Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.
Бір тарихшы ғылымның айтуына қарағанда ортағасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылымның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып , оған жанашырлық кейпін білдіріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам мақсат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күй мен эмоцияның пайда болуынан дәлелдеп отыр.
Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір сапасы ретінде жайылып бара жатқанына көз жіберетін болсақ, онда тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер онан келетін тәжірбиелік зерттеулер, мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшекерлейді.
Н.Н. Ланге мен У.Джемесәрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джемес, психолог маман ретінде, мақсатсыз-ақ , Джемстің айтуынша адам организмі ретінде эмоцияның недей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қояды. Сонымен бірге , адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Ланге мен Джемс адам эмоциясының пайда болу себептерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді. Мұндай көзқарастың мән-жайы көптеген мамандарға кеңінен мәтінде және оқулықтарда толық баяндалған. Сондықтан бұл мәселені талдап жатудыдың қажеті бола қоймас деймін. Бұл теориядағы бетбұрыс болып саналатын нәрсе эмоциялық реакцияның қалыптасуы туралы бұрынғы дәстүрлі көзқарастарда өзгертуге айтарлықтай ықпал ететінін ескерте кететін. Джемес пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынандай сипатта болған еді: оның бірінші бөлімі сыртқы не ішкі оқиға , қауіпті жағдайда туғанда оны қабылдап, эмоция тудырады, содан кейін бұл эмоцияны бастан кешіреді сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай нүктелерді психологтар мынандай ретпен көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс пен Ланге мұндай сезім нүктелерін бастан кешіруді өзгеше ретпен көрсетеді. Белгілі бір ақтерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады. Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің басталымызда эмоция пайда болады. дейді.
Джемстің эмоцияның пайда болуы жасындағы ілімі қауырт кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқашан қайшылықтар тудырады, содан кейін бұл эмоцияны бастан кештіртеді сол тітіркендіргіштерге әсерлегуі. Бұрын мұндай нүктелерді психологтар мынандай ретпен көрсететін еді; қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс пен Ланге мұндай сезім нүктелерін басынан кештіртуді өзгеше ретпен көрсетеді. Белгілі бір қатерлді оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады. Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен жанданып , оларды қабылдауда біздің басымызда эмоция пайда болады.
Джемстің эмоцияның пайда болуы жайындағы тікелей қауырт кезде өзгерістерге ұшырап, әрқашан қайшылықтар тцдырып отырғаны мәлім. Джемстің түсінігі бойынша біз сыртқы шыққан эмоциясызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ауаға , шаттық күйге бөлінсек , оның артынша-ақ эмоция пайда болып сыртқа шығады.
Мұндай көзқарастың қалыптасып орнығуына мынандай екі түрлі жайт әсер етті: бірі –бұл көзқарас эмоцияны және биологиялық тұрғыдан негіздейді деп санады. Екіші –миктмге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанаттар дүниесінің тітіркендіргіштігімен ұшастырылған көзқарастан өзгеше етіп құралды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Адамның басынан кешіретін сезімдерінің бәрі оның ішкі жан дүниесімен және оның жеке басына тән ерекшеліктері өзара тығыз байланысты.
Джемс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Бұл жәйті сіздерге мәлім. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттейшілер «материалданған теория « деп кінәлай бастады. Мұндай пікір Джемс пен Ланге теориясының бұдан былайғы кездерде дамуына дәйек болды.
Онымен Джемс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Сондай-ақ бұрыннан ескерусіз болып қалған , бірақ соңғы кезде тәжірибелік зерттеулерде ерекше көңіл аударылып отырған мәселе –ақыл ойға қатысты эмоциялар да жоғары топтағы эмоцияға жатады деп санады. Біздің ойлау процесімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешіретін әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.
Сонымен бұл теория бір жағынан алғанда психологиядағы дуалистік көзқарасқа келіп тіреледі. Осындай оңтайлы сәтте шебер пайдалана білген нағыз седалист Бергсан эмоция жайындағы Джемстің эмоция жайындағы теориялық психологиядағы материалистік көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қайнамайтын еді. Демек, Джемстің эмоция туралы анықтамалары материалистік т үсініктен қашықтап, ал дуалистердің пікірімен үндесіп кетті.
Үшіншіден , бұл теория эмоция туралы метафизикалық көзқарастардың жандануына себепші болады. Осы орайда Джемс пен Лангтің эмоция жайындағы көзқарастары өздері бастау алған Дарвин ілімімен салыстырғанда бір қадам кейін шегінетін теория болды. Осы орайда өжелес пен лангестік эмоция исатындағы көзқарастары сөздері бастау алған Дарбин ттәжірбиесімен салыстырғанда бір қадам келетін шиеленген теория болды. Сондай-ақ Джемс эмоция туралы өз түйсіктерін адамның ішкі органдарының қызметімен байланысты деп санап, оны саналы әрекеттерден бөліп тастады. Соның салдарынан бұл теорияда, бұрынғы идеалистік көзқарастар сияқты, тоқырып қалды. Джемс мен Ланге теориясында қамтылған мәселелердің мазмұны негізінен мынандай екі түрлі ой тудырады:
- Эмоциясының биологиялық тұрғыдан іздестірілуі адамның физиологиялық жай-күйінің санадағы бейнесі болып табылады;
- Мұндай жай-күйдің әр түрлі эмоция арқылы кһөріісі олардың өзіндік ерекшеліктерінен байқалады.
Қоршаға ортада кезікккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап қалса – қуантып , екіншісі – қапаландырып , жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы түсі ұнамайды, даусы жағымсыз, дәмі татымсыз ж. т. с. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделі сезімдерге себепші келеді . Сезім ауқалы өте кең өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш , таңдану мен жеркену – мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстар мен қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс беретін толғаныс күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет . Толдғаныссыз өмір — өшкен өқмір. Ұлы әулама А. Нау – ан «Сезімсіз адам — кесек, махаббатсыз адам –есек» — деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар . Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашарқасуға» келіп , оның орнын толтру үшке ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп , не қым-қиған оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашуда айналысады. XVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады., дегенмен интелектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні –адамдағы барша органикалық көріністің негізгі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылады. Неміс психологы Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің іргетасы елестер деп саналады. Бұл теорияға орай сезім елестер арасындағы бейтаныстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейін ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіреті күй білдіруші әрекет қалпына себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вунт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектілікті , яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса,, солай қосуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция –бұл алдымен сезімнің емес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипаталатын адамның ішкі өзгерістері , ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері , ал органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джеймстің 1884 ж жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У.Джеймс және бұған байланыссыз. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі –сыртқы ырықты қозғалыстар , сонымен бірге ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынын болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз –жылағанымыздан; қуанғанымыз-күлгенімізден» Сонымен эмоция салдары болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер , ғалымдар ойынша сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоцияларының ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемелері беріледі. Мысалы ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады.
Джемс –Ланге тұжырымы бірқанша көзқарастар пайда етті. Мысалы қазақ кептсу сезіміне орай басын изейді, ал болғар –шайқайды, африканың бір тайпа елдері сүйген адамның бетін түкірікпен көрсетеді., ал қазаққа бүйтіп көр.
Сонымен бірге, , адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл күйді бере алмайды. Кейде мысалы жағдайға орай «молдамсыз» шығып соңына шыдай алмай , күліп жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай –күйдің қалып аймағынан шығып, дененің әсер еткен жағдайға , оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет . Мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, және олардың кейбірі өткен эволюциялық тдамудың бір кезеңінде қа жет болған болған әрекеттердің дәстүрден дәстүрге ауысып келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы, бір уақыттары біздің маймыл тектес балаларымызға қауіп қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстануға жәрдемін тигізген. Келетін бұл термияны Э. Клапаред жалғастырады. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы — адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан егер адам қашып, құтыла алатын болса , ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді»- деп жазды.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл ой мүмкіндіктермен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы аз алдына . Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау өте алмай, күйзеліс эмосиясына түседі , яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс әрекеттің нақты нәтижесі мен көздеген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл – ой үйлесімсімсздігінен құтылудың екі жолы бар: 1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, ногнитивтория
Жоғары деңгейдегі сезімдер.
Адам жан дүниесінің қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтвлувнда. Мұндай әрекет адам сезімнің жоғары денгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік – моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл – күйіне байланысты. Жоғары денгейдегі сезімдердің ақыл – ой, эстетикалық ж/е моральдық адамгершілік түрлері бар.
Ақыл – ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — адамның сезімдік кейін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады,.
Адам сезімнің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған , созылыңқы, бірақ әлсіз, күшті бірақ қысқа мерзімді болуы мүмкін. Сонымен бірге , сезімдер тереңдігі, саналылығы, тектілігі пайда болу және сөну шарттары, денеге әсері , даму желісі, бағыты көріну және т.б. жағынан әрқилы сипатты келді. Сезімің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.
Субьектив талғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді: тіршілік қажеттіктерді қанағаттандырып, рахатқа бөлуші ұнамды сезімдер; тіршілік қажеттеліктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсетін жағымсыз сезімдер. Тіршілік қажеттіліктердің орындалмауынан қанағатанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіліктердің деңгейіне орай сезімдер қарапайым күрделі келеді. Қарапайымдары-моральдық , эстетикалық және отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоциялық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі: көңіл-күй, кейіп, эмоция, стресс, фрустрация, құмарлық , жо,ары сезімдер.
Көіңл- субъектіге қандай да эмоциальды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер, өздерінің негізгі мәніне байланысты біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз есімдер тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты. Егер көңіл тұрақты тітіркедіргішпен ұштасса, бұл идиосиенкрация сырқатының белгісі.
Көңілді қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жиі кездесетін пайдалы, не зиянды тараптарының жалпыланған бейнесі қалыптасады. Осының арқасында көңіл күтпеген әсер жөнінде оны бұрынғы естегі ақпараттардың садыстырып отырмастан, күні ілгері шешім қабылдауға кқмек тигізеді. Көңіл көбіне субъективтік сипатқа ие: қауықты кітап, сұхбаттас бір адамда жақсы сезім тудырса, екінші тұлғаны тіпті жақпай қалуы әдеттегі құбылыс. Көңіл сипаты іс-әрекет ке де байланысты, қажетті бастауында ұнаған іс, бірақ өзінің ұзаққа созылғандығынан адамды жалықтырып, көңілсіз күйге түсіретіні белгілі. Сырттай байқала бермейтін адам көңілін танып, оны орнымен апйдаласа, жеке не , қоғамдық еңбек оқу желісінің нәтжесін береді.
Кейіп –біраз уақыт басты адамның көңілін билеп, мінез-құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өмір тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағыталып, оған қуанады, не күйзеледі. , біреуді сүйеді, не бір нәрседен шошиды. Мысалы ұнамсыз хабар естіген адамның көңіл-күйі түсіңкі болып , оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, ретеле басталса оның көңіл-күйі тасиды, шаттық езімі ұзаққа созылады.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап, шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпісолғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық , көңілі көтеріңкі болса , адам мәз болып жадырай түседі. Рухани байлығы мол , мақсат –міндеті айқын ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай , өмір сүріп, жұмыс істей алады., өз кейпін меңгеріп, оған иелік ете алады.
Эмоция –сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне болса, көрермендердің бір мезет дүрілдете қол слғып, қошемет айқай салады.
Іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық және астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат юберіп , іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам «тау қопаруға» дайын тұрады. Керісінше, кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады,енжарлық басады-бұл астеникалық эмоция көрінісі. Мысалы, қорқыныш сезімінің саналы болуынан адам өзіне жинақтап қтерге қарсы шабуылға шықты. Ал сол қорқыныш адамды итермелеп, тізесі қалтырайтын дәрежеге де келтіреді.
Қуаныш-орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоциялық күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан зейін толығымен таңдануға себеп болған, нысанаға ауыасды, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет-алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір қажетілігінің орындалмауы не орындалмайтыны жөнінде ақпарат алудан басталатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар-субъектісіне өте маңцызды қажеттіліктің күшті кедергіге ұшырап , орындалу мүмкіндіктерінің кенеттен жайылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қабілет.
Жеркену-тікелейқатынаста болған объектілердің жеке адам идеологиясына адамгершіліктік эстетикалық толғанысына қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру-адам аралық қатынастарды субъектінің көзқарас салты мен сезім объекті қылықтарының бір-бірінен сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.
Қорқыныш-субъектте өз тіршіліктеріне шын және болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алуымен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят-субъектің өз қылық әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне арайлас күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағынын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз скезім түрі.
Эмоциялық толғаныстар бір текті болмайды. Бір объектінің өзі біріне-бірі қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді.
Өте күшті эмоциялық әрекет күші – аффект қысқа да қарқынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін өте қажеті болған өмір ьжағдайларының кенкеттен өзгеріске түсуінен болады. Аффектте адамның қозғалыс әректтері ұстамсыз күйге келдіп ішкі ағзалар қызметі күйзеліске ұшырайды. Бұл қорыққаннан да , қатты қуанғаннан да болады.
Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Адам бойындағы қаншалықты ашу-ыза болғанымен, аффектіні ауыздықтан , епік күйіне бағындыруына болады.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда фрустрациядеп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып күйзеледі, ашуға булығады.
Эмоция-қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басына түскендей сезіну.
Құмарлық-құмарлық көрінісі анық , ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді., мәдениетін дамытып, өмірдің мақсат-мүддесін жеткізеді. Ал ұнамсыз құқмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекетсіздікке ұшыратады.
Жоғары деңгейдегі сезімдер.
Адам жан дүниесінің қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтвлувнда. Мұндай әрекет адам сезімнің жоғары денгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік – моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл – күйіне байланысты. Жоғары денгейдегі сезімдердің ақыл – ой, эстетикалық ж/е моральдық адамгершілік түрлері бар.
Ақыл – ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызыметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл – күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл – ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән – мағынасын жан – жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірбие жетістіктерме,н салыстыра отырып тексереді. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқат қалайда қол жеткізетіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш — қуат беріп , көңілін көтереді. Ақыл – ой сезімі адамның кез – клген іс — әрекетіндегі руқтандырушылық маңызы зор көңіл – күй.
Эстетикалық сезім – обьектив шындықты беткелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын , жарасымдымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл – күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі – адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен , табиғи жарасымдылығымен ж/ е шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсаты – мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты дамиды.
Эстетикалық сезім – мазмұны мен мағынасы түрі сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адакм қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде белгіленіп, оның есту құқығына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл – күйін шалқытып, іс әректтерін өрістетуші ықпал ретінде қарастырады. Өнер мен музика , ән – күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп өмірдің не,ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүние танымын дамытып отыруға тәрбиелеуді эстетика пәні арқылы жүзеге асырады.
Адамгершілікт – моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз сезімінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл – күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айталады. «Мораль» деген француз сөзі. Мағынасы – адамгершілік сезім адамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси – идеалық бағдары, ондағы топтар мен топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісімен байқалып тұрады.
Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі — белгілі бір қоғамдық – экономикалық сатыларда әлеумет мүшесінде қалыптасып отыратын есінеу – қулық көріністерді. Гуманистікң ж/е демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер – борыш сезімі, әрекетінің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін сылау, үлкенге құрмет, кішіге сыйластық ж/е әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым – қатынас. Адамгершілік сезім кісінің өткен өміріндегі елестеріне мақсат – міндеттерін жүзеге асыруы мен идеаларына ж/е дүние танымдық көзқарасы мен қоғамдық іс — әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.
Адамның жоғары денгейіндегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым – тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл – күйдің бүкіл ағзаны биленуіне сезім арқылы біз қандай да әсердің пайдалы не зиянды оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып – ақ байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы, жолды кесіп, өтіп бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысы мен байланыстырумен әр деңгейдегі қорғаныш сезімінде болуы мүмкін . Сезімнің бейнелеу қызыметіне орай адам қоршаған ортада бағыт – бағдар топшылайды, заттар мен құбылыстарға қажеттігіне қарй баға береді. Бұл тұрғыдан сезім ақпарат алуды немесе хабар жеткізу міндетін атқарады. Денеде пайда болған күйзеліс не көңіл – күй жайсыздығы адам қажеттіктерінің қанатынша қанағаттандырылып жатқаны , кезігетін кедергілердің сипаты туралы, ең алдыме,н неге назар аударылуы қажет екендігі жөнінде субьектке ақпарат жеткізеді.
Сезімнің не бейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталандыру қызыцметімен тікелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауіп төнгенінен, қадамын жеделдете түседі.
Затқа не одан кері бағытталған құмарлық, тілек ұмтылыс эмоцияның өзіне тән одан ажырамас, біртекті құүбылыстар ( С. Л. Рубнштеин ). Алда тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретін де осы сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың белгісі көрініп, содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады.
Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметін де атқарады. Күшті эмоционалды көңіл – күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жиі қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдерін баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беретін не оны тіпті аштырып жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажетінде таңдау барысында сол қажеттілікке негіз болар көп сеп – түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысу қызметі іске қосылып, Эмоция адамды қандайда талғамға бағыттайды. Мысалы адам өзінең тумасынан, сақтау ниеті мен қоғамға қабылданған әлеуметтік талаптар арасындағы қарнама – қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі., яғни қандай да әрекетті істейін десе, — өз тіршілігіе зиян , істемесе ұят, көпшіліктің солына ұшыратады. Осындай қорқыныш және борыш , қорқыныш және ұят тайталысында сезім мәнін, оның өз талғам талабына сай келу келмеуін байланыстырумен адам көздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін де атап өткен жөн. Ч.Дарвиннің пікірінше сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттіліктеріне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болды. Дер кезінде орнанизмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу орталықтарына келген.
Сезімнің коммуникативтік қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие, дене қозғалыстары, сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын , қоршаған орта , заттар мен құбылыстарды өз қатынас-талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тизізетіні белгілі. Ым-ишара , қас-қабақ қимылдары-бәрі де сезім «тіпті» болуымен адам атынан гөрі, оның көңіл-күй кейпін айқындай танытады. Зерттеулер дәлелденгендей, сезімдердің бәрі бірдей анық таныла бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін үрей, адам кейін жеркеніш , одан соң таңдану.
Комуникативтік қызмет айтылғанда сезім арқылы адам өзінің қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүиесіне ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, әлі есейе қоймаған сәби шатқалақтап жылауменен ата-анасын өз дегеніне көндіретініне сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып , мүддесіне жетуді әдетке айналдырады.
Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестерімен байланысқан. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістеріне, олар бүктік дене әрекет-қимылына әсер етеді. Осыдан , мысалы , көңіл-күй қандай да күйзеліске келсе , қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшаңдайды, не бәсеңдейді, қан қысымы ауысады, қантамырларыныңм күш қуаты артады, не кемиді және т.б.
Алайда , адам организімінің құрылымы симпатикалық жүйке-жүйесінің қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді.
Ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды : қауіп қатер төнгенде бұлшық еттерге қан жеткізу күшейеді, ас қорыту ағзаларының жұмысы бәсеңдейді, ішкі органдардан қан сыртқа тебеді , Бұлшық еттерге қароқынды әрекеттке келуі үшін көп мөлшерде қант жеткізіледі, себебі қант – бұлшық ет қуатының негізі .
Сезімнің негізгі болған физиологиялық процесс бастауын ми қабығында ала отырып , төмендегі қабық асты орталықтарына тарайды. Экспирменттер кезінде мидың кеибір аймақтарын қоздырса, жағымды эмоция туып, жануар сол әсердің қайталанғанын қалау сощалтын танытқан. Бұл ми бөлігі рахаттану орталығы аталған . Ал екінші бір ми аймағына әсер түскенде, жануар тынымсызданып қиналған күй көрсеткен, осыданмұндай жүйке жүйесі қиналу орталығы аталған . Осы күнде мидың сол жарым шарында жағымды шарында жайсыз сезімдер өріс алатыны дәлелденіп отыр.
Адамның эмоционалдың өрісіне қуат беруші жүйке – ретикулярлы формация деп аталады. Әртүрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып, ретикулярлы формация оларды өңдеп, бас миының үлкен жарым шараларына жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке ми белсенділігін көтереді не төмендетеді, сыртқы тітіркіндіргіштерге жауап әрекеттерді босаңтатады не іркіп барады.
Адамның сезімдік болмысында екінші синалдық жүйенің маңызы үлкен. Толғаныс тек сыртқы әсерлерден туындап қоймайды, ол үшін сөз бен астың ықпалы күшті. Осыдан, Адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі эмоцмялық күйге түседі. Жоғары, адами сезімдердің – интелектуалды, моральдық эстетикалық – физилогиялық негізі осы екінші сигнал жүйесінде.
Екінші сигналдық жүйенің бірінші сигналдық жүйемен біртұтастық байланысынан Адам өз сезімдері мен олардың қоғамға саклт тысқы көріністерге саналы реттеп отырады.
Басқа тұлғалардың сезімдік кейін олардың мәнері қозғалыс – қимылдарынан, ым – ишарасынан мойын –бас буынынан ж.т.б. айқын тануға болады. Әрбір сезімнің өзіне сай әрекет түрі бар.
Сезім, әрине, біздің тек атымыз ғана емес, сол ойға болған қатынасымызды да білдіретін сөзіміз бен сөйлеу мәнерімізде анық көрінеді. Мұнда дауыс ырғағының да ролі үлкен. Осыдан біз тіпті де түсінбейтін тілде айтылып, жатқанды тыңдай отырып, айтушының қандай күйде екенін қалтқысыз тануымыз мүмкін. Толғаныстардың түрлі мазмұнына орай сөйлеу қарқыны өзгереді сөйлем құрылымы бұзылады.
Сезім әлпеті сол сезімдердің өздері сияқты қоғамдық сипатқа ие. Әрқандай қауымның өзі қабылдап, қалыпқа айналдырған әдептілік, кішпейілділік, тәрбиеләк шектері әртүрлі. Сезімдік әрекет қимылдардың шектен тыс болуын кей адамдар тобы тәрбие кемшіліктері деп біледі, ал екіншісінде – бұл жағдай жалғандықпен ұштастырылады. Адамдардың жиі араласып , қатысуынан сезімдік әреккеттер болды, бір түрлі бірігіп , сан – алуан эмоция рецептерін жеткізудің жалпыланған қорына айналды. Сонымен, сезім білдірудің формалары мен олардың қолданымы нақты қоғамдық қатынастармен анықталып, әлеуметтік бақылау обьектін құрайды.
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кеғйіпке беріледі.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесіэмоцияның танымдық тараны болады да , ал сол мезеттегі Адам кемісі сезімнің субьектив элементін танысады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. субь ект қажеттігі ж/е сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді.
- Қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа айырықга мән қосып оларды қанағаттандыру әрекетінің себеп түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қасиет және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпілісі қажеттікпен үйлесе келсе, іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт –бағдаршы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәкестікке түседі.
Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер деп аталады. Екінші эмоциялық құбылыстар тобына жетекші ниет, яғни басталеған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға жетіскен нәтижелдерген немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуайияларға субекттің қатынасын сипаттайды. Бұндай сезімді толғаныстар жетекші ниеттерге негізқделгендіктен әдейі немесе сыртқы деп аталды. Көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі туындаса егер сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы болумен екінші бір сезім пайда етеді. Яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға сол сәтте де өмірлік маңыздылықа орай мән алады.
Сонымен сезім екі себептен пайда болады, біріншісі, адамның объекткке қатынасын айқындайтын қажеттіліктер, екіншісі адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп оны сынады бейнелеу қабілеті объектив және субъектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы бағы берумен қатар жеке эмоцияналь көзқарасы жеке эмоциональ себептері ашылады.
Сезімдердің өзіндік ерекшеліктері олардың қарама-қарсы сипатынан көрінеді.
Сезімдерге ғана тән аса маңуызды сипат олардың бірегейлене келуі. Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі –олардың денедегі тіршілік әрекеттерімен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өөзгеріске түседі. Қан айналымы демалыс, асқорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері . Сезімдер тарихи -әлеуметтік негізгі ие. Олар әр түрлі халықтарда, әртүрлі кезеңдерде мән-мағынасы мен көрінк формасын ауыстырып отырған. Қоң\ғам дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, тіпті бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін-бірі қайталамайды. Сезім ұдайы қозғалыстан болып тұрақты және ауыспалы элементердің тұтастай бірлігіне құралады. Бұл сезім желісінде бір жағынан бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу -өрбу –шыңына жету сану, екінші жағынан әр түрлі толғаныстар түйдегінен түзілген.
Егер сүйсіну не жек көру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адамөміріндегі маңызына немесе нақты бір ситуация мәніне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің ө
зімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар- дүлей қызбалық формасында көрініс берсе, керісінше , қанағаттану –адамның сабырлы, байсалды күйініш білдіреді.
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып , қалтқалсыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмау байқалады. Қолданған сөздердің бұлыңғыр , көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.