Имаготерапия өзін-өзі тану

Имаготерапия (лат. imago — бейне) — түзету мақсатында нақтылы бейнелерді қайта жаңғыртудағы адамның жаттығуына бағытталған психотерапиялық әдіс. Бұл әдісті 1966 жылы И.Е.Вольперт ұсынған болатын. Ойын психотерапия түріне жатады, кең мағынада — қиын өмірлік жағдайларда адекватты әсер етуге үйрену, коммуникатвиті мүмкіндіктердің кеңейюі, жеке өмірлік тәжірибені жұмылдыру негіз болып табылатын мінез-құлық психтерапиясының бір түрі. Мысал ретінде имаготерапияға алаңдату, сенiм, түсiнiктеме, сендiру, имитациялық бұйрық, қызу қолдау, үйренуді жатқызуға болады.