Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің құқықтық реттелуі.

Сыбайлас жемқорлық ежелден қоғамдық өмірдің ажырамас атрибуты болып келе жатқаны барлығымызға мәлім. Ол- қандай мемлекет болмасын,оның саяси сипатын төмендетіп, қоғамның халық алдындағы беделін түсіретін қауіпті құбылыс.Тек өзін барынша әділ, демократиялық мемлекет деп санаған кешегі кеңес өкіметі коррупцияны капиталистік елдерге ғана тән деді де, ресми әдебиеттерде солай жазылып,насихат құралдарында солай жазылып, насихат құралдарында солай уағыздалды. Ол туралы шындық жазылмады, халықтан жасырын ұсталды.

Еліміз егемен болып, нарықтық экономика жолына түстік. Қайта құру кезінен басталған көптеген қиыншылықтар артта қалды. Қоғамдағы құбылыстың қайсысының болмасын күнгейі және көлеңкелі жағы болатынындай нарық қоғамымызға жаңарулармен та етене ендірді.

Міне бұл жайлар елімізде бұрын да болған,алайда нарықтық экономикамен күшейе түскен қылмысқа қарсы күрестікүн тәртібіне қойды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң қабылданды. Оған өмір ұсынған бірнеше өзгерістер де енгізілді. Арнайы мемлекеттік құрылымдар ұйымдастырылды.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысын тұрақты назарда ұстап отыр. Осыдан бір жыл бұрын “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттіліктінығайту жөніндегі шаралар туралы” Жарлық жарияланды.Биылғы наурыз айындағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауда бұл мәселеге тағы да ерекше көңіл бөлінді.Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасы ойлағандай тиісті нәтиже бермейотыр. Қылмыс азаюдың орнына көбеюде. Мұны тиісті органдардың белгілі бір жұмысының нәтижесі деуге де болады. Дегенмен қылмыстың елеулі өсіп отырғанын байқау қиын емес. Қылмыс жасағандар құрамында нағыз заңдылық үшін күресетін,заңның орындалуын қадағалайтын сот, ішкі істер, әділет органдары қызметкерлерінің ,аудандық және ауылдық әкімдердің болғаны өкінішті – ақ.

Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дәлдігімен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырыпғ біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін аттап өтіп, оның белгілі іс — әреет түрлерінің жиынтығы екенін айттық. Бірақ, осы жиынтықты құрайтын нақты іс- әрекет турасында әдебиеттегі пікірлер әр түрлі.

В.С.Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық – құқықтық көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады (1.28б).

Г.Н.Борзенков қылмыстың: талан – тараж, парақорлық және қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді (2.30б).

П.Н.Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып талан – таржға салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады (3.13б).

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы біріңғай келісілген пікірдің болмауы бұл терминді өз бетінше және қарама – қарсы мағынада мемлекеттік билік және басқару органдарының нормативтік – құқықтық актілеріне қолдануға әкеліп соқты.

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандық анықтамасы көптеген нақты қылмыс құрамының түрлері көрсетілген халықаралық құжаттарда аталып кеткен (4).

Біздің пікіріміз бойынша, сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық – құқықтық нысандарын тек қана парақорлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Бұл коррупция сияқты күрделі де әр қилы құбылысқа жеңіл – желпі қарау болып есептеледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық бұзу субъектісінің ауқымы парақорлық субъектісі ауқымынан кең екенін де есте сақтау қажет.

Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық – құқықтық көрініс нысандарына:

А) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін — өзі басқару органдары қызмет және жергілікті өзін — өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;

Б)лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметерлердің;

В)қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше. Бұрын айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды рөл атқарады.

Бұл шаралар панацея емес – олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсықазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы,міндетті түрдежәне тез жаңа түрде өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасын онымен күресу мүмкін емес .Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.

Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды,оның нақты теориялық базаға негізделуі,ішкіжәне халықаралық тәжірибелердің тарихи дәстүрлеререкшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтанда іс жүргізудегі пайда болған қажеттіліктерді объектівті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты жетілдірудіңнегізгі ұсыныстары мынадай:

Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілгенадамның және лауазым адамның өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетеді және оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып “лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызметөкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын” жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді. (ҚР ҚК 54 бабы).

Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстыңқоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады және сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.

Бірақ та біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде –қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет.Мысалы мұндай құрамдарға ҚК-нің 181-бабы, 3 бөлігі, 180-бап 2 бөлігі, 196-бап-3 бөлігі, 206-бап 3 бөлігі, 207-бап 3 бөлігі, 251-бап 4 бөлігі, 259- бап 4 бөлігі және т.б жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.

Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күрескебағытталған көптеген нармативті-құқықтық актілерді қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі,оны бірініші болып міндетті түрде орындауға тиісті лауазымиелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен.Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дәлелдеп отыр. “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары және мүліктікжағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту- жұмыстан шығаруға негіз болады.Осыған қарамастан, бұл талап орындалмайды. Шенеуліктердің сыбайлас жемқорлық туралызаңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың тиімділігінің төменгі күмән тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа әдейі орындалмағанын үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық-құқықтық норманы белгілеу қажет.

Әрине сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны түсіндіру үшін ҚР Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы” 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Қаулысы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №18 “Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” нормативтікқаулыларын келтіруге болады. Соңғы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқаратын , сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерінжәне басқа даөзінің өкілеттіліктерін пайдалана, отырып жеке өзі немеседелдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен сол артықшылықтаралуы сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұрғаларға аталған игіліктерімен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы деп түсіну керек делінген(5).

Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін , бөлшектенбейтін криминальды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші.Л.Н. Павленконың дұрыс пікірі бойынша “Коррупция дегеніміз ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тәсілі”.Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса отандық ұйымдасқан қылмыстың әуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағыкоррупция дегеніміз-тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тәсілі. Осы тұрғыданқарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқанқылмыстың негізі деген ғылымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мәнінде “ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады,ал бұл экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға,дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді”(6.154 б .).

Осылайша мемлекеттік билік органдарына сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне сондықтан да біз жоғарыда атап өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50 % -ға дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппарат пен коррупциялық қарм-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюіқауіп тудырып отыр.

Айтылғандарды түсіндіре келе мынандай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік аппарат пен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен қоса, бір мезгілдеұйымдасқан қылмысқа да берілген мықты соққы болып табылады. Әрине бұл өте күрделі мәселе. Мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет. Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауапкершілігін күшейткен жөн болар еді.

Осы қылмысқа қарсы заңдылықты өрістетудің бұдан басқа да жолдары бар, бірақ олар сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық –құқықтық түріндегі көрінісінің ең бірден-бір қауіпті түрі парақорлық болып саналатындықтан , енді соған тікелей қатысты келесі тарауларына көшейік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық Ерекше бөлім Алма-Ата.Жеті жарғы 2004.540 б.
  2. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией Востник МГУ право №1.1993 15-30 б.
  3. Панченко П.Н. Уголовно-правова характирестика корупции.Материалы научно-практической конференции 18.19.04 . 1995 М-1995.120 б.
  4. Практические меры борьбы с коррупцией руководство, подготовленное секретаритом ООН май 1990.
  5. Заң газеті 9.01.2002.ж
  6. Ромашенко Л.С. Социологический анализ корупции как основного признака организованной преступности.// Вестник .Саратовской Гос академии прова №2 1995 164 б.