

Просвещение,1983 г.