«Шағын және орта бизнес пен банк арасындағы несиелік қатынастарды дамыту»

ҚР-да өткізілетін экономикалық реформалардың тиімділігін ең толық және ұтымды пайдаланудың, қаржылық құралдарды басқару және реттеу мүмкіншіліктерімен тікелей байланысты, солардың қатарына несие жатады. Қазіргі несиелік қатынастардың мәнділігі, өндірістік және қоғамдық өнімді іске асыру және ұлттық табыстың үдерісінде пайда болатын, өндіріске және елдің экономикалық әлуетінің үздіксіз өсу ынталандырумен несиенің белсенді ықпалы дәлелделді.

Дүниежүзінде шағын және орта кәсіпкерлігі экономиканың икемді және нәтижелі секторлардың бірі болып табылады. Оның үлесіне түсетіні, жалпы ішкі өнімнің бөлігін жасау, онда экономикалық белседі тұрғындардың үлкен бөлігі жұмыс істейді. Жұмыс қамтылуды қамсыздандырумен қатар, шағын және орта кәсіпкерлігі бәсекеге жарамды, серпінді және әртараптандырылған экономиканы жасауға үлкен үлес қосады.

Шағын және орта бизнес XX ғасырдың аяғында және қазіргі экономикада үлкен орын алады, мемлекеттің гүлденуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан шағын және орта бизнестің субъектілерін қорғау жөніндегі сұрақ, мемлекеттің маңызды сұрағы болып келеді. Шағын және орта бизнес саласын несиелендіру, республиканың экономикалық өсуін нығайту және тұрақтандыру бағдарламасы басымдықтың бірі болып табылады.

Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақстандықтар әл – ауқатының көтерілуі оның дамуымен тығыз байланысты. Статистика агенттігінің үстіміздегі жылғы 14 қазандағы мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізді 627779 белсенді компания мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шаруасын шалқытып жүргендер болып есептелінеді. Соның ішінде барлық субъектілердің 61,1 пайызын жеке кәсіпкерлер, 27,1 пайызын шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,4 пайызын шағын кәсіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны жөнінен екі облыс басқалардан оқ бойы алда келеді. Солардың ішінде осындай 119246 құрылымымен еліміздегі жалпы көрсеткіштің 18,99 пайызын еншілейтін Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Екінші орындағы Алматы облысы жалпы көрсеткіштің 16,44 пайызын қамтитын 103241 субъектіге ие. Ал бұдан кейінгі орындардағы аймақтардың үлес салмақтары бұлардан едәуір төмен. Бұған көз жеткізу үшін үшінші – төртінші орындарға жайғасқан Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында тиісінше 61995 және 56221 шағын және орта бизнес құрылымдары бар екенін айтсақ та жеткілікті [1].

Шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың негіздерінің негізін қалыптастырады. Ұлттық экономиканың дамуында басшы бола отырып, ол жалға алудың, өндірістің, сатудың, қызмет көрсетудің, өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің аспектілерінде аса маңызды рөлді атқарады. Кәсіпкерлердің ортаңғы жігіне тұрғындар жұмысбастылығының мәселелерін шешуінде үлкен үмітті жүктейді. Әсіресе шағын және орта кәсіпорындарда негізінен жұмыс орындары пайда болады. Бұдан басқа кездерде, қарқынды дамып келе жатқан шағын және орта бизнестің кәсіпорындары экономикалық құрылымдарды тұрып қалулардан сақтайды және әрқашанда төменнен бәсекелестікті жандандырып отырады. Нарықтардың талдауымен айналыса отырып, жаңа өнімдерді өндіре отырып, шағын және орта кәсіпорындар экономикалық өсу үшін алғышарттарды құрайды.

Жұмыс орындарын ұсынудан және осы жағдайда республикада жұмыссыздық деңгейінің азаюынан басқа шағын бизнес бәсекеге қабілетті қарқынды және диверсификацияланған экономиканы құруына үлкен салым кіргізеді.

Біз қазақстандық экономика толығымен нарықтық қатынастардың өмірге икемді жүйеге кіргеніне куәгерміз. Нарықтық экономиканың потенциалын табысты пайдалануының және қазақстандық экономика өнеркәсіптің жақсы дамыған шикізаттық секторына және банктік жүйеге ие болатынының арқасында, әлемдік нарықтың жағымды конъюнктурасының шарттарында ол қазіргі уақытқа дейін өсудің жоғары темптерімен дамып келе жатыр. Төрт постдағдарыстық жылдардың ішінде ҰЖӨ көлемі 39,1% өседі. Елде көз алдында инвестициялық шу – негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 102% көбееді. Бұндайға Қазақстан бұрынғы кеңестік экономикасы дамуының ең жақсы жылдарында да ие болған жоқ. Қазіргі уақытқа дейін де елде жағымды сауда сальдосы. Қазақстанда тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсуге бірте-бірте өту үшін жағымды шарттар жасалған болатын, бұнымен пайдаланбай қалу қате болатын еді. Қазақстандық банктік жүйе үшін спекулятивті табыстардың арқасында әрекет етудің және жетілгендікке ие болудың дәуірі, «қысқа ақшалар» стратегиясының дәуірі, аяқталып келе жатыр немесе аяқталған. Елдің жүйе құраушы банктері үшін басқа стратегия – нақты экономиканың қысқа және ұзақ мерзімді несиелендіруінің, қаржылық қызметтердің шеңберін кеңейтуінің және сапасын жоғарлатуының, стратегиялық клиенттер үшін күресінің стратегия дәуірі басталып жатыр [2].

Шағын бизнес Қазақстан экономикасының дамуында үлкен рөлді атқарады. Бұған өнеркәсіптік даму, экспорт және, әсіресе, дамып келе жатқан және дамыған елдердегі жұмысбастылық үшін шағын кәсіпорындарының маңыздылығының өсу тенденциясы көрсетеді.

Нарықтық экономиканың жетілуі, бәсекелес ортаның дамуына негіз болады. Нарықтық экономикаға көшкен соң республикада шағын және орта бизнес жүйесі құрыла бастады. Жыл сайын елімізде шағын және орта бизнес өсуінің беталысы байқалады.

Шағын және орта бизнесті несиелендіруде маңызды орынды ауыл шаруашылығы алады, бірақ ауыл шаруышылығына несие беру банк үшін үлкен тәуекел. Бұл бір жағынан табиғи өзгерістерге байланысты, ал екіншіден ауыл шаруашылығы өнімінің бағалары тұрақты болмағандығынан. Осының барлығы несиені қайтармау тәуекелін туғызады.

Мезгілді несиелерді жабу несиелері, өзінің жаратылысы бойынша сауда-өнеркәсібі кәсіпорындардың қысқа мерзімді несиелеріне ұқсас болып келеді. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы – бұл инвестицияны қажет ететін сала.

Ірі бизнеспен қатар шағын және орта бизнестің құрылуы және дамуы Қазақстан республикасындағы экономиканың даму стратегиясының негізі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік секторы дамыған экономиканың бөлінбес, объективті түрде қажетті элементі, экономикалық дамудың қозғаушы күшінің бірі болып саналады.

Экономиканың бұл секторының интенсивті өсуіне жету үшін келесілер қажет:

  1. Жеңілдетілген салық салуға жету;
  2. Белгілі бір сомадан аспайтын табыс салығынан босату;
  3. Субсидиялау және несиелендіру;
  4. Шағын және орта бизнес өнімдеріне мемлекеттік тапсырыстары түріндегі мемлекеттің көмегі;
  5. Ақпараттық және консультациялық көмек.
  6. Шағын және орта бизнестің нақты, қатты, базалық құқытық негізін құру.
  7. Шағын және ортаның институционалдық орталықтарын құру.

Тұрақты экономикалық дамудың негізі тек қана нақты сектор, яғни шағын және орта бизнес кәсіпорындары бола алады.

Отандық және шетелдік практикада қолданылатын несиелеу схемасын сараптау, іскерлік несиенің барлық түрін кәсіпкерлік идеяны қаржыландыруға пайдалануға болатындығын, бірақ жаңа идеяларды жүзеге асыру ауқымының несие мөлшерінен, бағасынан, борыштық міндеттемелердің бекітілу мерзімінен, аталмыш экономикалық жүйеде несиелеу формасының көптігінен, несиелік процесті ұйымдастыру практикасынан тәуелділігін көрсетеді.

Демек, шағын және орта бизнесті несиелеу – несиелеу технологиясының сараптамалық процестің мүлдем басқа сапалы деңгейіне өтуін объективті тұрғыда талап етеді. Осы орайда кредиторлардың кәсіпкерлік құрылымдармен өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтауы ерекше мәнге ие, ал бұл жаңа несиелік құралдарды қалыптастырудан, тәуекелге сәйкес келетін қадағалау жүйесін, бақылау тетіктерін жасақтаудан және, сонымен қатар, экономиканың жекелеген секторлары бойынша статистикалық ақпараттарды жинақтаудан көрініс табады. Соңғы жылдары несиелендіру нарығында жақсы жаққа өзгерістер болды. Бірақ та ресурстарды жұмылдыру, оларды бөлу және пайдалану процестері қаржылық нарықтар және оларға тән институттар дамуды алған кезде ғана тиімді бола алады. Несиелік нарықта қаржылық делдалдықтың диверсификациясы қаржылық қызметтер нарығында толық бәсеке, қарыз алушылар мен кредиторлардың таңдауын еркіндік үшін шарттар құрады, бұл шығындардың төмендеуіне, несиеге және уақытша бос ақша қаражаттарының қарыз алулардың басқа формаларына қол жетерлігін жоғарлатады [3].

Қазақстан халқына өзінің Жолдауында біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев, кәсіпкерлік туралы мәселелерді қозғай отырып, біз шағын және орта бизнес дамуының жаңа идеологиясын құруымыз керек, басқаша айтқанда, кәсіпкерлік ортаның инициативасын іске асыру үшін жағымды шарттар құруымыз керек. Президенттің айтуынша, біз әлемдік экономикаға интеграциялауымыз керек. Бұл үшін біздің тауарларымыз бәсекеқабілетті, ал бизнес-менеджментіміз халықаралық стандарттарға жауап беруі қажет.

Шағын және орта бизнес клиентерімен жұмыс істеу сапасына байланысты несиелік қоржынды тиімді басқару қажет. Осыған байланысты банк алдында жаңа талаптар қойылып жұмыс көлемін жүзеге асырудың нақты мүмкіншіліктерін анықтау қажет.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру саласында қаржылық менеджменттің қалыптастырылған концепциясынан, қатаң әріптестік философиясын ұстанады, сонымен қатар несие алушымен несие берушіге тән қарым-қатынасты сақтайды. Сонымен бірге несиені қайтармау тәуекелін жою үшін несие беру әдісін қатаң жүргізу керек, сондай-ақ несиелендірудің маңызды принциптерін ұстану басты шарт.

Еуропалық қайта құру және дамудың несиелендіру бағдарламасында мына ұранды қолдануды жөн көреді: «қатал, бірақ адал». Бұл ұран Қазақстандық банктер үшін өте дәл келеді, өйткені клиенттердің банкке деген сенімі болмайды, бұл жағдайды болдыртпау үшін банктік саясат жүргізу қажет. Басқа жағынан қарағанда несиені уақытында қайтармайтын клиенттерге банк ешбір жеңілдіктер бермейді. Банктік тәжірибеде нарықтық қатынастарды, қаржылық несиелік тетіктерді реттеуді, сонымен қатар экономиканы жалпы дамытуға себеп болады.

Жасалған талдау бойынша қорытынды:

  1. Ірі өндірісі дамыған қалаларда бизнес жақсы дамыған;
  2. Ірі банктер шағын және орта бизнес кәсіпорындарын жиі несиелендіреді. Өкінішке орай, әсіресе аймақтық банктер, ірі клиенттердің банктері болып табылады, олар үшін микро және шағын несиелер қызығушылық көрсетпейді.
  3. Шағын және орта кәсіпорындарға несиелендіру тиімділігі, жаңа жұмыс орындар ашылуына мүмкіндік береді;
  4. несиелендірудің қысқа мерзімділігіне қарамастан несиені беру және қайтару, несиелік қоржынның сапасына байланысты.

Ел экономикасының жалпыэкономикалық жағдайына, бұдан басқа, ұлттық деңгейдің факторлары әсер етеді. Бұндай факторлаға экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттағы себептерді жатқызуға болады. Сонымен бірге, несиелік тәуекелдің көлеміне микроэкономикалық деңгейіндегідей, макроэкономикалық деңгейінде де мемлекеттік реттеудің шараларымен байланысқан көптеген факторлар әсер етеді. Ұлттық валютаның девальвациясы, тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендеуі, тұрғындардың өмір деңгейінің төмендеулері шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен шығарылатын тауарлардың (қызметтердің) сұранысының төмендеуіне әкеледі.

1998 жылдың сәуірінен Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкі бағдарламасы жұмысын бастап, бүгінгі күні өз қорытындыларын әкелуде. Бірте-бірте шағын және орта кәсіпорындары несие берудің негізгі бағдарламалары және бизнесті дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздері ашылып, жүзеге асырылады. Шағын және орта бизнесті несиелендіру саласында Қазақстандық банктердің белсенділігі өскенімен, несиелендіру мүмкіншіліктері жеткіліксіз болып есептелінеді. Аталған шарттардың ішінде банктік несиелендірудің өсуін көрсететін келесі факторлар:

  • инфляцияның төмен деңгейіне байланысты және де 2,5 ішінде нақты ЖІӨ-нің тез арада өсуіне, сонымен қатар бюджет тапшылығына байланысты макроэкономикалық шарттардың жақсаруы болып табылады;
  • Нарықтық экономиканы білетін және тәжірибесі жеткілікті басқарушыларды, менеджерлерді даярлау жүйесін құру;
  • Мемлекетте қалыптасқан қаржылық жүйенің халықаралық стандарттарға сай болуы және төлем жүйесінің дамуы [4].

Шағын және орта бизнес несиелендіруін кеңейтуде бірнеше мәселелер туындайды. Әртүрлі елдердің тәжірибесі, нарықтың өз бетінше шағын және орта бизнесті қаржыландыру жетіспеушілік мәселесін шеше алмайтынын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының артықшылықты міндеті шағын және орта бизнесті дамыту болып табылатындықтан, коммерциялық банктер экономиканың осы секторының қаржылық қолдауын, сонымен бірге оның дамуына мультипликативті әсер беретін қолдаудың дәстүрлі емес түрлерін – аудиторлық, консалтингтік қызметтерін кеңінен жүзеге асыруы керек.