Қазіргі заман жағдайында экономиканы тек мемлекет қана емес, сонымен бірге жеке монополиялар да реттейді. Осылайша, экономиканы реттеу екі деңгейде – макро (субъект – мемлекет) және микро деңгейде (субъект – жеке фирмалар) жүзеге асырылады. Фирманың рыноктық стратегиясы мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатына байланысты құрылады.
Мемлекеттің шарушылыққа қатысты атқаратын рөлінің өзгерісі де маңызды мәнге ие. Мемлекет әр алуан құралды жасап, олардың көмегімен шаруашылық өмірге араласады. Экономиканың монополиялануы және экономиканы қоғамдастырудың деңгейі артқан сайын мемлекет капиталды монополиялау, өндіріс процесін басқару секілді тиісті меншік түрімен шектеліп қалған компаниялардың қолынан келе қоймайтын маңызды функцияларды орындауы керек.
Мемлекет және жеке компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастың түрлері өзгеріп отырады. Соңғысының қызметін реттеу ісі бір қалыпты бола бермейді, оны осы тетіктің кейбір элементтерінің белгілі бір кезеңде күшеюіне немесе әлсіреуінен байқауға болады.
Рыноктық экономиканың қазіргі даму жағдайында экономикалық процестер жеке монополистік бірлестіктердің және мемлекеттің ортақ күш-жігерімен ғана реттелмейді. Мемлекет пен фирмалар реттеудің дербес субъектілері болып табылады. Мәселен, компания қызметінің кеңеюі ұдайы өндіріс процесіне қажетті ең маңызды өзара байланыстардың қалыптасуына шешуші әсер етеді. Монополиялау формалары өзінің барлық жағынан реттеу формалары болып табылады. өндірістік процестердің құрылымын өзгерту әрі оларды қарқындату үшін жеке фирмалар қосу, картель, кооперация, рыноктық стратегияның жаңа түрлері секілді монополиялаудың әр алуан формаларын пайдаланады
Мемлекет өзінің реттеу қызметінде мәжбүрлеудің құқықтық түрлерін пайдаланады әрі орасан зор экономикалық ресурстарға иелік етеді.
Мемлекет экономикалық процестерді реттеу үшін өзіндік бюджет, мемлекеттік банкілер жүйесі және экономикалық мемлекеттік сектор секілді үш маңызды құралды пайдаланады. Осы арқылы шаруашылықтың жүруіне ықпал етіп, экономикалық өсуді және ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады әрі компанияның сыртқы экономикалық қызметіне қолдау көрсетеді.
Жеке монополистік және мемлекеттік реттеудің мақсаты: қалыптасқан жағдайға бейімделіп қана қоймай, қоғамдық экономикалық жағынан одан әрі дамыту.
30-жылдары орын алған капиталистік шарушылықтағы дағдарыстың терең сипат алғаны соншалық, рыноктық экономиканың негіздеріне қауіп төнді. Бұл бірқатар елдің үкіметтерін рыноктық қатынастарға араласу саясатынан бастартуға, сондай-ақ жұмыссыздықты азайтуға, экономиканы тығырықтан алып шығуға бағытталған кең ауқымды экономикалық шараларды жүзеге асыруға итермелейді.
Осы теорияға сәйкес мемлкет жекелеген шаруашлық бірліктерінің шешім қабылдау еркіндігін өздеріне қалдыра отырып, тиімді сұраныстың жалпы мөлшерін анықтау жолымен рыноктық механизмнің іс-әрекетіне араласпау міндетін алдына қойды.
Рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айрықша маңызға ие болды. Мемлекеттік реттеудің басты міндеттері ұлттық табыстың өсуін қамтамасыз етуден, төлем баланысның тепе-теңдігін сақтаудан және бағаны тұрақтандырудан тұрады. Ал сұраныстың жалпы деңгейін реттеу мәселесіне келетін болсақ, ол алдынғы дағдарысқа қарама-қарсы сипатынан айырылып, антициклдік сипатқа ие болады
Мемлекет рыноктық экономика жағдайында ұлттық шарушылыққа мәселен, мемлекет меншігі немесе салық жүйесі, не болмаса пайыздық мөлшерлемесі тариф арқылы тікелей немесе жанама түрде әсер ете алады.
Мемлекет экономикалық процестерді реттеудің жаңа принцптерін ақша-кредит және салық-қаржы салаларында жүзеге асырады. Бағалы қағаздар эммисиясын тіркеудегі мемлекеттік органдардың енжарлығы, оларды қамтамасыз етудің тәсілдері, шетелдік валюта айналымы және оларды айырбастау секілді іс-тәжрибені ақша массасын, пайыз деңгейін, өзге кредит шарттарын, валюта бағамын белсенді реттеу тәжрибесін алмастырады.
Бюджеттік тепе-теңдікті сақтау және мемлекеттік шығыстарды азайту секілді прициптердің орнын салық салудың нормалары мен шығыстардың мөлшерін жиынтық қоғамдық сұранысты реттеудің қажеттілігіне «бағындыру» көздейтін атқарымдық қаржы тұжырымдамасы басты.
Мемлекет отынның, шикізаттың және негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өз бақылауына алады. Мемлекеттік бюджет соғыс аралығында 5-10%-дың орнына 1\4-тен 1\3-ке дейінгі ұлттық табысты қамтыды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама түрі экономикалық өсуге өз әсерін тигізді.
Алайда шаруашылық процкстерге мемлекеттік араласу жүйесі орын алған қарайма-қайшылықтарды жоя алмады. Инфляциялық процестің күрт дамуы мен кейнсиандық принцптерден кері қайту бір уақытта қатар жүреді.
Мемлекет инфляциямен күресудің жаңа тәсілдерін іздестіруге кірісіп, экономикалық коньюктураны уақытша циклдік жақсарту проблемасын емес, қоғамдық ұдайы өндірістегі сәйкессіздікті жоюға, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға қатысты міндеттерді бірінші кезекке қойды.
Экономикалық конъюктураның жекелеген компоненттеріне оларды біртіндеп жандандыру мақсатында талғамалы (селективті) жолмен әсер ету талпынысы нәтиже берген жоқ және бұл көптеген елдерде инфляцияның бірден күшеюіне апарып соқтырады.
Жаппай жұмыссыздық тудыратын циклдік экономикалық дағдарыста бағаның тұрақты өсуіне, инфляцияның бой бермеуіне апарып соқтырған өзгеше ахуал қалыптасты. өндірістің құлдырауымен қатар орын алған инфляцияға экономистер «стагфляция» деген өзгеше анықтама берді.
Стагфляция антициклдік ақша-кредит, бюджеттік-салық бойынша реттеудің мызғымастай принцптері деп есептелген сенімді түбірімен жойды.
Осындай күрделі жағдайда ғалымдар мен саясаткерлерге шаруашылық саясатты жүзеге асыратын әрі экономиканың тетіктерін жұмыс істеткізетін ең тиімді жолдарды іздестіру қажет болды.
80-жылдардың бас кезеңіндегі ұдайы өндірістің нашарлауы, шикізат пен энергияның ең арзан көздерін пайдалану мүмкіндігінің аз болуы, экономикалық дағдарыс мемлекеттік деңгейде қатаң шараларды қабылдауды қажет етті. әлемдік капиталистік рыноктағы бәсекелестің күшеюі мен сауда құрылымының өзгеруі мемлекеттің шарушылық өмірге ықпалын күшейтуіне тағы бір себеп болды .
Мемлекеттің баға белгілеу процксіне әсері елдің экономикалық саясаттың жүйелі түрде қолданатын әрі ең маңызды әдістерінің бірі.
Бағаны мемлекеттік реттеудің қалыптасқан жүйесі салалық мемлекеттік саясаттың басқа түрлері секілді ұлттық табыстың салалар мен халық санатына бөлінуіне және құны жағынан үйлесуіне ықпал етеді. Реттеудің бұл түрі соңғы он жылдың ішінде инфляцияның өсуіне байланысты кеңінен қолданылып келеді. Баға саясаты мемлекеттің экономкалық қызметінің маңызды салаларының біріне айналады.
Әйгілі америкалық экономист Саймонның пікірінше, көптеген рынокта бәсекелік баға емес, басқарылатын баға қолданылады. Дж.Гэлбрейттің де пікірінше бағаға тиімді бақылау орнату қажет.
Мемлекеттік реттеудің маңызды құралына ақша-кредит қаржы саясаты жатады. Ал осы саясаттың құрамдық бөлігіне мемлекеттің жекелеген тауар рыногының шаруашылық конъюктурасы жағдайына баға реттеудің көмегімен ықпал ету талпынысын жатқызуға болады.
Бағаны мемлекеттік реттеуге мемлекеттің экономикалық ойларды тұтас, тұрақты дамуына яғни баға арқылы ұдайы өндіріс процестерінің циклдік ауытқуларының теңдесуіне ықпал ете отырып, әкімшілік заңнама және бюджеттік-қаржы шараларының көмегімен бағаға әсер ету талпынысын жатқызамыз. Бағаны реттеу нақты шаруашылық конъюктурасына қарай антидағдарыстық және антиинфляциялық сипатқа ие болады.
Баға жүйесі рыноктық экономиканың ең маңызды элементтерінің бірі екендігі мәлім. Рыноктық тетіктің өзге де элементтерімен байланысты әрі олар өзгерсе, бұл да өзгереді.
Бюджет шығыстарын, салықтарды, кредиттің пайыздық мөлшерлемесін және өзге де экономикалық тұтқалардың өзгерту арқылы экономикңаны мемлекеттік тұрғыдан реттеуді өнімнің шығыны мен бағасының өзгеруінен байқауға болады және ол ұдай өндіріс процесіне әсер етеді.
Мемлекеттің рөлі: кәсіпкерлік қалыптастыру, антимонополиялық заңнама қабылдау және т.б., яғни рыноктың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық құрылымды жасау.
Ішінара алсақ, мемлекет жүзеге асыратын антимонополиялық саясат қолдан жасалған шектеулерді алып,экономиканың барлық салалары мен секторларында бәсекелестікті өрістетуі тиіс әрі рыноктық баға белгілеудің осы негізде көтермелеп, дамыту қажет.
Бағаны ырықтандыру тоқтамайды, керісінше, мемлекеттің баға белгілеу саясатын жүзеге асырудағы рөлі артады. Оның мәні нақты баға белгілеуде емес, экономикалық шаралардың көмегімен тауар өндірушілердің баға бойынша оңтайлы шешім қабылдауына әсер етуде оларға әдіснамалық әрі әдістемелі көмек көрсетуде, баға белгілеу жөнінде құқықтық нормаларды әзірлеуде жатыр.
Мемлекеттік реттеудің мақсаты тапшылық тұрақты түрде орын алған жағдайда бағаның инфляциялық өсуіне, шикізат пен отынды пайдалану бағасының күрт өсуіне, сондай-ақ өндіріске ғылыми-техникалық прогресті енгізуге мүмкіндік беретін бәсекелестікті өрістету үшін өндірісті монополиялауға жол бермеу.
Мұнда маңызды міндеттері белгілі бір әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу, күн көрістің ең төменгі деңгейін сақтау, тұрмысқа аса қажетті тауарларды адамдардың сатып алуына мүмкіндік беру.
Мемлекет өндірушілерге тікелей және жанама түрде ықпал етуі мүмкін. Реттеудің мұндай шаралары рыноктық экономиканы басқарудың жалпы жүйесіне жатқызылады.
Бағаны рынок жағдайында тауар өндіруші үкімет қабылдаған заңдарды ескере отырып, өзі әзірлейді. Рыоктық қатынас жүйесінде белгілеген экономикалық нормадан ауытқу орын алса, ол тауар өндірушінің өз серіктесімен немесе ақша-кредит, салық жүйелері және т.б. арқылы өзара іс-қимыл процесінде анықталады. Мемлекеттің міндеті бағаны күш қолдана отырып бақылауда емес, төрелік айтуда жатыр.
Инфляция кезінде сұраныс бағаның өсуімен қатар бір мезгілде артуы мүмкін. Тұтынушы рыноктың тұрақталатына сенбейді әрі бағаға қарамастан сұранысты арттырады. Рыонтық экономикада сатып алуға жұмсалатын шығынның өсуі жинақ ақшаның кемуіне апарып соқтырады. өтпелі кезеңде мынадай ахуал орын алуы ықтимал: сұраныс ұлғайған кезде тауар тапшылығы тұтынушыға жинақ ақшасын тауысуына мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты мемлекет тапшылық проблемасын аз уақыттың ішінде шешуге дәрменсіз әрі жаңа баға арқылы да тауар тапшылығын шеше алмайды.
Бір жағынан түбегейлі қайта құрылмаған экономика қажетті тауардың тұрақты өсуіне мүмкіндік бермейді. Екінші жағынан, егер баға жеткілікті дәрежеде жоғары болмаса, онда өндіруші қажетті тауарды тиісті мөлшерде әрі аз уақыттың ішінде өндіруге құлықты болмайды.
Бағаны қалыптастыру мен реттеуде мемлекеттің қатысу мүмкіндігін жоққа шығаруға реттелмелі рыноктық баға директивті жоспарлы бағамен бірдейлендірілген кезде орын алады. Реттелмелі баға мен директивті бағаның ортақ жақтары неде және айырмашылықтары қандай? Ортақ жағына тоқталсақ, мемлекет осы және өзге бағаларды қалыптастыруға қатысады. Айырмашылығы: жоспарлы баға рынок пен бәсекелестіктен бөлек, жоспарлы негізде, ал реттелмелі баға рыноктық факторлар мен бәсекелестік негізінде белгіленеді.
Тікелей мемлекеттік реттеу рынокты түзету және рыноктың маңызды параметрлеріне бақылау орнату арқылы мемлекеттің орталықтандырылған саясатымен рыноктық тетіктерді толықтыру қажеттілігін ұйғарды. Толық жетілмеген рынок шаруашылығы жағдайында пайда болған тепе-теңдік бағасы экономиканы тұрақты етуге дәрменсіз. Сол себепті мемлекет бағаны белгілеу әрі реттеу жолымен экономиканы тепе-теңдікпен қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекет белсенді баға саясатын жүргізе отырып таза рыноктық жолмен шаруашылқ жүргізуге тиімсіз бизнестің пайдалылығын қамтамасыз ете алады. Мұндай нәтижеге шарт бойынша бағаны пайдалану жолымен және мемлекеттік тапсырыстар мен сатып алулар арқылы қол жеткізуге болады.
Әрине, мемлекеттік тұрғыдан бағаны шектен тыс реттеу нарықтық тетіктерді әлсіретеді әрі шығын мен нәтижелерді салыстыруға қажетті рыноктық бағдардан көз жазып қалу қатерін туғызады, өйткені негізгі рыноктық параметрлер рыноктық емес факторлардың аса күшті әсеріне ұшырайды. Бәсекелестікті тудыратын рынокпен байланысы жоқ әрі мемлекет белгіленген баға сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қарай жылдам өзгере қоймайды.
Бұл жағдайда жоспарлы экономикадағы секілді тапшылық пайда болады немесе рынок өтімсіз тауарларға толы болады.
Мемлекет бағаны қалыптастыруға және реттеуге қатыспаған жағдайда экономиканың негіздері күйрейді әрі мемлекет монополизммен күресудің маңызды әдістерінің біріне айырылады, сондай-ақ рыноктық қатысан пен көптеген кәсіпорындардың қарсылық жағдайы айтарлықтай тұрақты болмайды.
Рыноктық экономика бағаны мемлекет тарапынан шектен тыс белгілеуді және реттеуді, монополистік кәсіпорындардың бәсекелестігінде қиындық тудыратын, бірақ тиімді болып табылатын өнімдердің бағасын мүлдем реттемеуді де «көтермейді». өтпелі кезеңде бағаны мемлекеттік тұрғыдан тікелей реттеудің қажеттілігі арта түседі.
Бағаны мемлекеттік реттеу өндірушілердің сату бағасының деңгейіне кепілдік беру, яғни белгіленген бағаның деңгейіне аспауы немесе төмен түспеуі арқылы және өндіріс шығынын қаражаттандыру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет бағаны тікелей реттеу әдісімен қатар жанама реттеу әдісін де қолданады. Бағаны жанама түрде реттеу шаралары ,әдетте, рынок конъюктурасын өзгертуге, қаржыландыру, валюталы және салық операциялары салаларында белгілі бір ахуал қарастыруға, тұтастай алғанда – сұраныс пен ұсыныс арасында оңтайлы арақатынас орнатуға бағытталған.
Бағаны жанама түрде реттеу әдістеріне мемлекеттік сатып алулар,салық жүйесі,ақша айналысы мен кредитті реттеу,мемлекеттік инвестиция саясаты мен мемлекеттік шығыстарды реттеу,амортизация нормасын белгілеу жатады.
Мемлекет осы шаралар арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік орнатуға ұмтылады әрі осылайша,эканомиканың барлық аумағында бағаның барынша бірдей әрі баяу өсуіне ықпал етеді.Бағаны жанама түрде реттеу әдісі бағаның өзіне емес, баға белгілеуге өз әсерін тигізетін факторларға,яғни макроэканомикалық сипатқа ие факторларға ықпал етуден тұрады.
Рыноктық эканомикасы динамикалық баланстанған елдерде баға эканоми-
касы теңдестірілмеген әрі тұрақсыз елдерге қарағанда аз деңгейде реттеледі.
Эканомиканың тұрақтануына қарай бағаны мемлекеттік тұрғыдан реттеу бірте-бірте қысқаратын болады әрі бағаны еркін белгілеу жүйесіне көшеді.
Рынокта бәсекелесттікке жағдай жасағанда бағаны мемлекеттік тұрғыдан реттеу өздігіне тоқтайтын болады.
Бағаның деңгейі мен динамикасына салық жүйесі де елеулі әсер етеді. Салықтың мөлшеріне баға динамикасы мен инфляция қарқыны тікелей тәуелді. Салықтың мөлшері неғұрлым жоғары болса, баға соғұрлым тез өседі әрі инфляцияның қарқыны құлаштап артады. Кез-келген өндіруші өзіне салынған салықты тұтынушының қалтасынан, тұтынушыға сатылатын тауардың бағасын жоғары белгілеу арқылы өндіріп алуға тырысады. Мемлекет көп табыс алған кезде бір мезгілде өз шығысын арттырады.
Мемлекет инфляцияны кеміту, бағаның өсуін баяулату үшін салық мөлшерлемесін азайтуы тиіс. әлемнің дамыған елдерінде осы заманғы салық саясаты салықты кемітуге бағытталған. Мәселен, АҚШ-та салықтың үлесі федералдық бюджеттегі пайдаға шаққанда 8%-дан аспайды.
Баға белгілеудің әртүрлі әдістерінің тиімділігін анықтау оларды пайдаланатын жағдайды дұрыс таңдауға байланысты. Біздің экономикамызда кеңінен таралған өндіріс шығынына қатысты пайдалылықтың деңгейі арқылы бағаны реттеу әдісі әлемдік іс-тәжрибеде мүлдем қолданылмайды деседе болады. Өйткені кәсіпорын өндіріс шығынын кемітуге мүдделі емес. Дегенімен, шет елде баға деңгейі жұмсалған капиталдан жоғары пайда алуды шектеумен реттеледі.
Бағаны мемлекеттік тұрғыдан реттеу көбінесе оның экономикаға әсер етудің өзге шараларымен өзара байланысына қарай тиімді болады. Мәселен, бағаны шектеу, тіркелген бағаны енгізу, пайдаға салынатын салық мөлшерлемесін өзгерту, әдеттегіше еңбекақыны реттеумен үйлестірлуі тиіс.
Бағаны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің маңызды бағыттарының біріне монополистік-кәсіпорын өндірген өнімнің бағасын мемлекеттік тұрғыдан реттеу мемлекеттік баға тәртібін бұзбау үшін және тауардың рыноктағы басымдылығын пайдаланбас үшін ескерту, шектеу, алдын алу, тыйым салу, жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
Монополистік-кәсіпорын баға белгілеудің қолданыстағы ережесін сақтау және өзі өндірген тауар номенклатурасы бойынша пайда алудың негізділігі жағынан да бақыланатын болады.
Бақылауды бағаны реттеуге және олардың қолданылуын бақылауға құзіреті бар жергілікті органдар жүзеге асырады.
Бағаны мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өнімді монополистік-кәсіпорын өткізу бағасы бойынша сатады. Ал қалған өнімдерге, тауарлар мен қызмет көрсетулерге еркін рыоктық баға белгіленеді.
Монополистік-кәсіпорын өз өніміне бағаны негізсіз көтеру және т.б. әрекеттермен антимонополиялық заңнаманы бұзған жағдайда ол өндірген тауардың бағасы мемлекеттік тұрғыдан реттелетін болады. Монополистік-кәсіпорын мемлекеттік баға тәртібін бұзған жағдайда ол өндірген тауардың бағасы мемлекетік тұрғыдан реттелетін болады. Монополистік-кәсіпорын мемлекеттік баға тәртібін бұзған жағдайда, оған заңнамадан қарсатырылған экономикалық шаралар өолданылып, әкімшілік жолмен тәртіпке шақырылады.
Мемлекеттік баға тәртібінің бұзылғанын өз бетінше анықтаған әрі осының нәтижесінде артық соммаға ие болған кәсіпорын салық және басқа да міндетті төлемдерден кейін өз иелігінде қалған пайданы бюджетке өзінің қаржылық жағдайына қарамастан енгізетін болады. Сонымен қатар бұл кәсіпорын өз өнімінің, тауарлары мен қызмет көрсетуінің бағасын кемітуге міндетті.
Мемлекеттік баға тәртібін бұзу нәтижесінде алынған әрі бюджетке енгізу тиісті сомма тауарларды, қызмет көрсетулерді көтерілген баға бойынша сатудан түскен нақты түсімімен осы тауарлардың, қызмет көрсетулердің қолданыстағы заңнамаға сәйкесқалыптасқан бағасы мен тарифінің құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Монополистік-кәсіпорындар, сондай-ақ өнімдеріне пайдалылықтың шекті деңгейі белгіленген өзге де кәсіпорындар үшін өз өнімдерінің, тауарларының және қызмет көрсетулерінің түрлері мен топтары бойынша пайдалылықтың шекті деңгейінен асыру есебінен тапқан табысты мемлекет қайтарып алатын болады.
Мемлекеттік баға тәртібі бұзылған жағдайда экономикалық санкция қолданылатын бағаны бақылау барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қолданылады.
Нарыққа, әсіресе монополиялық рынокқа тікелей мемлекеттік бақылау орнатудың аса қажет екенін айта кету керек. Табиғи мемлекеттік монополия мойындалған салаларда, айталық қорғаныс өнеркәсібінде, ғылымда және т.б. нақты әрі толық әкімшілік ету жарасады. Бұған өндірісті, шығын мен бағаны ағымда және ұзақ мерзімге жоспарлау, тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы мен тұтыныу өзгешілігіне тікелей бақылау орнату, кепілдікті, материалдық-техникалық жабдықтау, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алушылар жатады. Мемлекет монополиясына жататын, сұранысы икемсіз тауарлар рыногын әкімшілік жолымен реттеуге болады.